Мұнай өнімдерінің молекулалық массасын анықтауды, жеке заттардыкі сияқты, әр түрлі әдістермен жүргізеді, бұл олардың қасиетінің әртүрлілігін көрсетеді. Бір өнімнің молекулалық массасын анықтау тәсілі екінші өнімнің осы көрсеткішін анықтауға жарамайтыны жиі кездеседі. Аналитикалық тәжірибеде криоскопия, эбулиоскопия және сирегірек осмотикалық әдістер қолданылады.
Мұнайдың электр тогын өткізу қасиеті. Сусыз мұнай және мұнай өнімдері диэлектрлі қасиет көрсетеді, яғни электр тогын өткізбейді. Мұнай өнімдерінің салыстырмалы диэлектрикалық тұрақтысының Е мәні 2 шамасында, бұл шыны (Е=7), фарфор (Е=5-7), мрамор (Е=8-9) сияқты изоляторларға қарағанда 3-4 есе кем. Сусыз таза мұнай өнімдерінің электр тогын өткізгіштігі өте төмен. Мысалы, қатты парафиндер электротехникалық өндірісте изолятор есебінде қолданылады, ал арнайы мұнай майлары (трансформатор, конденсатор) – электро- және радио өндірістерінде трансформаторларға, конденсаторларға және басқа аппараттарға құюға пайдаланады. С-220 маркалы жоғары вольтті изоляцияға арналған майды жоғары қысымды кабельдерде толтыру үшін пайдаланады. Барлық жоғарыда келтірілген жағдайда, мұнай майлары ішінара жылуды бөліп жіберу мақсатында пайдаланады.
Мұнай өнімдерінің жоғарғы диэлектрикалық қасиеті олардың бетінде статикалық электр тогының зарядтарының жиналуына көмектеседі. Олардың разряды ұшқын шығаруы, ал сондықтан мұнай өнімдерінің жануы, осының нәтижесінде, өрт және қопарылыс болуы мүмкін. Статикалық электр тогының түзілуі әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Мысалы, мұнай өнімдерін мұржамен айдағанда үйкелістен немесе сұйық ағынның мұржаның қабырғасына соғылуының нәтижесінде, кейбір кездерде өте жоғарғы кернеулі заряд пайда болады. Мұндай статикалық электр тогының жиналуымен күрестің ең тиімді әдісі аппараттардың, тораптардың, мұржа бойындағы барлық металл бөлшектерін жерге жалғастыру болып саналады.
Мұнайды өңдеу қондырғыларында көп қолданылатын аппараттар мен құрал-жабдықтар қатарына ректификациялау калонналары, құбырлы пештер, жылу алмастырғыштар мен әртүрлі сыйымдылық аппараттар жатады.
Ректификациялау калонналары. Мұнай өңдеу зауыттарында қолданылып жүрген ректификациялау калонналар технологиялық міндетіне, қысымына, бу мен сұйық арасындағы жанасуды іске асыру тәсіліне, қоспа өнімдерді бөлгенде алынған заттардың санына байланысты жіктеледі. Ректификациялау аппараттары атқаратын міндетіне байланысты мұнайды атмосферада айдау калоннасына, бензинсіздендіру, мазутты вакуумда айдау, тұрақтандырушы және т.б. бөлінеді. Қысымға байланысты – қысымда істейтұғын атмосфералы, вакуумды болып бөлінеді. Жанасуды іске асыру тәсіліне байланысты табақшалы және отырғышты болып бөлінеді. Көпшілік технологиялық қондырғыларда мұнайды өңдеуде тек табақшалы калонналар қолданылады.
Ректификациялау табақшаларының әртүрлілері болады – қақпақта, қақпақсыз, бағытталған – ағушы және т.б. Табақша деген металдан жасалған, бойында көптеген, булардың өтуіне жасалған тесіктері бар диск. Тесіктер бойында белгілі биіктікте бортиктер-стакандар орналасады. Олардың әсерімен табақшада белгілі сұйық қабаты ұсталып тұрады. Стакандар жоғары жағынан қақпақпен жабылады. Стаканның жоғарғы белдеуі мен қақпақтың арасында төменгі табақшалардан түсетін буларды өткізу үшін саңылау болады. Жұмыс кезінде қақпақтар сұйық қабатына батып тұрады да, осының әсерінен гидравликалық кедергі түзіледі. Бу сұйықтық арқылы барботаждан өтеді.
Табақшалардағы сұйықтық деңгейі құйылушы қалқамен реттеледі. Оның төменгі бөлігі келесі табақшаға дейін жетеді. Артық сұйықтық құйылушы қалқамен төмен орналасқан табақшаға түседі. Қақпақтың деңгейін қақпақ пен стаканның жоғарғы ернеуінің арасын өзгертумен реттеуге болады.
Қақпақтың әртүрлі конструкциялары: науалы, дөңгелек, алтықбырғалы, S-тәрізді болады. МӨЗ 1960ж. Дейін науалы қақпақты табақшалар қолданылып келді. Олардың конструкциясы қарапайым және жеңіл жиналады. Науалы табақшалардың негізгі кемшіліктері – барботаж бетінің аздығы(табақша бетінің 30% дейін құрайды), бұл бу жылдамдығын өсіріп, флегманың онымен ілесіп кетуіне алып кетеді.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.