ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, страница 9

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша ең көп салымшылар шоттарының санына ие қорлар: «Сенім» 58,8 %, «Ұлар-Үміт» 18,24 % және «Капитал» 14,38 % Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың көп бөлігіне ие қорлар – «Ұлар-Үміт» және «Қазақстан Халық Банкі». Келесі 4 кестеде  зейнетақы жарналары бойынша өсім көрсетілген.

Қор жинақтарының масштабтары тек елдің көлемінен ғана емес, сондай–ақ олдың қызмет етуінің ұзақтығына да байланысты. Ұзақ мерзімді қорларда қолмақты қаражаттар жинақталады. Ең ескі зейнетақы жүйелері Голландия, Дания мен Швецияда. Ұзақ мерзімде жұмыс істеген халықаралық зейнетақы қорлары жинақтары ірі мөлшердегі көлемге жетті. Европалық комиссия мәліметтері бойынша жоғарыдағы аталған мемлекеттер мен Англияның зейнетақы қорларының жинақтары 1999 жылдың аяғында ЖІӨ мөлшерін ұлғайтып, жүздеген миллиард доллар құрады.

Кесте 4

2016-2017 жылдарда Қазақстанда зейнетақы қорлары салымшылары шоттар санының өсімі

Салымшылар шоттары

2016 ж.,мың теңге

2017ж.,мың теңге

Өсім қарқыны,%

1

2

3

4

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша

253959

216944

0.8

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша

19798

2720

0.0

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналар бойынша

2295

20099

6.1

Қазақстанның қаржылық жүйесі  пост-кеңестік кеңістіктегі ең озық жүйенің бірі ретінде танылады. Мұны халықаралық эксперттер де мойындайды. Еліміздің қаржылық құрылымында зейнетақыны жинақтау қорлары елеулі рөлге ие. Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалау тарихи 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы қабылданған кезден басталады. Содан бергі уақыт ішінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалыптасу кезеңін сәтті аяқтап елеулі табыстарға қол жеткізді, сөйтіп таңдаған даму жолының дұрыстығын дәлелдеді.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикамызда 14 зейнетақы жинақтау қоры қызмет етеді, олардың республика аймақтарында 76 филиалы мен 75 өкілдігі бар

Зейнетақы жинақтау қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды 10 ұйым жүзеге асырады, олардың ішінде 3 зейнетақы жинақтау қорының зейнетақы активтерін өз күшімен басқаруға лицензиясы бар.Олар: «МЗЖҚ»  АҚ, «Қазақстан халық банкі   ЖЗҚ» АҚ және «Қазақстан ТАБ ЖЗҚ» АҚ.

2005 жылы басқа зейнетақы жинақтау қорларына қосылуы жолымен қайта құрылуына байланысты, зейнетақы салымдарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметін іске асыру жніндегі 2 лицензияның әрекеті тоқтатылды («Филип Моррис Қазақстан ҚЖЗҚ» АҚ, «Құрмет» ТҚЖЗҚ» АҚ).

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 2017 жылдың 1 қаңтарында міндетті зейнетақы жарналары бойынша 9 380059-ды құрады. 2005 жыл бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аударып отырған салымшылардың (алушылардың) шоттарының саны 61,5 млрд теңгеге (7,3%) өсті...

2016 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 5828,2 млрд. теңгені құрады. 2016 жыл бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының өсімі 13,9 млрд. теңгені құрады.

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына үлестірілген зейнетақы активтерін (комиссиялық сыйақыны алып тастағанда) инвестициялаудан түскен таза инвестициялық таза табыстың сомасы 2017 жылдың ішінде 6685,3 млрд теңгеге өсті (33,3%) және 2016 жылдың 1 қаңтарына қарай 1751,9 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы жинақтау қорларының 2017 жылдың 1 қаңтарына қараған жағдайы бойынша зейнетақы төлемдері 840,4 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 35,8% -ға артық.

Салымшылардың (алушылардың) бір қордан екінші қорға зейнетақы жинақтарын аударуы 2005 жылы 96,4 млрд теңгені құрады және сақтандыру ұйымдарына зейнетақы аннуитеттің келісім-шартына сәйкес зейнетақы жинақтарының аударымдары 13,0 млн теңгені құрады.