ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, страница 2

Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға  зейнетақы жарналарын  инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге  немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді.Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады.

Зейнетақы қорларындағы пассивті операциялардың негізі корпорациялардың, кәсіпорындардың, сонымен қатар бүкіл түсімдердің 20-30%  құрайтын жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналары болып табылады. Жарна үлесі  түрлі корпорациялар, кәсіпорындар және мемлекеттер бойынша ауытқиды. Корпорация  қуаттырақ әрі байырақ болған сайын, жұмыскерлер мен қызметкерлердің жарналар үлесі аз болады. Зейнетақы қоры капиталының жинақталу ерекшелігі кәсіпкерлердің, жұмыскерлердің, қызметкерлердің ұзақ мерзімге өмірді сақтандыруға кеткен жарналарының сомаларынан құралады.  Зейнетақы  қорлары ұзақмерзімді ақша қаражаттарын иемденеді және оларды үкіметтік, жеке бағалы қағаздарға салады. Зейнетақы қорларының активінің  80% жеке корпорациялардың бағалы қағаздары құрайды. Активтердің  30% астамы жай акцияларға жататындықтан корпорация саясатына зейнетақы  қорлары әсер етеді.  Зейнетақы қорлары  өзінің корпорацияларының активтеріне де ақша қаражаттарын  салады.

Жекеменшік зейнетақы қорларымен қатар мемлекеттік зейнетақы қорлары да бар. Олар орталық үкіметпен және жергілікті басқару органдарымен құралады. Мұндай қорлардың пассивті операцияларының  негізін түрлі үкіметтік деңгейдегі бюджет қаражаттары  және жұмыскерлердің жарналары  құрайды. Активті операциялар мемлекеттік  және корпорациялардың бағалы қағаздарының  салымдарында шоғырланады.    Мемлекеттік зейнетақы қорларының қызметінде ақша қаражаттарын инвестициялау мен  қызметінің формаларын  ұйымдастыруы бойынша айырмашылықтар болады.

Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында  жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады.

Экономикадағы салалардың мәнін ЖІӨ-гі үлесінің  көрсеткіші бойынша мәнін анықтауғы болады. Мысалы, дамыған елдерде ЖІӨ-гі зейнетақы активтерінің үлесі 10% құрайды (кесте 1).

Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.

Зейнетақы қорларының макроэкономикалық қызметіне :

- Олар  инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың  иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т.б.)  нақты емес ақпарат алу  тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер  болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне , басымды бағыттар мен  қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.

- Қаржылық делдалдардың  жекеменшік міндеттемелерін  шығару  экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді.Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы , нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім  кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті  кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға  материалданған инвестициялар  экономикалық өсудің  сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс  көлемінің  сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды 

Кесте 1

Экономикасы дамыған мемлекеттер бірлестігі елдеріндегі зейнетақы қорларындағы активтер  көлемі (1912 жылы)

                                                                                                  млрд.доллар