Оқылымға үйрету үрдісін оқытушылар дұрыс ұйымдастырулары қажет. Оқытушылар екі нәрсені естен шығармаулары қажет: біріншіден, оқи білу дегеніміз не екенін, екіншіден, қандай әдістер арқылы оқылымды үйретуге болады. Профессор Е. И. Пассовтың айтуынша, оқи білу дегеніміз – оқу техникасын меңгеру. Пассов оқу техникасын үйретудің бірнеше әдістерін ұсынды:
- Әліпбилік (алфавитный) – әріптердің аттарын үйреніп, бірнеше әріптерді қосып оқу
- Дыбыстық – дыбыстарды жаттау
- Буындық – бірнеше буындардың комбинациясын жаттау
- Толық сөз әдісі – тура әдіс, яғни сөздерді, сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді жаттау
- Дыбыстық аналитико - синтетикалық әдіс
- Фонемо – графикалық әдіс [10]
Шет тілі пән оқытушылары тиімді оқылымды үйрету үрдісінде білуге міндетті төрт маңызды құрамдас бөліктер бар.
2.1 Оқылымды үйрету үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік
Еркін меңгеруі
Еркін меңгеруі арқылы біз студенттердің мәтіндерді дәл және тез оқу қабілеттерін түсінеміз. Ол сөзді тану және түсінудің негізгі жолы.
Түсінік
Түсіну - оқып түсіну және түсіндіру болып табылады. Жазбаша мағлұматты түсіну мүмкіндігіне ие болу үшін, балалар: 1) түсінгенін жеткізе алуға қабілетті болулары керек; 2) оқушылар оқыған мағлұматтары және өздерінің бұрынғы білімдері арасындағы байланысты жасай алулуары қажет; және 3) олар оқығандары туралы терең ойлануға тиісті. Түсіну – мәтіннің мағынасын түсіну. Түсіну оқылым үшін негіз болып табылады. Жақсы түсіну қабілеті дамыған студенттер оқығандары туралы қорытынды жасай алады.
Сөздік қор
Сөздік қор – оқып үйренуде және оқығанды түсінуде маңызды рөл атқарады. Студенттер мәтіндерді оқып үйрену кезінде , жаңа сөздердің мағыналарын білуге тиіс. Сөздік қор – мәтіндерді оқу үрдісінде т сөздерді тану және түсіну. Сөздік қор оқылымды үйрету үрдісінде маңызды рөл атқарады. Себебі жаңа сөздерді білу арқылы түсінуге қол жеткізе аламыз. Неғұрлым студенттер көп сөз білсе, соғұрлым мәтінді жақсы түсіне алады.
Дыбысталу
Дыбысталу – бұл дыбыстар және олардың дұрыс жазылулары арасындағы байланыс. Бұл құрамдас бөлік маңызды болып табылады себебі әріптердің жазылулары мен олардың дыбысталулары оқылымды игеруде пайдалы.
2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны
Оқылымға үйретудің тәжірибелік мақсаты білім алушылардың шет тіліндегі қиындық деңгейлері әр түрлі мәтіндерді оқып, ондағы берілген ақпараттарды дұрыс түсінуге үйрету:
- Мәтіннің жалпы мағынасын түсіну
- Мәтінді толық, еңгеж – тегжейлі түсіну
- Мәтіндегі нақты ақпаратты түсіну
Оқылымға үйретудің мазмұнына мыналар кіреді:
- лингвистический компонент - тілдік және сөздік материалдар: графикалық белгілері жүйесі, сөздер, тіркестер, тіркестік бірліктер жүйесі, түрлі жанрдағы мәтіндер және т.б.
- психологиялық компонент
- әдістемелік компонент – оқу стратегиялары
Оқылым негізіндегі базалық дағдыларға мыналар кіреді:
- құрылымы мен мағынасы туралы ақпарат мазмұнын болжау;
- негізгі идеясы мен тақырыпты анықтау;
- мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу;
- мәтінді түсіндіріп беру
Бұл базалық дағдыларды нақтылау оқудың мақсатына байланысты. Д. Гальскова дағдыларды мынадай түрлерге бөледі:
- негізгі мазмұнын туралы түсінік: мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау, оқыған бойынша қорытындылар жасау.
- мәтіннің толық мәліметтерін анықтау: фактілерді толық түсіну және дәл ақпараттарды салыстыру.
- қажетті ақпаратты түсіну: мәтіннің жанрын анықтап, ақпараттың маңыздылығын түсіну.
И.Л. Бим оқылымды меңгеруге бағытталған операциялардың 3 тобын көрсетті:
1. Дауыстап оқу техникасын үйрету (cөзтіркестер, сөйлемдер)
2. Оқу техникасын толық мәтіндер негізінде үйрету
3. Мәтіннің негізгі мағынасын түсіну негізінде үйрету
Оқылымға үйрету барысында білім алушылардың оқу дағдыларын ғана дамыту емес сонымен қатар олардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықтары мен махаббаттарын ашу. Оқылымға үйрету үрдісі үздіксіз жүзеге асуы қажет. Оқылатын мәтіндер білім алушылардың қызығушылықтарына, жас деңгейлеріне сай болуы шарт. Сонымен қатар, мәтіндер ақпараттық, жанрлары және тақырыптары бойыншы сан қилы және де аутентті болғаны дұрыс.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.