Сонымен қорыта айтқанда, өткен мерзім бойынша жинақтаушы жүйенің жалпы дамуы сандық көрсеткіштердің өсуінің тұрақты тенденциясымен сипатталады: зейнетақы жинақтары өсуде, бұл салымшылардың санының өсуіне, халықтың жинақтаушы жүйеге сенімділігінің артуына, жұмысшылар санының өсуіне және зейнет жасының біртіндеп өсуіне байланысты. Сонымен қатар, даму кезінде белгілі бір проблемалар туындалғаны айқындалды: әр салымшыға жинақтардың төмен деңгейі, заңнамалық базаның жетілмегендігі, табыстарды жасыру тәжірибесінің жиілігі, зейнетақы активтеріне ерікті аударымдардың дамымағандығы, қорлар арасындағы қиянатшыл бәсекелестіктің проблемасы, жұмысшы халықтың, әсіресе аймақтардағы, жеткіліксіз қамтылуы және т.б.
Қазақстанда 14 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалауды Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі жүргізеді. Жинақтаушы зейнетақы жинақтарын сақтауда ірі қаржы институттарына қатысты жоғары талаптар белгіленген. Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы көлемі 2012 жылдың 1 қаңтарында 1 триллион 208 миллиард 121 миллион теңгені (10 миллиард 49 миллион доллардан астам) құраған. Бұл бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен қаржы көлемі 32,8 пайызға артқанын көрсетеді. Ал есепті мерзімде зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза инвестициялық кіріс мөлшері 339 миллиард 719 миллион теңге болды. Яғни 2008 жылы 32,86 пайызға өсті. Мұндағы мемлекеттік емес құнды қағаздардың 46,32 пайызы қазақстандық эмитенттердің үлесіне тиеді. Бұл айтарлықтай үлкен цифр. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың нәтижесін осыдан-ақ көруге болады.
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентінің мәліметтері бойынша «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданғаннан бастап, 2009 жылдың бірінші қаңтарына дейінгі кезең ішінде міндетті зейнетақы жарналарын салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының - 9 миллион 223712-ні құрады. Тек өткен жылдың өзінде салымшылар қатары 7,96 пайызға көбейді. Ең бастысы, осы жылдар аралығында зейнетақы қорларындағы салымшылар ақшасын инвестициялаудың жақсы механизмі дайындалып, бүгінде олар ірі институционалдық инвесторлар болып табылады.
Дәлірек айтқанда, Қазақстандықтардың - салымшылардың ақшалары түрлі құнды қағаздарды, оның ішінде отандық компаниялардың құнды қағаздарын инвестициялау арқылы қор рыногында белсенді жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, ел экономикасының нақты секторын дамытуға да қатысуда. Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің талдауын келесі 1-кестеден көруге болады.
1Кесте ҚР зейнетақы қорларының қызметін талдау
ЖЗҚ |
Зейнетақы жарналары, % |
Зейнетақы жинақтары, % |
Салымшылар саны |
|
Міндетті түрі бойынша |
Ерікті түрі бойынша |
|||
«Ұлар Үміт» |
16 |
18,13 |
1120559 |
6029 |
«Валют Транзит қоры» |
4,3 |
4,99 |
672734 |
212 |
«Д.Қонаев атындағы ашық ЖЗҚ» |
0,3 |
0,36 |
50487 |
28 |
«Атамекен» ЖЗҚ |
2 |
2,39 |
262087 |
262 |
«МЖЗҚ» |
26,5 |
19,46 |
2302966 |
0 |
«БТА Құрмет-КЗ» ЖЗҚ |
7,2 |
7,32 |
592244 |
203 |
«Халық банкінің» ЖЗҚ |
24 |
25,96 |
1459198 |
570 |
«Қазақ мыс» |
2,5 |
2,48 |
108892 |
52 |
«Нефтгаз-ДЕМ» |
2,5 |
2,53 |
223930 |
897 |
«Сенім»ЖЗҚ |
4 |
4,2 |
200195 |
19885 |
«Қорғау»ЖЗҚ |
1,7 |
1,51 |
120708 |
34 |
«Каспи мұнай газ» |
6,6 |
7,07 |
179398 |
93 |
«Отан»ЖЗҚ |
1,2 |
1,95 |
132350 |
34 |
«Капитал» |
1,2 |
1,65 |
187621 |
4037 |
Барлығы |
100 |
100 |
761339 |
32336 |
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.