- Мұғалім қажетті ақпаратты табу үшін студенттерге мәтінді мұқият оқуды талап етеді. Онымен қатар студенттерден мәтіннің тақырыбын және мәтіндегі түйін сөздерге көңіл бөлуді сұрайды.
Білім алушының рөлі:
- Студенттер мәтінді оқыр алдында сұрақтар құрастырады
- Студенттер мәтіндегі суреттер, сандар, үлкен немесе кіші әріппен жазылған сөздерге және т.б. мәтіндегі ерекшеліктерге көңіл бөлулері шарт.
III. Бөлім
В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары
3.1 Оқылымға үйрету технологиялары
Оқу дағдыларын қалыптастыру және дамыту нақты мәселені шешуге бағытталған бірнеше кезеңнен тұрады. Оқылымды үйрену оқу техникасы мен оқығанды түсіну негізінде қалыптасады. Оқу техникасы – білім алушылардың әріп және дыбыс байланыстарын игеріп, оқыған ақпаратты синтагмаларға біріктіріп, интонацияны дұрыс қоюды білдіреді.
Оқу техникасын бағалау критерийлері:
- Оқу жылдамдығы
- Екпін түсіру ережелерін сақтау
- Үзіліс жасау ережелерін сақтау
- Дауыс ырғағын дұрыс дұрыс қолдану
- Оқығанды түсіну
Оқытушы мен білім алушының мәтінмен жұмыс істеу кезеңдері
- Лексикалық және грамматикалық материалдарды ауызша жаттығулар арқылы игеру
- Оқытушымен мәтінге анализ жасау. Білім алушыларға қиындық туғызатын сөздерді талдау
- Әріптерді айыруға арналған жаттығулар жасау
- Мәтінді тыңдау
- Білім алушылардың мәтінді дұрыс дауыс ырғағымен, ережелерді сақтау арқылы оқуын қадағалау
- Синтагматикалық оқылым. Диктордан кейін, не оқытыушыдан кейін қайталап оқу
- Мәтінді хор мен не жеке – жеке дауыстап оқу
- Оқылымды бағалау
Оқылымға үйрету қағидалары
1. Оқылымға үйрету тілдік орта сипатында болуы қажет. Бұл қағиданы дұрыс жүзеге асыру білім алушылардың қызуғышылықтарын арттырады. Көп жағдайда мәтіндер тек белгілі бір оқиғаға шолу, не онымен танысу үшін ғана қолданылады. Алайда, мәтін арнайы мақсаттың да рөлін атқаруы қажет. Бұған жету үшін мәтіндерді тәжірибелік қызметтің құралы ретінде қабылдау қажет. Оқылым құрамына мәтінді түсіну және вербалды не вербалды емес коммуникация кіреді.
2. Оқылым танымдық үрдіс ретінде жүзеге асуы қажет. Мәтіннің мазмұны үлкен рөл атқарады. Мәтіннің мазмұны білім алушылардың шет тілінде оқылымға үйренуді ақпарат алу әдісі ретінде қабылдау не қабылдамауын көрсетеді. Барлық мәтіндер қызығушылықты оятулары міндетті.
3. Тірек қағидасы – білім алушылардың шет тілінде оқылымға үйренуі өз ана тілдерінде оқылымды жақсы меңгерулерулеріне сүйенуі керек.
4. Мәтінді түсіну үшін біілім алушыларға тілдің құрылымын дұрыс үйрету қажет. Яғни, мәтіннің лексика және грамматикамен байланысын білу.
5. Оқылым тек қана рецептивті емес сонымен қатар репродуктивті қызмет атқаруы қажет.
6. Оқылымның автоматтануы – оқу техникасын жақсы меңгеру.
3.2 Оқылымға үйретудің әдістері
Қазіргі кезде оқылымға үйретудің көптеген әдістері бар.
И.Л. Бим ұсынған әдіс оқылымды сатылап үйретуге негізделген. И.Л. Бим әдісі бойынша мәтінді оқымастан бұрын жеке сөздер, сөзтіркестер немесе сөйлемдермен танысып, содан кейін мәтінді оқу. Сонымен қатыр И.Л. Бим бойынша ең бірінші дауыстап оқу жүзеге асады, ал содан кейін іштей оқу келеді.
И.Л. Бим жаттығулардың 4 тобын көрсетті:
1. машықтану жаттығулары
2. бірінші деңгейлі орындаушылық жаттығулар
3. екінші деңгейлі орындаушылық жаттығулар
4. бақылау жаттығулары
Бірінші топ жаттығулары:
Бұл жаттығулар білім алушылардың дауыстап оқу техникасының кейбір ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оқылым механизмдерін (сөздер, сөз тіркестер, сөйлемдер немесе мәтіндер деңгейінде) игеруге негізделген. Сонымен қатар бұл жаттығулар іштей оқу техникасына негізделген. Бұл әдетте сөйлемдер немесе мәтіндер деңгейінде жүзеге асады.
Екінші топ жаттығулары:
Оқылымды жаттықтыруға арналған жаттығулар. Бұлар мәтін деңгейінде жүзеге асады. Білім алушылар мәтінді түсіну үшін қайта – қайта оған оралады. Мәтінді түсіну үшін әр түрлі тіректерді (суреттер, қаріптер, синонимдер және т.б.), сөздіктерді пайдалана алады.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.