в) оқушының өзге тілде тыңдау алуы дегеніміз – тыңдаған сұхбатты түсініп, баяндай білуі. Бұл тек қана алдын ала жаттап алған сұхбатты тыңдай сала айтып беруі емес. Ол тек тыңдауға қажетті дағдының қалыптасуына ғана көмектеседі.
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу. Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білуге қатысты, үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің мәні зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Сөйлеу әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызы: 1) тіл үйренуші оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады; 2) оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады; 3) оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйретуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. Мұның өзі уақыт өте келе сарапқа түсіп, өмірде, ғылым мен техникада жаңа ізденістердің шығуына жол ашады. Адамның қоғамдағы рөлі артады, коммуникация үдерісі дамиды. Оқылым үдерісінде 4 негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады: 1) көру мүшелері; 2) ойлау мүшелері; 3) тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі; 4) қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі. Сонымен қатар бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді: 1) дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы; 2) дауыстап оқу; 3) есту мүшелерінің жұмысы; 4) тілдік материалдар жиынтығы.
Тіл үйрету барысында жүргізілетін оқуды әдіскерлер бірнеше түрге бөледі: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, танымдық оқылым, зерделік оқылым, ізденімдік оқылым, көрсетімдік оқылым. Оқылым 2 түрлі формада жүзеге асады. Бірі – іштей оқу, екіншісі – дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдығына қарай тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.
Айтылым – адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол – тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Оқушыны қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету деген – ең алдымен өмірде оны екінші адаммен түсінісе білуге үйрету, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білуге, өзара ұғынысуға, тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету деген сөз.
Айтылым әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе – сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші ғалым Р.Сыздықованың түйген ойларының қай-қайсысы болсын тіл үйренушіге де оқытушыға да тиімді.
Айтылым үдерісін меңгеру үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет: 1) үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; 2) қоршаған орта жағдайының әсері; 3) жеке бастың қабілетін ескеру; 4) сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
Сонымен, айтылым – санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сөйлесім әрекеті.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.