Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді. Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау, страница 7

Жер қойнауынан жер бетіне шыққан мүнайдыц құрамында ілеспе газ (50-100 м3/т), су (200-300 кг/т), минералды тұздар (10-15 кг/т), механикалық қоспалар болады. Оны тасымалдау және өңдеугс беру алдында газдардан, механикалық қоспалардан, судың және тұздардың негізгі бөлігінеи тазарту қажет.

Шикі мұнайды кен орнында жинау мен тасымалдаудың әртүрлі желілері бар, олар мүпай мен газдың [8] ауысу жағдайына және мұнайдан газды бөлу әдістеріне байланысты. Соңғы кездерге дейін көп кен орындарында саңылауы бар екі құбырлы өздігінен ағатын желілер қолданылып келеді.

Изображенfие

1-төтел; 2-жеке өлшеу қондырғысы (ЖӨҚ); 3-газ желісі; 4-өздігінен агызып шыгаратын желі; 5-жинау пунктінің резервуар бөліктері; 6,15,18-сораптар; 7-жииау коллекторы; 8-шикі зат резервуарлары; 9-мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ); 10-компрессор стансасы; 11-газ өңдеу зауыты (ГӨЗ); 12-топтық өлшеу қондырғылары (ТӨҚ); 13-мұнайды, газды және суды жинау коллекторы; 14-сығушы сорап стансасы; 16-магистралды мұнай желісі; 17-суды тазалау қондырғысы; 19,21-су бергіштер; 20-жиынды сорап стансасы; 22-қысушы төтслдер; 23-"Рубин" автоматтандырылған қондырғы; 24-дайындалынған мұнайдың тауарлы өнімге арналған резервуарлар

Сурет 1.1.  Мұнай кен орындарында мұнайды, газды және суды жинаудың өздігінен ағатын (а) және саңлаусыз (б) желілері

Екіқұбырлы деп аталуының себебі, мұпай мен газ төтел аузына орналасқан селераторларда бөлінеді де екі дара құбырлармен орталық пунктіне жіберіледі, ал өздігінен ағушы деудің себебі - мұнай төтел аузынан жинау пунктіне дейін геодезиялық белгілердің айырмашылығының, яғни төтел аузының белгісінің қондырғысыныың белгісінен жоғары орналасуы есебінен қозғалады (5.13, а). Мұнай, газ және су 1 төтелден 2 жеке елшеу төтелге жақын орналасқан қондырғысына (ЖОҚ) түседі.

ЖӨҚ-да газдан мұнайды және суды бөледі, оларды 4 өздігінен ағатын жолмен 5 толық бекітілмеген бөлімдік резервуарға жібереді. 5 резервуарлардан 6 насостармен мұнай 7 коллектормен 9 мұнайды дайындау қондырғысына береді, ал су тұндырылғаннан кейін канализацияға жіберіледі. Егер жер беті мүмкіндік берсе, онда 6 сорапты салмайды, ал 7 коллектор өздігінен ағатын құбыр желісі болып саналады. ЖӨҚ бөлінген газды газөңдеу зауытына (ГӨЗ) береді.

1.2-сурет жеке өлшеу қондырғысыныц жүйесі керсетілген.

Одан шикі мұнай төтелден әуелі сеператорға (трапқа) түсетіні, одан кейін мұнай 2 өлшеуішке түсетіні көрініп тұр. Егер жер таулы болса, онда 2 өлшеуіш жер бетіне орналастырылады. Көтеріңкі жер мұнайдың бөлімшелік жиналу пунктіне өзіндік қозғалуына жағдай жасауға қажет.

Изобраddddжение             

l-сеператор (трап); 2-өлшеуіш;3-пьедестал(бақылаушы орын); І-төтел; ІІ-ГӨЗ-на бсрілетіп газ; III-жинау пунктіне берілетін мұнай

Сурет 1.2. Жеке өлшеу қошдырғысы

Мұнайды жинаудың өзіндік желісінің көптеген кемістіктері бар: сұйық ағын қозғалысының жылдамдығының аздығынан механикалық қоспалардың, тұздардың, парафиннің тұнбаға түсуі орын алады; өлшеуіштер мен резервуарлардың ашық болуынан, жалпы мұнай көлеміне есептегенде 3% дейін жететін газдың және жеңіл фракцкялардың жоғалуы орын алады. Бұл желілерді автоматизациялау қиын және оларды жұмыс істеуге көп адам қолы қажет.

Жаңа мүнай кен орындарында мұнайды, газды және суды жинаудың әртүрлі толық бекітілген жоғары қысымды желілер пайдаланылады. Жинау желісінің технологиялық схемасы кен орнының мөлшері және формасымен, жердің рельефімен, мұнайдың физика-химиялық қасиеттерімен анықталады. 1.1 б сурет сондай, көптеген кен орындарына тән, желілердің біреуі келтірілген.

Шикі мұнай 1 төтел аузынан өзінің қысымымен сыртқа тебу желісімен ұзындығы 1-3 км 12 топтық өлшеу қондырғыларына (ТӨҚ) беріледі. Бұл ТӨҚ мұнай газының сұйықтан бөлінуі жүреді және алынған өнімдердің мөлшерін автоматикалық жолмен өлшенеді. Одан кейін газ қайтадан сумен және мұнаймен қосылады; қоспа 8 км ұзындықты 13 коллектормен 14 қосымша қысатын сорап стансасына құрамында газды мұнайдан айыратын бірінші дәрежелі сеператоры бар ауысады. Сеператорлардан газ өзіндік қысыммен 11 ГӨЗ түседі, ал газдан айырылған мұнайдың аз бөлігі 9 мұнайды дайындау қондыргысына (МДҚ) беріледі. МДҚ-ында газды мұнайдан екінші және үшінші дәрежеде сеперациялау, мұнайды судан және тұздан тазарту жүреді. Газды МДҚ-нан ГӨЗ-па береді, ал суды - 17 суды тазарту қондырғысына. Тазаланған суды 20 жиынтық соран стансасының сораптарымен 22 баспа төтелдері арқылы қабатқа жібереді.