ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 3
1.ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1.Жинақтық зейнетақы қорларының мазмұны, қалыптасуы және нарықтағы ролі 5
1.2. Жинақтаушы зейнетақы қоры.. 16
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ.. 21
2.1 Қазақстанда зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау. 21
2.2. Зейнетақы қорларының қызметіне талдау. 32
ҚОРЫТЫНДЫ.. 37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті . Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.
Қазіргі кезеңде зейнетақы қорларының инвестициялық қызметінен түсетін табыстың төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.
Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.
Әлеуметтік сфераның дамуы экономиканың қызмет етуіне әсер етеді. Осыған орай тұрақты экономикалық дамуына жету үшін Қазақстанға әлеуметтік сфераға инвестиция қажет. Әлеуметтік салаға салынған инвестициялар экономикалық тиімді болып, шығындар көлемі, қаржыландыру көлемі және табыс алу қатынасын оптималды болатынын болжамдайды. Экономикасы әлеуметтік бағытталған дамыған мемлекетті ынталандыру шетел инвестициялардың ағымын көбейтіп, халықаралық қоғамда оның рейтингісін көтереді.
Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік инвестициялық саясат қажет. Оның негізгі міндеттері экономика субъектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеу мен қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік -экономикалық күтімі мен өндірістік, қаржылық инвестициялық ресурстары келістірілетін экономикалық саясат жүргізуіне байланысты
Экономикалық тетік арқылы еліміздің Президентінің «Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай мемлекет экономикалық субъектілерді басқару керек.
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады.
Зейнетақы активтерін орналастыру мәселелерінің күрделігі әсерінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуы үшін мемлекеттік тетікті пайдаланып, инвестициялық белсенділікті реттеу, тақырыптың таңдалуына себеп болып, дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері айқындалды
Жинақтық зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) – бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақмерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі – олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.
Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары - жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің салымдары.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.