Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау, страница 2

Өлшенетін шама - өлшеу үшін таңдап алынған физикалық шама.

Сезгіш элемент – технологиялық параметрдің мәнін  өлшейді.

Электр тоғы дегеніміз – электр зарядын тасымалдаушы электрондардың бір  бағытты қозғалысы.

Белгілер мен қысқартулар

МӨЗ     -       мұнай өңдеу зауыты.

ШТ       -       шартты тұтқырлық.

ТИ        -       тұтқырлық индексі.

АҚ        -      атмосфералы құбырлы.

АВҚ     -      атмосфералы-вакуумды құбырлы.

БТ         -      бутан техникалық.

МДҚ     -      мұнайды дайындау қондырғысы.

ГӨЗ       -      газ өңдеу зауыты.

ЖӨҚ     -      жеке өлшеу қондырғысы.

ОГФҚ   -      орталық газфракциялаушы қондырғы.

P           -        қысымы.

F           -       шығын.

T           -       температура.

L            -       деңгей.

ВА        -        вакуумдік айдау.

ЖКО     -      жоғары категориялы отындар.

tr           -         уақыты.

Vr               -             көлемі.

Кіріспе

Курстық жобаның мақсаты технологиялық процестерді бақылау мен басқару құралдарына сүйене отырып автоматтандыру жүйесін құрастырғанда, жетілдіру және толықтыру. 

Технологиялық процестерді басқару мен бақылау үшін сезгіш элементтерден келіп түсетін сигналдарды дер кезінде керекті басқару құралдарына жеткізу керек. Сол үшін технологиялық параметрлерді қабылдайтын сезгіш элементтерді дұрыс таңдап, сол процестерді басқаруға керекті деп таңдап алынған контроллерлерге жеткізу курстық жобаның негізгі мақсаты. Технологиялық процестерді толық жетілдіре түсу және оны басқару өндірістік объектілердің тиімділігін арттыра түседі. Сонымен қатар, автоматты түрде өндірісті басқару үшін электронды есептеу машинасының алатын орыны бөлек. Микро-электронды есептеу машинасының көмегімен объектіде болып жатқан шексіз мәліметтерді өңдей отырып, технологиялық процестерді ең жаксы, үйлесімді жүйеге келтіруге болады. Бірақ мұны іс жүзіне асыру көптеген жағдайларға байланысты болып келеді. Мысалы, объектіден келіп түсетін мәліметтерге, сезгіш элементтердің дәлдігіне, өлшеу құралдарының күйіне сонымен қатар, объектіде болып жатқан құбылыстар туралы белгі беретін кұралдарға байланысты болады.

Технологиялық процестерді автоматты түрде реттегіш жүйенің  негізі сол процестерді атоматты түрде бақылау болып табылады. Яғни, технологиялық процестерді бақылау үшін, процестердің қайсыбір қасиетін сипаттайтын шаманы (параметрін) өлшеу қажет. Өлшеу үшін арнайы өлшеу құралдарының құрылыстары бір-біріне ұқсамайтын әрқилы болуы да мүмкін.

Өлшеу кұралдарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлерді өлшеу және өлшеу құралдарының, сезгіш элементтердің схемалары қарастырылған. Сонымен қатар, шет елдердің өлшеу құралдарына да көңіл бөлінген. Атап айтатын босақ  Хонневелл, Сименс,Метран,  фирмаларының  өлшеу құралдарының өзгешіліктері мен артықшылықтарана, олардың технологиялық процестер мен өндірістерді басқарудағы алатын орындарына қарай салыстыра отырып таңдау.

1 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау

1.1  Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі физика-химиялық қасиеттері

Мұнай - сұйық каустобиолеттср катарына жататын табиғи ішкі зат. Мұнай _ ашық сары, жасыл және қоңыр қошқыл. кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгіп сауле жарығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі құрамындағы элементтерге байланысты. Кей жағдайларда түсі ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы: Әзірбайжан мемлекеттеріндегі [8] Сурахаиа кен орнынан ақтүсті мұнай өндіріліп келеді. Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталығында пайда болған, басқаша айтқанда мұнай тектерінің езгерістсрге ұшырауынан пайда болған органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу (миграция) арқылы шоғырланып жиылған табиғи концентрат болып саналады.

Мұнайды өңдеудің әдістерінің және тауарлы мұнай өнімдерінің, шаруашылықтың әртүрлі саласында пайдалануының негізін физика-химиялық процестер құрайды. Осы процестерді басқару үшін мұнай фракцияларының, олардың құрамына кіретін көмірсутектерінің және басқа шикі заттағы органикалық қосылыстардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерін терең білу қажет.