Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етудің қазіргі жүйесі 2005 жылы 1 маусымнан бастап әрекет етуші «Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету туралы» Заңында бекітілген /1, 2 б./. Қазіргі кезде республикада зейнетақылық қамтамасыз етудің еңбек және жинақтық жүйелері қатарласып қызмет етуде. Ол бірінші суретте берілген.
Жинақтаушы зейнетақы қорлар-бұл ашық не жабық типтегі акционерлік қоғам формасында құрылған заңды тұлғалар. ²Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру туралы² Заңына сәйкес ЖЗҚ (ННПФ) зейнетақы жүйесінде орталық звено болып табылады /4, 3б./. Олар салымшылармен жұмысты, зейнетақы келісім-шарттарын жасайды, зейнетақы жарналары инвестициялық табыс аударымдарына жеке есеп-шот жүргізеді, сондай-ақ салымшылар алдындағы қордың міндеттемелерін ұйымдастырады. Қор өз қызметі үшін комиссиондық сыйақылар алады, өз салымшылары мен мемлекеттік құрылым алдында есеп береді, халық ішінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, өтініштерін қарастырады, салымшының өлімімен немесе шетелге кетуімен байланысты сұрақтарды шешеді.
МЖЗҚ сатқан жағдайда жұмыс істеуші Заңнаманың өзгеруін талап ететінін ескеру керек.
Сурет 1. Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүргізетін ұйым инвестициялық қоржын құрылымының нормаларын сақтап бағалы қағаздар түрлерін заңнамамен рұқсат берген жинақталған зейнетақы активтерін орналастырумен айналысады. Қазақстанда бұндай ұйымдарға зейнетақы активтерді басқару бойынша Комитет – ЗАИБАҰ жатады
ЗАИБАҰ – бұл жинақтық зейнетақы қорларының активтерін инвестициялауды іске асыратын ұйым болып табылады. Олар заңды тұлға, бағалы қағаздар нарығыының кәсіби қатысушылары болып табылады, инвестициялық портфельдің қалыптасу нормаларын сақтай отырып заңнамамен рұқсат етілген бағалы қағаздарға зейнетақы қорлары активтерін орналастырумен айналысады. Жинақтық зейнетақы қорларымен ЗАИБАҰ ортасында өзара қатынастар қордың активтерін басқару келісім шарты негізінде қалыптасады. Келісім шарт қорытындысы туралы шешімді қабылдау тәртібі жарғыда сипатталады. Зейнетақы қорлары үшін Ұлттық Банктің депозиттері бойынша жеке тұлғаларға проценттік ставка бағыт болып есептеледі. ЗАИБАҰ –дың белгіленген табыстылыққа жету үшін кепіл ретінде оның активтері саналады, ол сенімді басқару келісім шартында айқындалады. ЗАИБАҰ-дың негізгі функциясы - салымшылардың ақшаларын тиімді орналастыру және табыстың максимальды мүмкіндігі деңгейін қамтамасыз ету мақсаттарында ішкі және сыртқы халықаралық қаржылық рыноктардағы жағдайды қадағалау.
Банк–кастодиандар зейнетақы активтерінің сақталуы мен қаражаттар қозғалысының жедел қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді. ЗАИБАҰ–мен келісім–шарт жасаумен қатар зейнетақы қоры банк–кастодианмен келісім–шарт жасауы қажет. Банк–кастодиандардың қызметі зейнетақы активтерін шоғырландыру бойынша барлық операцияларыдың есебін жүргізуде, оларды орналастыруда, инвестициялық табыс алуда, сонымен қатар ЗАИБАҰ қызметі мен оның есепшоттарының жағдайы туралы қорды ақпараттандыруда тұжырымдалады. Банк қаражаттарды мақсатты қолдануда және инвестициялау лимиттерін сақтауда да бақылау жүргізеді / 4, 4 б./.
Зейнетақы қорлары басқа қаржылық ұйымдарға қарағанда қатаң мемлекеттік реттеуге алынған.Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мына үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі:
· ЖЗҚ институционалдық формасын реттеу;
· ЖЗҚ қаржылық шаруашылық қызметін реттеу, сонымен қатар олардың жұмыстарының залалсыз болуын қадағалайды;
· ЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымын реттеу;
ЖЗҚ активтерінің құрылымын қалыптастыру белгілі жағдайға жеткеннен кейін пассивтерінің нақты соммасы төленуіне байланысты. Жарналардың түсуі мен төлемдердің басталуы арасында, сонымен қатар жарналардың түсу мерзімі аяқталуы мен зейнетақы төлеу уақыты аралығында бірнеше жылдар бар. Ол ЖЗҚ-на ұзақ мерзімді және орта мерзімді қаржылық инвестицицялар жасауға мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық және саяси жағдайда инвестициялық ресурстардың кейбір бөлігі қысқа мерзімді салымдарға бағытталады.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.