ЖЗҚ коммерциялық ұйым болып табылады, сондықтан да максималды пайда алуға ұмтылады. Пайданы өтімді емес қарыз міндеттемелерінің жоғары табысының айырымы мен салымы жоғары өтімді пассивті міндеттемелерінің аз төлемдерінен алады. Зейнетақы қорлары активтері мен пассивтерін қор және олардың қатысушылары арасындағы балама принципі негізінде келістіреді.
Сонымен жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы нарығында салыстырмалы түрде жаңа институционалды инвесторлар болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің қанағаттанарлықсыз әлеуметтік қамсыздандыруына қарсы құрылуына негізделген және оның дамуы корпорациялардың жоғары білікті жұмысшы күшін тарту талабы есебінен өріс алды. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы институты ретінде халықтық ақша қаражаттарын ұлттық экономикаға инвестициялау үшін аккумуляциялау мүмкіндігін береді. Бұл бөлімде зейнетақы қорларының макро-микроэкономикалық қызметтері анықталды.
Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы жүйесінің реформасы нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражаттарын тарту есебінен қалыптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. 20 маусым 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі оның тиянақты жұмысына және ең бастысы-зейнетақы қорларының сақталуын кепілдендіреді.
1999 жылдың басында Үкімет қаулысымен міндетті зейнетақы жарналарын төлеудің тәртібі өзгертілді. Ал аудару тетігі сақталды. Алайда, 10%-дық міндетті зейнетақы жарналары бұрынғыдай жұмыс беруші есебінен төленбей, жұмысшының табысынан ұсталып қалды. Жұмысшы табысынан ұстап қалудың дәл осы тәртібі басында-ақ «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда ойластырылып, бекітілген, өйткені оның зейнетақылық жинақ ақшаларына меншік құқығын дәл осылай бекітуге болады. Сонымен қатар әрбір шарт бойынша салымшының Есеп кітапшасы толтырылады. Тағы бір кепілдіктердің бірі жұмыс беруші жұмысшының келісімінсіз зейнетақы шартын бұза алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қоры-зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерін тарту бойынша қызметті, сондай-ақ ҚР-ның заңдарымен белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі ЖЗҚ) салымшылардың міндетті жарналарын жинауды жүзеге асырады және оларды әртүрлі бағалы қағаздарға айналдырады, осылайша қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады.
ЖЗҚ мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары (МеЖЗҚ)болып бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары- салымшылардан міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізетін,сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары- бұл салымшылардың міндетті және ерікті жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру мен оларды инвестициялау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
2015 жылға дейін еліміздің ЖЗҚ бұрынғыша және толыққанды болып қала береді.
Жоғарыда көрсетілген түрлерінен басқа ашық және корпоративтік ЖЗҚ-н айтуға болады. Ашық ЖЗҚ алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардың зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент те, резидент емес те заңды және жеке тұлғалар жинақтаушы тұлға қатысатын ашық ЖЗҚ-ң құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Дауыс беретін акциялардың 25%-дан астамы жиынтық түрде:
ҚР-ның резиденті емес тұлғаның;
Акцияларының 50%-нан астамы ҚР-ның резиденті емес тұлғаларының меншігінде немесе басқаруында болған ҚР-ның резиденті заңды тұлғаның;
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.