Авиациялың бензиндер тіке айдау, әрі каталитикалық крекинг және риформинг үдерістерінің бензиндік фракциялары мен алкилат-бензиннен және дүмпуге (детонацияға) қарсы және тотығуға қарсы қоспалар қосылған басқа да компоненттердің қоспасы болып табылады. Келесі маркаларда шығарылады: Б-100/130*, Б-95/130, Б-91/115, Б-70. Қайнау температурасы40-180°С.
Автокөлік бензиндері тіке айдау, әрі термиялық және каталитикалық крекинг, каталитикалың риформинг үдерістерінің бензиндік фракцияларының, алкилат -бензиннің және пентанды-гександы фракциялардың изомеризаттарының қоспасы болып табылады. Олардың маркалары: А-66, А-72, А-76, АИ-93, АИ-98. Алғашқы үшеуі үшін цифрлар мотор әдісі бойынша, ал қалғандары үшін зерттеу әдісі бойынша октан сандарын көрсетеді. Бұл бензиндердің қайнау температурасының басталуы 35°С төмен емес, ал қайнау температурасының соңы А-66 үшін 205°С, басқалар үшін 185-195°С.
Авиациялық реактивті қозғалтқыштар үшін отын (авиақеросиндер) негізінен тіке айдау үдерісінен алынатын өнімдердің қоспасы. Оларды екі сортқа бөледі: дыбысқа дейінгі жылдамдықта ұшатын ұшақтар үшін отын (Т-1, ТС-1, Т-2 маркалары) және дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшатын ұшақтар үшін отын (Т-6, Т-8, РТ маркалары). Бұл отындардың түрлі маркалары бір-бірінен фракциялық құрамы, жалпы және меркаптанды күкірттің мөлшері бойынша ерекшеленеді. Көпшілік авиакеросиндер үшін кристалдануының басталу температурасы - 60°С-тан жоғары болмауы керек.
Дизельді отын қысылудан оталатын қозғалтқыштар үшін үш сортта шығарылады: жылдам жүретін дизельдер үшін және кеме газ-турбиналар үшін (ДА, ДЗ, ДЛ, ДС - арктикалық, қыстық, жаздық және арнайы маркалары) отын. Бұл маркалар - қату температуралары (- 60-тан - 10°С-ңа дейін) мен күкірттің мөлшері бойынша ерекшеленеді. Автотракторлық, тепловоздың және кеме дизельдері үшін отынның (А, С, 3, Л маркалары) қату температурасы - 55-тен-10°С-қа дейін болады.
Орташа айналымды дизельдер үшін (ДТ, ДМ маркала-ры) отынның қату температурасы - 5-тен +10°С-қа дейін болады.
Газ-турбиндік отын - 50°С кезіндегі шартты тұтқыр-лы 60°С-тан төмен емес локомотивтік қозғалтқыштарға арналған отын (кокстеу және термиялық крекингілеу дистилляттарынан алынған).
Бұл отындарда ванадийдің мөлшері 0,002-0,0007%-дан артық болмауы нормаланады, себебі ванадийдің болуы турбиндік бөлшектерді коррозияға ұшыратады. Жоғары категориялы отындар үшін (ЖКГО) жану жылуы 39800 кДж/кг-нан кем болмауы, сонымен қатар натрий, калий және кальцийдің аздаған мөлшерлерінің болуы да нормаланады.
Қазандық отын үш сортта шығарылады: флоттық мазут (Ф-5, Ф-12 маркалары), жылыту мазуты (40,100,200 және аз күлді 40М, ІООМ маркалары) және мартен пештеріне арналған мазут (МП және МПС маркалары). Олар негізінен шартты тұтқырлығы бойынша ерекшеленеді (50°С кезінде ШТ 5°-тан 100°С кезінде ШТ 9,5°). Қату температурасы 25-тен 42°С-ңа дейін болады. Пештік отын (ТПО) тұрмыстық мақсаттарға арналған. Оның фракциялық құрамы: 10% 160°Скезінде, 96% 360°С кезінде қайнайды. Оталу температурасы - 15°С жоғары болмауы нормаланады.
Отындар тобына, сонымен қатар, коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған көмірсутектік қысылған отындық газдарды жатқызуға болады. Үш маркасы бар: СПБТЗ (смесь пропана и бутана техническая зим-няя) - 75% мөлшерде пропаны бар, техникалық қыстық пропан мен бутан қоспасы, СПБТЛ - дәл сондай жаздық бутан мөлшері 60% және БТ - бутан техникалың (60% бутан). Бұл газдарда күкіртсутектің мөлшері 100 м3 газға шаққанда 5 г-нан аспауы, ал күкірттің жалпы мөлшері 0,015% -ға дейін болуы қажет.
Мұнай өнімдерінің бұл үлкен тобына сонымен қатар, жарық беруші керосиндер мен еріткіштер кіреді (бен-зиндер мен сольвенттер). Жарық беруші керосиндердің қайнау шектері шамамен 180-300°С құрайды. Керосиннің түрлі маркалары (КО-30, КО-25, КО-22, КО-20) күйеленбейтін жалынының биіктігі, түсі және тығыздығы бойынша ерекшеленеді.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.