Тақырыбы:В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары, страница 11

Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу оқу жылдамдығы мен ырғақпен оқуды дамытады. Бұл жаттығуды әр мәтінмен жұмыс аяқталғаннан сон орындау қажет.

Бейтаныс мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу шет тілінде оқылымға үйтену үрдісін шынайырақ жасайды. Білім алушылар бейтаныс тілдік ақпаратты қабыылдап, ойлау процесстерін іске қосады.

Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету

Шет тілінде оқу тәсілдерін үйрету ауызекі сөйлеуде жақсы игерілген лексикалық материалдар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Дауыстап оқу техникасын дамытуға арналған жаттығулар

1. графема - фонемалық қарым-қатынастарды нығайту үшін:

- әріптерді айту

- берілген әріптерді әліпбиден табу

- әріптерді нақты буындарда айту

- буындардағы әріптер мен дыбыстарды анықтау

- сөздерді нақты әріптер мен дыбыстар бойынша топтарға бөлу

2. сөздердің формалары мен мағыналарын сәйкестендіру

- бір түбірлі сөздерді анықтау

- салыстырмалы шырайдағы сын есімдерді және етістіктердің өткен шақ формасын анықтау

3. тілдік жорамалды дамыту

- интернационал сөздерді анықтау

- сөздерді олардың құрылымы бойынша аудару

4. ықтималдық болжауды дамыту

- берілген сын есімдерге зат есімдерді таңдау

- бос орындарды артикльдермен толықтыру

5. сөздерді мағыналары бойынша топтарға бөлу

- синтагма бойынша оқу

- мезгіл және мекенді білдіретін сөз тіркестерін табу

6. грамматикалық формаларды анықтау

- сөйлемдерден етістіктерді және зат есімдерді анықтау

7. интонацияны жаттықтыру

- диктордан кейін оқу

- мәнерлеп оқу

Бұл аталған жаттығуларды ойын формасында ұйымдастырса болады. Бұндай жаттығулар оқылымға үйрету үрдісін қызықты және шығармышыл жасайды.

Бірақ оқу техникасы сөздер, тіркестер мен сөйлемдер деңгейінде ғана емес, сонымен қатар мәтін деңгейінде іс жүзіне асуы тиіс. Студенттерге оқу жылдамдығын қалыптастыратын, болжам жасау мүмкіндіктерін туғызатын тапсырмалар берілуі тиіс.  Мысалы:

1. Белгісіз мәтін семантикалық бөлшектерге  (сөйлемдерге) бөлінеді. Студенттер мәтінді құрап, түпнұсқамен салыстырады.

2. Студенттер кейбір сөйлемдері алынып тасталған мәтіндерді оқып, кейін түпнұсқамен салыстырады.

3. Оқытушы байланыстырушы элементтері алынып тасталған мәтінді білім алушыларға береді. Олар мәтінді өздері толықтырып, кейін түпнұсқамен салыстырады.

Шет тіліндегі мәтіндерді түсіну үлгісі

Тақырып
Мәтіннің мағынасы туралы ой түйіндеуге көметеседі.

,Мәтіннің мағынасын контекст негізінде түсінуге болады.,Мәтіндегі негізгі ақпарат оның ішкі құрылымы мен мәтіндегі оймен тығыз байланысты,Маңызды рөлді суреттер ойнайды. Олар мәтіннің мазмұнын анықтауға көмектеседі.

,Келесі мәтіндегі сөздер ерекше орын алады. Олардың кейбіреулері ерекшеленіп тұруы мүмкін. Сөздердің мағыналарын контекст негізінде анықтауға болады.,Сөйлемді байланыстырушы элементтер маңызды рөл атқарады. Яғни олар, мәтіндегі оқиға қалай өрбіп жатқандары жайлы мағлұмат береді.,Мәтінді түсінуде маңызды рөлді сөйлемдер атқарады. 

,Содан соң, мәтіннің жанры, құрылымы және формасын анықтау қажет.


3.3 Білім алушының мәтінмен жұмыс істеу сатылары

1. Мәтінді оқығанға дейін жасалатын жұмыстар

Кезеңнің мақсаты: мотив құру және болжам жасау мүмкіндіктерін дамыту. Яғни, мәтіннің тақырыбы, тақырыпшалар мен суреттер негізінде мәтіннің мазмұны жайлы болжам жасау.

 Кезең тапсырмалары:

-  білім алушылар мәтіннің тақырыбы мен тақырыпшаларын оқып, мәтінмен берілген суреттерге назар аударады.

-  білім алушылар берілген мәтін тақырыбы бойынша өздері не біліеді сонымен салыстырады.

-  білім алушылар тақырыптағы түйін сөздерді жазып алып, кесте құрады (ассоциограмма). 

-  оқытушы құрылған кестелерді білім алушылардың талқылауларын сұрайды.

-  оқытушы мәтінді оқып, білім алушылардың жорамалдарын автордың ойымен тексеруін сұрайды.

2. Мәтінді оқу барысында жасалатын жұмыстар

Кезеңнің мақсаты: мәтінді оқып жатып түсіну

Бұл кезеңде білім алушылар мәтінді түсіну үшін мета – когнитивті әдістерді қолданады.

1. Білім алушылар мәтінді оқыр алдында жасаған болжамдарын тексеру үшін бір мәрте оқып шығады.

2. Екінші мәрте оқыған кезде білім алушылар әр түрлі коммуникативті мәселелерді шешеді.

- нақты ақпараттарды анықтайды

- мәтінді бөліктерге бөледі

- өздеріне таныс емес ақпаратқа қатты көңіл бөліп, жаңа сөздермен, грамматикалық құрылымдармен танысады

- мәтіннің бөліктерінің арасында байланыс орнатады

- маңызды ақпараттарды қайталап оқып, автордың ойын түсінуге тырысады

- мәтіндегі маңызды фактілерді, бейіпкерлердің сипаттамаларын жазуға арнайы дәптер бастайды

3. Мәтіннің мазмұны бойынша талқылау жасалады. Таңдау бойынша мәтіндегі ақпараттарды оқу қажет.

3. Мәтінді оқып болғаннан соң жасалатын жұмыстар