ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, страница 11

Өткен сегіз жылдың ішінде зейнетақы жүйесі елеулі өзгерістерде бастан кешті: қатысушылар құрамы кеңейе түсті, зейнетақы қорлары ірі қаржылық институттардың категриясында енді, рыноктың барлық мүшелерінің арасындағы бәсекелестік күшейе түсті. Бүгінде қаржылық институттары өздерінің клиенттеріне әр түрлі өнімдер, қызмет көрсетулер ұсынады және осы өнімді (қызмет көрсетулерді) таңдау мүмкіндігі салымшылардың үлкен қызығушылығын тудырады. Әр түрлі қаржылық институттары арасындағы жалпы бәсеке де қаржы нарығының дамыған инфрақұрылымын құруға ықпал етеді.

Зейнетақыны жинақтау жүйесінің келешектегі дамуында жүйе инфрақұрылымында өзгерістер күтіледі, заңдардың өзгеруіне байланысты бірігулер және жойылулар орын алуы мүмкін және де бір жағынан, зейнетақы нарығы ойыншыларының санын азайтуға бағытталған зейнетақы жүйесінің мүшелеріне қойылатын талаптар күшейеді. Сонымен қатар, бұл процестерде инвестициялау құралдарының мәселесі де, пайыздық мөлшерлемелердің құлдырауы да, теңге бағамының әрі қарай нығаюы да өзінің рөлін атқаратын болады.       

Болашақта зейнетақы активтерінің өсу динамикасы өседі, бұл номинальды жалақының өсімімен және зейнетақы жүйесі салымшылар санының жоғарылауымен анықталады. Сондай–ақ мұндай жағдай зейнетақы активтерін орналастыру мәселесін шиеленістіруі мүмкін, бұл оның

Бір салымшыға жинақтың орташа сомасы 53 мың теңгені құрайды. "Филип Моррис Қазақстан" ЖЗҚ темекі компаниясы қызметкерлерінің жоғары табысының күшінен ерекшелік тудыртады..

Алайда жинақтаушы зейнетақы жүйесі дамуының позитивті беталысы зейнетақы аударымдарының міндеттілігімен, сонымен қатар салымшылар санының мен номиналды жалақының өсімімен анықталатынын ескеру керек. Қазақстан зейнетақы жүйесі реформасының қажеттілігі нарықтық экономика мен халықтың әл–ауқатын қамтамасыз етудің негіздерін салуға ұмтылу талаптарымен келісілген еді. Реформаның негізгі ынталандырушысы мемлекеттің халықты зейнетақымен қамсызданыру шығындарындағы өз қатысуын минимизациялауға ұмтылуы. Қазақ реформасының ерекшелігі жинақтаушы жүйенің қосымша ретінде емес, жаңа мемлекеттік зейнетақылық қамсыздандырудың негізгі элементі ретінде болуы .

Қорыта келгенде, Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің анағұрлым өзекті мәселелері келесідей:

-жұмыс істеуші зейнетақы заңнамасындағы жетіспеушіліктер (мысалы, келешек төлемдердің механизмінің белгісіздігі, зейнетақы қорларына қаражаттардың уақытылы аударылуын бақылаудың жоқтығы);

-ұлттық қор нарығының дамуы, яғни экономиканың нақты секторына зейнетақы активтерін салу мүмкіндігінің жоқтығы;

-тұрғылықты тұрғын орнына шетелге кетуімен байланысты "жоғалған клиенттер" мәселесі;

-жұмысшы халықтың жеткіліксіз көлемі,

-ЖЗҚ арасындағы тең емес бәсекелестік. Нақты уақытта барлық салымшылар қорлар арасында "таратылған", ал қорлар өз салымшыларының санын көбейту үшін оларды өз бәсекелестерінен "тартуы" керек. Зейнетақы қоры менеджменті жиі жеке байланыстарын, ірі компаниялардың жетекшілерімен таныстығын қолдану арқылы басшыларымен келісіп, салымшыларды өздеріне олардың келісімінсіз ауыстырып, оларды тек қордың ауысқандығы туралы мәліметтейді. Сондықтан да халықтың едәуір бөлігі жинақтардың мөлшерін емес, ақшаларының қай қорда сақталып жатқандығын да білмейді,

-жұмыс істеуші жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі қағидалары туралы халықтық сауатсыздығы мен ескертілмеуі;

-инвестицияланатын активтер табыстылығының төмен деңгейі