Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау, страница 3

Тығыздық. Мұнай мен мұнай өнімдерін сипаттауға абсолюттікті де, салыстырмалы тығыздықты да пайдаланады. Іс жүзінде негізінен салыстырмалы тығыздықты анықтайды, ол өлшемсіз, бірдей көлемдегі мұнай өнімінің массасының су массасына 40С қатынасына тең. МССТ-да мұнай өнімдерінде 200С өлшенген тығыздық көрсетіледі және ол    деп белгіленеді. Кейбір елдерде тығыздықты анықтауға стандартты температура есебінде мұнайға да, суға да 150С алынады да   деп  белгіленеді.

Тығыздыққа кері мәнді – сыбағалы көлемді мұнай мен мұнай өнімдерінің резервуарлардағы мөлшерін өлшеу үшін көп қолданады. Сыбағалы көлемді см3/г және м3/т өлшейді. Тығыздықты анықтаудың стандарты есебінде пикнометрлік және ареометрлік әдістері (МССТ 3900-85) қолданылады.

Мұнай өнімдерінің қайнау аралық температурасының өсуімен олардың тығыздығы көбейеді. Температураның өсуімен мұнай өнімдерінің тығыздығы кемиді де, ал сыбағалы көлемі өседі. Көптеген мұнай өнімдеріне (әсіресе парафині аздарға) тығыздықтың температураға байланыстылығы тура сызықты заңдылықпен өзгереді, Д.И.Менделеевтің тапқан формуласына сәйкес төмендегідей:

                                               (1.1)

мұнда   - мұнай өнімінің берілген температурадағы салыстырмалы тығыздығы;  - стандартты температурадағы (200С) мұнай өнімдерінің салыстырмалы тығыздығы;  - температураның бір градусқа өзгергендегі тығыздықтың өзгеруіне енгізілетін түзету.

Тұтқырлық. Мұнай және мұнай өнімдерініңтұтқырлығы немесе ішкі үйкелісі химиялық және фракциялық құрамға байланысты. Кинематикалық және динамикалық тұтқырлық болады. Кинематикалық тұтқырлықты динамикалық тұтқырлықтың, сұйықтың тығыздығына қатынасы есебінде, бірдей температурада анықтайды, өлшемі м2/с.

Шартты тұтқырлық (ШТ) деп 200см3 сынаушы мұнай өнімінің вискозиметрден сынау температурасында ағу уақытының 200С 200см3 дистилляицияланған судың ағу уақытына қатынасын айтады. ШТ – салыстырмалы көрсеткіш (сондықтан да өлшемсіз) және шартты градуспен (0ШТ) беріледі. Шартты тұтқырлық тағы да Сейболт және Редвуд секунттарымен де беріледі (Сейболт және Редвуд вискозиметрлерінде өлшенеді). Шартты тұтқырлықты көбінесе тұтқыр ауыр мұнай өнімдеріне анықтайды.

Тұтқырлыұты температураға байланысты берілген мұнай өнімінің қисық сызықты болып келеді. Осы байланысты көрсететін әртүрлі эмпирикалық теңдеулер белгілі. Ең көп тараған Вальтер формуласы:

lglg(vt-a)=A-BlgT                        (1.2)

мұнда а=0,6; А және В – тұрақтылар.

Тұтқырлық индексі – мұнай өнімдерінің кинематикалық тұтқырлығының 50 және 1000С қатынасы. Тұтқырлық индексі мұнай майларының пайдалану қасиеттерін сипаттайды. Егер температураның өзгеруімен майлаушы майлардың тұтқырлығы аз өзгерсе, онда оның тұтқырлық индексі жоғары және соғырлым оның сапасы жақсы болады. Тұтқырлық индексі мұнай өнімдерінің топтық көмірсутек құрамына  және көмірсутектердің құрылымына байланысты. Ең көп тұтқырлық индексі парафинді көмірсутектеріне, ең аз – қысқа тізбекті көп сақиналы ароматикалық көмірсутектерге тән.

Молекулалық масса. Молекулалық масса - мұнай мен мұнай өнімдерінің өте маңызды сипаттамасы. Бұл көрсеткіш мұнай фракциясының заттарының «орта» молекулалық массасының мәнін көрсетеді және мұнай өнімдерінің құрамы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Оны мұнай өңдеу аппараттарын есептеуге қолданады. Молекулалық масса өнімдердің қайнау температурасына байланысты және молекулалық рефракцияны, парохорды (мұнай фракцияларының химиялық құрамын сипаттайтын эмпирикалық байланыс) анықтауда пайдаланады. Мұнайдың бірінші сұйық көмірсутегі пентанның молекулалық массасы 72-ге тең. Ал мұнайдың шайыр заттарының молекулалық массасы 1500-2000 жетеді. Көп мұнайдың орта молекулалық массасы 250-300 аралығында болады. Мұнай фракцияларының аралық қайнау температурасы өскен сайын, олардың молекулалық массасы (Морт) 90-нан (50-100 ºС фракцияларға) 480 дейін (550-600 ºС фракцияларына) өседі.