Тұрақты мұнай колоннаның төменгі жағынан 4 насостың көмегімен 6 жылу алмасу қондырғысы арқылы өткізіліп, өзінің жылуын шикізат мұнайына береді. Одан ары мұнай 19 ауамен мұздату қондырғысынан өтіп, тұрақты мұнай резервуарларына келіп түседі. Ол жерден мұнай өңдеу зауыттарына тасымалданады.
2 колоннаның жоғарғы жағынан шығып жатқан газ бен будың қоспасы, 8 тоңазытқыш-конденсаторда суытылады. Газ конденсатпен бірге 9 газ бен суды ажыратқышқа келіп түседі. Кептірілген- конденсацияланбаған газдар (негізінен метан мен этан) газ бен суды ажыратқыштың жоғарғы бөлігінен қондырғыдан шығарылып тасталынады. 2 колоннадағы және 9 қондырғыдағы қысымды тұрақтандыру үшін газды шығаратын жердегі құбырға 10 клапан орнатылады.
Газ бен суды ажыратқыш болса, вертикальды бөлгіштермен жабдықталынған. Оның бір бөлігінен деңгейі реттелінетін су шығарылады да қалған екінші бөлігінен 11 насостың көмегімен 17 жылу алмастырғыш арқылы конденсат-көмір тегінің қоспасы тасымалданады.
Осы жерде қоспа 70°С дейін қыздырылып, 13 тұрақтандырғыш колоннаның буландырғыш бөлігіне келіп түседі. Колонна 30-32 тарелкадан тұрады. Осы колоннадағы қысымның шамасы 1,3—1,5 МПа.
Сурет 1.3. Технологиялық процестің схемасы
Колоннаның 13 жоғарғы бөлінінен газ шығарылады: газдың ауыр бөлігі (пропан, бутан) 14 сулы тоңазытқыш-конденсаторда суытылады да 15 газды сеператорда конденсацияланбаған бөлігінен ажыратылады.
Конденсацияланбаған газдың бөлігі газды сеператордың жоғарғы жағынан шығып, 16 клапан арқылы өтіп, төменгі жағынан 9 газ бен суды ажыратқыштан шығып жатқан газдармен қосылады.
13 колоннадағы қысымның шамасы 1,2—1,5 МПа. Ол қысым 16 клапанның көмегімен тұрақталынады. 15 газды сеператордан шығарылатын сұйықтандырылған газ 20 насостың көмегімен қабылдағышқа жеткізіледі. Газдың бір бөлігі 13 колоннаның жоғарғы бөлігіндегі тарелкаларға суытқыш есебінде жеткізіледі. Оның көмегімен колоннаның жоғарғы бөлігіндегі температура 40—50 °С шамасында тұрақтандырылады.
Ерітілінген газдарды толығымен бөліп шығару үшін колоннаның төменгі бөлігіндегі температура 120— 130 °С жоғары болуы қажет. Мұндай температураны ұстап тұру үшін 12 қыздырғыш арқылы тұрақты бензинді айдап отыру қажет.
Қыздырғышта бензин 160—180 °С судың буымен (қысымы 0,3—0,5 МПа) қыздырылады. Қыздырғышта пайда болатын булар 13 колоннаға келіп түседі, ал сұйықтар болса, яғни бензин 12 аппараттың ішкі бекеттерінен ағып, 17 жылу алмастырғыштан және 18 тоңазытқыш арқылы өтіп, тұрақты бензин резервуарына бағытталынады.
Жеңіл мұнайды тұрақтандырудың нәтижесінде одан толығымен метан, этан және 95 % пропан ажыратылады. Бұл кездегі қаныққан мұнайдың буларының қысымы (40 °С шамасында) 0,85 МПа дан 0,03 МПа дейін төмендейді. Мұндай жағдай мұнайды тасымалдау кезінде оның фракциялық құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
«Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының техналогиялық параметрлерін автоматты бақылау» тақырыбындағы курстық жобаны жасаудағы негізгі мақсаттары: пәнді оқу кезіндегі жинақтаған теориялық және практикалық білімдерін жетілдіріп, бір жүйеге келтіру, техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуге бейімдеу, патенттік ізденіс пен технологиялық параметрлерді өлшейтін және оны көрсететін және ол параметрлерді белгілі бір деңгейде тұрақтандыратын құралдардың жаңа түрлерін таңдай білуге, сонымен қатар дипломдық жобаны жобалауға дайындықтың негізгі сатыларына бағыттай білу. Жалпы бұл куртық жобадағы тақырыптың өзіне терең қарайтын болсақ, онда мұнайдың құрамындағы газдардан тазарту үшін мұнайды физикалық тұрақтандыру процесі қолданылады.
Мұнайдың құрамындағы газдардан тазарту үшін мұнайды физикалық тұрақтандыру процесі қолданылады.
Мұнайдың құрамындағы қаныққан булардың қысымы өте жоғары болғандықтан оның құрамындағы газдар сыртқы ортаның температурасында бөлініп шығып, өзімен бірге бензиннің құрамындағы құнды фракцияларын ала кетеді.
1 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.