ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, страница 7

ҚР резиденті емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын ҚР резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған зейнетақы қорлары ҚР-ның резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.

Қазақстан аумағында жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті лицензия негізінде өз қызметін жүзеге асырады. Бұл лицензияны Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі береді және зейнетақы қорлары тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыруға мамандануын кепілдендіреді және мәселен, сауда-саттыққа немесе өндіріске алаңдамайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналар аударылуының толықтығы мен уақыттылығын салық органдары бақылайды. Жарнамалар сомасын аударуды кешіктірген жағдайда әрбір кешіктірген күн үшін ҚР Ұлттық банкі белгілеген 1,2 есе қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мөлшерінде өсімақы есептеліп өндіріп алуға жатады.

Комиссиялық сыйақының шекті шамасын ҚР-ның Үкіметі:

Инвестициялық кірістің 15%-нан;

Айына зейнетақы активтерінің 0,05%- нан аспайтын шекте белгілейді.

Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін.

Зейнетақы қорының қызметі келесідей қағидаттарға негізделеді:

қорларды жеке басқару және салымшылардың қорды ерікті таңдау мүмкіндігі;

қарапайымдылық, сенімділік және ашықтық;

уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қатаң реттеу және қадағалау;

операциялық тиімділік;

олардың зейнетақы жинақтарының көлемі туралы ақпарат беру.

ЖЗҚ өз қызметін жүзеге асыру үрдісінде зейнетақы жарналарын жинауға, өз қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар алуға және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт жасасуға, зейнетақы шарттарының талаптарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. Сондай ақ ЖЗҚ:

алушыларға зейнетақы төлеуге;

жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруды;

алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;

зейнетақы заңдары және зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;

алушының өтініші бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорларынан екіншісіне аударуға;

бір, үш, бес, он күнтізбелік жылда стандартты уақыт аралығында есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;

ҚР заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6582,9 млрд. теңге жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасымен 7989782 болды.  Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін  257654 (3,3%) ұлғайды, жинақталған зейнетақы қаражаты да 397,4 млрд.тг (21,4%) ұлғайды.

2011 жылғы 1 қаңтарда МЗЖ бойынша салымшылар шоттарының ең көп саны бұрынғыша төрт қорда жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі»- 25,7%, «МЖЗҚ»- 22,4%, «Ұлар Үміт» -13,9%, «БТА Қазақстан»-9,7% немесе олардың үлесіне барлық қорлар салымшыларының жалпы санының 71,7%-ы келеді.

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2017жылғы 1 қаңтардағы жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 1,7 млрд.теңгемен 39534 болды. Ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2017 жылы 2528 бірлікке (-6,5%) азайды.

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 102,2 млн.теңгемен 4045 болды. Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны 2017 жылы 31 бірлікке (0,8%) азайды. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша өзгерістер енгізілген жоқ.