- зейнетақы аударымдарының иесізденуі мен қаражаттарды тиімсіз басқару зейнетақы аударымдарының ұлғаюына кедергі жасады;
- өз кезегінде зейнетақы қаражаттарын тиімсіз басқару артынан қаржылық ысыраптарды тудырды.
Бірінші деңгей.
²Қазақстан Республикасында зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қатар ынтымақтас (солидарный) зейнетақы жүйесі сақталды, сонымен бірге зейнеткерлер алдында ескі зейнетақы жүйесінде жұмыс істеген барлық мемлекеттік міндеттемелер де сақталған. Ынтымақтас зейнетақы жүйесінің міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушіден ұсталатын бірыңғай әлеуметтік салықтың (1%) ішіне кіретін. Ынтымақтас зейнетақы жүйесі ынтымақтас жүйе кезінде стаж жинаған, сондай-ақ жинақтаушы жүйеде жеткілікті зейнетақы жинақтарын жинақтауға мүмкіндігін иеленбеуші қызметкерлер мен зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыруды қарастырады.
Екінші деңгейі.
Зейнетақымен
қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесінде әрбір азамат жеке зейнетақы жинақтарын
еңбекақы түріндегі төлемге жататын табыстың 1
Үшінші деңгей.
²Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңға сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еркін жарналарының есебінен құралатын қосымша зейнетақыны құратын еркін жарналар түсінігі енгізілді.Осылайша әрбір азамат еркін зейнетақы жарналары есебінен өз зейнетақылық жинақтарын көбейтуге мүмкіндігі болады.
Зейнетақылық реформа қаржы нарығының жаңа қатысушыларын әкелді :
- жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ);
- зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын атқарушы ұйымдар
(ЗАИБАҰ);
- банктер-кастодиандар
Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорына көшу бастапқыда халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне сенімінің артуы мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың тиімді келуіне көмектесетін аралық институт құруды ойластырған. Аралық институт ролі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына берілді, оған зейнетақы жинақтарын сақтандырудың мемлекеттік кепілдемелері таратылды және зейнетақы активтерін инвестициялауды арнаулы шектеуші лимиттері белгіленді.
Қазіргі таңда республикамызда зейнетақы жүйесінің ынтымақтас (мемлекеттік) және жинақтаушы (жеке) жүйелерінің құрамынан қалыптасқан аралас түрі қызмет етуде:
-ынтымақтас жүйе қалыптасқан зейнеткерлер мен 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек стажы алты айдан кем емес азаматтарға арналған;
-жинақтаушы жүйе1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жинақтаушы
зейнетақы қорларына жалақының 1
Жұмыс беруші ынтымақтас жүйеге зейнеткерлердің зейнетақысын төлеу шығындарын жабуға бағытталған әлеуметтік салық түрінде еңбекақы қорына үстеме 1% аударып отырған. Зейнетақы жүйесінің екіленуі нәтижесінде бүгінгі күндері зейнетақыға шығатын азаматтар екі қайнар көзден зейнетақымен қамсыздандырылады:
- зейнетақының бірінші бөлігі 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына байланысты ынтымақтас жүйесінен еңбек стажына қатынасты мемлекет жағынан төленеді;
- зейнетақының екінші бөлігі жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы жинақтарынан төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының пайда болуынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің салымшыларының зейнетақылық аударымдарының барлық ақшалай аударуларын дербестендірілген, төлемдерді алушылар бойынша Мемлекеттік орталық арқылы зейнетақыны төлеуді жүзеге асыра бастаған. 1998 жылдың желтоқсанында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық активтері есебінен алғашқы рет қазақстандық акционерлік қоғамдарының акциялары сатып алынды.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.