Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау, страница 13

Насостардан шығатын (№3,4,5,11,20) шикі мұнайдың, тұрақты мұнайдың, конденсат-көміртегінің және сұйықтандырылған газдардың қысымдарын өлшеу үшін SIMENS фирмасының SITRANS P қысым өлшеу құралын ұсынамыз. (поз. 14,15,16,18,19,20а,б)

Сипаттамасы:

·  шығу сигналы – 4-20мА

·  дәлдігі - ±0,2%;

·  өлшеу шегі – 0,1 – 40 МПа;

·  қолданылатын жерлері – сұйықтар мен газдарға.

Сурет 4.3.  SIMENS фирмасының қысым өлшейтін сезгіш элементі

SITRANS P

Калоннадағы (№2) бензиннің сулы буының қысымын өлшеу үшін ПГ Метран фирмасының МЕТРАН -100 ДИВ. қысым өлшеу құралын ұсынамыз. (поз.17а,б).

Сипаттамасы:

·  шығу сигналы – 4-20мА

·  дәлдігі - ±0,25%;

·  өлшеу шегі – 5 – 500 кПа;

·  қолданылатын жерлері – сұйықтар мен газдарға.

 Сурет 4.4.  ПГ Метран (Россия) фирмасының қысым өлшейтін сезгіш элементі

4.3 Шығынды өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау

Аппараттардан шығатын судың, будың, мұнайдың, газ бен будың қоспасының, конденсат-көміртегінің және сұйықтандырылған газдардың шығынын өлшеу үшін Siemens фирмасының SITRANS FUS шығын өлшеу құралын ұсынамыз. Ол жиілігі жоғары, ұзындығы қысқа болғандықтан әсіре дыбыстарды бір бағытта шоғырландыра таратуға болады. Әсіре дыбыстың осы қасиеті сұйықтардың шығынын өлшеуде кеңінен қолданады. (поз. 21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35а,б)

Сипаттамасы:

·  сандық көрсету тетігі бар;

·  шығу сигналы 4...20мА;

·  дәлдігі ±0,5%;

·  өлшеу шегі  0,03 -300м3/сағ

·  қолданатын жерлері – сұйықтар мен газдарға.

 Сурет 4.5.  SIMENS фирмасының шығын өлшейтін сезгіш элементі

Sitrans FUS  ыңғайлы, жарылыстан сақтандырылған IP65 (NEMA7) сезгіш элементтерінің шығын өлшейтін құралының мүмкіншілігі 0,03-300м3/сағ. аралығында жатыр.Шығынды +-0,5% дәлдікпен өлшейді. Бұл сезгіш элементтерден шығатын электр сигналдарының мәндері де стандартты 4-20мА.

4.4 Деңгейді  өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау

Газ конденсат пен газдың ауыр бөлігінің деңгейін өлшеу үшін  Метран фирмасының  Rosemount 5400 радарлы деңгей өлшегішін ұсынамыз. (поз. 36,37а,б).

Сипаттамасы:

·  шығу сигналы – 4-20мА;

·  өлшеу дәлдігі -0,5%;

·  өлшеу шегі – 0,4- 35м;

·  қолданылатын жері – мұнай өнімдері, резервуар, сұйықтар.

 Сурет 4.6.  ПГ Метран (Россия) фирмасының деңгей өлшейтін сезгіш элементі

4.5  Қалқанда орналасатын өлшеу құралын таңдау

Siemens  фирмасының SIREC DS  сандық өлшеу құралы 6 аналогты сигналдар мен 2  екілік сигналдарды бақылай алады. Мұндай өлшеу құралдарын фармацевтикалық, химиялық өндірістерінде, энергетика салсында қолдануға өте қолайлы. Шығу сигналы – 4-20мА, дәлдігі 0.5%. Кіру нүктесінің саны – 6 (поз.1в-37в)

Сурет 4.7. Siemens фирмасының SIREC DS сандық өлшеу құралы

4.6  Контроллерді таңдау.

АҚШ-тың Honeywell фирмасының UDC 6300  контроллері.

UDC 6300  контроллері ол өзінің жоғары технологиясы және жоғары дәрежедегі сапасымен, қарапайымдылығымен, беріктілігімен, құны төмен екенділігімен ерекшеленеді. Ол әртүрлі аймақтарда белгілі мақсаттарда пайдаланылады және қажетті және маңызды мәліметтерді тез көрсетеді.

·  Кіру тетігі 2-мВ, мА;

·  Шығу тетігі 2-мВ,мА;

·  Дәлдігі ±0,5%.

UPC 6300 автономды технологиялық контроллерді басқа контроллер арасында ең жоғарғы орынды алады. Қондырғы үнемді және қайталанбас функционалды мүмкіншілігі бар және пайдалануға сапалы эффектісімен және қарапйым интерфейісті операторлы болып ерекшеленеді.

UPC 6300 үздіксіз өндірістердің талаптарын қанағаттандырады. Мысалы: көмірсутек, электроэнергия, металдар, жіңішке огрсинтезді химиялық өнімдер, тұтынатын тауарлар.

 


Сурет 4.8. Honeywell фирмасының UDC 6300  контроллері

RS485 ASCII коммуникациялы байланысы UPC 6300 контроллерді дербес комьпютерді WindowsTM, Lesderline PC Software базасына Honeywell бағдарламасының дербес комьпютерлерін қолдан басқаруға мүмкіншілік береді.

5  Автоматты бақылау жүйесін құрастыру