ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, страница 10

Деректерден көрінетіндей, 2005 жылғы зейнетақыны жинақтау жүйесі үшін айтарлықтай күрделі болып өтті.

Дамуындағы анық алға басуға және қорларға, жалпы алып қарағанда, 2003-2004 жылдардағы кризистен сәтті өтуіне мүмкіндік тудырған бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануына қарамастан, қорлардың жалпы жүйе бойынша табыстылығы да айтарлықтай төмен болды  

Бірінші кезектегі бұл нарықта табыстылығы барабар қаржылық құралдардың жетіспеушілігіне байланысты болды. Бір жағынан заңдардың қатты құрсауымен, ал екінші жағынан салымшыларға олардың жинақтарын сақтау және көбейту жөніндегі моральдік міндеттемелерін шектелген зейнетақы қорлары жаңа даму жолдарын іздестіруге мәжбүр болады. Нарықтың тербелістеріне дер кезінде жауап табу, жағдайды үнемі талдау және алдын ала білу, басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы икемділік барлық алға қойылатын міндеттердің сәтті шешімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың біріне айналады.

ЖЗҚ алдында тұрған мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Бірінші кезекте бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 24 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген Зейнетақыны жинақтау жүйесін 2005-2007 жж. дамыту бағдарламасы болды, және оның басты мақсаты ретінде: «Қазақстанның зейнетақыны жинақтау жүйесін одан әрі дамыту, салымшылар мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың көзі ретінде зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру» болды. Осы бағдарлманы іске асыру мақсатымен өткен жылы ЖЗҚ қызметін бірқатар заңнамалық актілері қабылданды:

-  Зейнетақы жинақтау қорларына пруденциалдық нормативтер туралы Ережелерге зейнетақыны жинақтау қорының зейнетақы активтері бойынша каленьдарлық жылдың аяғына қарай номиналдық табыстылығының көрсеткіші белгіленген барынша төмен табыстылық мәнінен аз мөлшерді құраған кезіндегі жағдайда теріс айырманың орнын толтыру тәртібін белгілеуге бағытталған түзетулер енгізілді..

-  ЖЗҚ-ның ай сайынғы инвестициялық табыстары (шығындары), ай сайынғы жарналары және комиссиялық сыйақы сомалары туралы жыл сайынғы міндетті мәліметінің форматын кеңейтуге бағытталған «Міндетті, ерікті және ерікті-кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақыны қамтамасыз ету жөніндегі типтік келісімдерді бекіту және зейнетақыны қамтамасыз ету жөніндегі типтік келісімдерді бекіту және зейнетақы активтерінің инветсициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның жинақтау қорының акционерлері жөніндегі ақпарат көлемін анықтау туралы» қаулыға қосымшалар енгізілді;

-  лицензияларды берудің шарттарын және тәртібін белгілеу мақсатындағы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті лицензиялаудың, сондай-ақ зейнетақы жинақтау қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға және оның қауіпсіз қызметін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың, тәуекелдіктерді басқару жүйесін қалыптастырудың Ережелері әзірленген және бекітілген;

-  зейнетақы активтерін өз күшімен басқаратын ЗАИБАҰ және ЖЗҚ-ларды ынталандыру, ұзақ мерзімді құнды қағаздарды 2005 жылдың наурызында сатып алу мақсатымен қаржылық құралдарды есептеу әдісінің өзгеруін және ЖЗҚ зейнетақы активтерінің қоржынындағы  бойынша табыстарды мойындауды қарастыратын зейнетақы жинақтау қорларының инвестициялық қоржындарында орналасқан қаржылық құралдарды бағалау Ережелерін бекіту туралы қаулы қабылданды .

Бұл Ережелер зейнетақы активтерін инвестициялауды жүзеге асыру рұқсат етілген қаржылық құралдар бойынша сақтандыру (хеджирлеу) операцияларының жүзеге асырылуы өтетін тәртіптің белгіленуін, хеджирлеу (сақтандыру) құралдарының тізімін және оларды пайдалану шегін қарастырады. Сондай-ақ бұл Ережелерде зейнетақы активтерін инвестициялауға арналатын қаржылық құралдардың тізімін кеңейту жағы қарастырылған, МБҚ (Мемлекеттік бағалы қағаздар) бойынша лимиттер төмендетілген. Сонымен қатар, шетелдік мемлекеттен тыс құнды қағаздардың рейтингтік бағалануы жөнінде зейнетақы активтерінің есебінен эмитенттері рейтингке ие акциялары сатып алынуы мүмкін деген жағдай қарастырылған. Инвестициялық қорлардың пайдаларын рейтингтік бағалаулар жөнінде Standard (Poor,s агенттігінің тиісті рейтингтік шкалалары бойынша рейтингтік бағалаудың шектік мәндері белгіленген («ВВВ т»-нан, немесе «ВВВ f»-тан төмен емес).