Аудандық реттеу пунктінде мынадай объектілерден ақпарат келіп түседі: а) топтық өлшеуіш құралдардан — скважинадағы сұйықтық, мұнай мен газдың шығымы, өлшегіш айырғыштың қысымының көтеріліп кетпеуін бақылау туралы; б) айырғыш қондырғылардан — апат дабылы туралы, топталган қондырғылардың жалпы өнімділігі туралы; в) компрессор станцияларынан — жұмсалған газдың шығыны және станция жұмысының бұзылуы туралы; г)мұнай дайындау кондырғыларынан — қорытынды дабыл туралы; д) мұнай станцияларына — мұнай шығыны және қорытынды дабыл туралы;е)шоғырлама сорап станцияларынан — жер қабатына жіберілген су мөлшері және апат дабылы туралы; ж) тауарлық мұнайды өткізу қондырғыларынан — тауарлық мұнайдың шығыны туралы және конденсациясына жетпеген мұнайды қайта өңдеуге жіберу туралы дабыл.
3) Өндірістік ғимараттар мен қондырғылар мынадай жергілікті автоматика, бақылау және қорғау құралдарымен жабдықталған: а) топтық өлшеуіш құралдар — жергілікті бағларлама бойынша өлшегенде скважиналарды автоматты түрде қосуды алмастыратын, сияқты, газды және таза мұнайды өлшейтін, скважина өнімділігін бақылайтын, апат режимінен автоматты түрде қорғайтын құралдар; б) бірінші сатыда айыратын айыру қондырғылары — кысым мен деңгейді жергілікті реттейтін; в) су станциялары — апат режимінде резервтегі сораптарды іске қосу үшін; г) мұнай сорап станциялары — апат режимінде сораптарды коргайтьш; л) компрессорлы станциялар — режим параметрлерін реттеу және жергілікті бакылауда, апат режимінен қоргауда.
Автоматтанлырылған мұнай өндіру өнеркәсібнде аяқталған технологиялық циклі бар аландарда аудандық реттеу пункті, бірнеше аудандық реттеу пунктерінін жүмысын баскаратын өншрістің орта-лык реттеу пункті қарастырылған.
Аудандық реттеу пункті мен кейінгі сатыдағы басқару арасында байланыс телефон, телетайп, немесе радиоканалдар арқылы жүргізіледі.
Мұнай өндіру өнеркәсіптерін телемеханикаландыру үшін мына сияқты күрал-жабдықтар сериялы түрде шыгарылады: ауа желісі арқылы телефон байланысына кажет ПАТ «Нефтяник» деген аспап, телемеханикалық ақпаратты жеткізу үшін өдірісті электірмен қамтамасыз етуде колданылатын «Кентавр» деген аспап.
Осы бөлімді қарастырған кезде технологиялық процестің физика-химиялық сипаттамалары мен оның технологиялық процесіне көп көңіл бөлінді.[9]
Сонымен қатар технологиялық процестер жүретін қондырғылар туралы мәліметтерді де шет қалдырмады.
Мұнайдың құрамындағы газдардан тазарту үшін мұнайды физикалық тұрақтандыру процесі қолданылады.
Мұнайдың құрамындағы қаныққан булардың қысымы өте жоғары болғандықтан оның құрамындағы газдар сыртқы ортаның температурасынды бөлініп шығып, өзімен бірге бензиннің құрамындағы құнды фракцияларын ала кетеді.
Төмендегі кестеде жеңіл көмір текті сутегінің температурасы мен қысымы келтірілген.
Мұнай өндіру орындарында мұнайды тұрақтандыру қондырғысы жұмыс істейді. Мұнайды тұрақтандыру үшін бір колонналы қодырғылыр қолданылады. Ал екі колонналы қондырғылыр болса, бір колоннасында мұнай тұрақтандырылады да екіншісінде – газды бензин тұрақтандырылады. Соңғысы құрамында 1,5 % (масс.) жоғары ерітілінген газдары бар мұнайларға қолданылады.
1.1 суретте екі колонналы мұнайды тұрақтандырылатын қодырғының схемасы келтірілген. Шикізат мұнайы ЭЛОУ резервуарларынан 5 нассостың көмегімен, жылу алмасу қондырғысы 6, бу қыздырғыш 7 арқылы 60°С температурада 2 бірінші тұрақтандыру колоннасының жоғарғы тарелкаларына тасымалданады.
Колоннадағы артық қысым 0,2 - 0,4 МПа аралығында. Бұл қысым бензиннің буы сулы конденсатор – мұздатқышта 8 тез конденсациялануына жағдай жасайды.
Мұнай бір тарелкадан екінші тарелкаға төмен қарай аққанда қызуы жоғары булармен араласуының нәтижесінде жеңіл фракцияларынан ажыратылады. Колоннаның төменгі бөлігіндегі температура 130—150 °С шамасында. Бұл температура түтікті пештің 1 бойымен 3 насостың көмегімен тасымалданатын тұрақты мұнайдың көмегімен орнатылады.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.