Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау, страница 8

МДҚ-да судан жәие тұздан тазаланған мұнайды толық бекітілген резервуарларға, ал одан кейін 6 сораптармен -мұнайдың сапасымен мөлшерін бағалайтын, автоматизацияланған 23 "Рубин" қондыргысына береді. Мұнайды "Рубин" қондырғысынан 24 тауар резервуарларына береді, олардан сораптармен мұнайды магистралды мүнай құбырына, мұнайды өңдеу зауыттарына тасымалдайтын, жібереді. Бгер "Рубин" қондырғысында мұнай сапасы стандартқа сәйкес келмесе, онда оны МДҚ қайта жөнелтеді. Толық бекіту көмегімен мұнайдың жеңіл фракцияларының жоғалуын болдырмайды, мұнайды тасымалдаудың кен орнының барлық аумағы бойынша төтел аузындағы қысым есебінен мүмкіндік жасалады.

Мұнайды тұрақтандыру. Жер қойнауынан шығатын мұнай құрамында С14 жеңіл көмірсутектерінің мөлшері едәуір көп болады. Осы көмірсутектердіц көп бөлігі мұнайды сақтағанда және тасымалдағанда жогалуы мүмкін. Газдардың, сонымен бірге жеңіл бензин фракцияларының жоғалуын болдырмау, қоршаған ортаны ластамау үшіп, мүнайдан мүмкіндігі болғанша, оны мұнай өндеу зауытына жіберу алдында С14 көмірсутектерді бөліп алу қажет. Мұнайдан жеңіл көмірсутектерді және мұнай фракңияларын бөлу процесін тұрақтандыру деп атайды.

Тиянақты жагдайға және алынатын өнімдерге қойылатын талапқа байланысты мұнайды тұрақтандыруды сеперация және ректификация процестерін қолданып жүргізеді. Сеперация дегеніміз жеңіл фракцияларды төмеңгі қысымда бір және бірнеше буландырумен алу процесі сеперацияның жеке өлшеу қондырғыларында, сыға түсуші сорап стансаларында іске асатыны туындайды. Сеперацияны қолданумен тұрақтандырған мұнайда 1,5-2,0% дейін С14 көмірсутектері қалады. Жеңіл көмірсутектерді терең бөлу үшін мұнайды арнайы тұрақтандыру қондырғысына, құрамында ректификациялаушы колоннасы бар; бағыттайды. Бұл қондырғылардың өнімдері болып: а) түрақтанған мұнай; 5) газ конденсаты, орталық газфракциялаушы қондырғыға (ОГФҚ) берілетін саналады. ОГФҚ өте ірі мұнай-химия комбинаттар құрамына кіреді және бірнеше түрақтандыру қондырғыларының газ конденсаттарын жеке көмірсутектеріне бөлуге арналған.

Өте ірі мұнай кен орындарында мүнайды комплексті дайындау, судан және тұздан тазарту және мұнайды түрақтандыру процестері құрамына кіретін қондырғылары жұмыс істейді.

 1.5 Мұнай өнеркәсібінің комплексті автоматизациялаудағы дамудың негізгі бағыттары

Жаңа кәсіпорындарды жобалағанда немесс салғанда және істегі тұрған кәсіпорындарын қайта құрғанда телемеханика және автоматика саласында мына сияқты негізгі ережелер басшылыққа алынады:

1) Бүкіл мұнай , газ және айдайтын скважиналар телемеханика объектісіне жатпайды. Оларда жергілікті автоматиканың аз деген құралдары қолданылады: апат режимін тоқтату үшін бақылау мен реттеуде, нормалды жағдайларды қалпына келтіру үшін іске қосуда, буфердегі және сүйық шығаратын желістегі кысымды бақылауда, айдаушы скважиналарға жіберілетін судың мөлшерін бакылауда, т. б.

Сирск пайдаланылатын сважиналар жергілікті құрылым беретін бағдарлама бойынша істейді.

Фонтанды скважиналар қысымының шұғыл жоғары немесе шұғыл төмен өзгерісі кезінде сұйық шығаратын желісті жауып тастайтын бөлгіштермсн жабдықталған.

Тербегіш-станокты скважиналар штанг үзіліп кегкенде оны автоматты түрде реттеу және автоматты түрде іске қосу құралдарымен жабдықталган.                   

Барлық автоматтар скважинаны басқару блогінде құрастырылған. Батпалы электр сорабы бар скважиналар қозғауыш-кабель айыру кедергісін жергілікті бақылайтын аспаппен және автоматты түрде  өздігінен іске қосу құралымен жабдықталған. Аталған аспаптар жаңа басқару станцияларымсн ЭЦТН бір комплектіде жіберіледі.

2) Телемеханика және кашыктан баскару, бақылау құралдарымен мына сияқты негізгі өңдіріс объектілері жабдықталған: топтық өлшеуіш қондырғылар; айырғыш қондырғылар; компрессорлык қондырғылар; мұнай даиындау қондырғылары; мұнай сорап станциялары (сулық); алаңдар орналасқан электроподстанциялары.