Оқылым психикалық үрдістермен тығыз байланысты:
- есте сақтау
- ойлау
- ішкі сөйлеу
- болжам жасау
Оқылымның психо – физиологиялық механизмі:
- қабылдау
- дыбыс – әріптік сәйкестікті анықтау
- антиципация
- ішкі сөйлеу
- түсіну және ұғыну
Оқылым үрдісінде көру, есту және сөйлеу анализаторлары жүзеге асады.
Оқылым 3 сатыдан тұрады:
- Мотивациялық кезең – оқуға деген қажеттіліктің туындауы
- Аналитико – синтетикалық - механизмдер
- Атқарушылық кезең – тапсырманы орындау кезеңі
2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар
Бірінші, кездесетін қиындық оқу техникасын дұрыс меңгермеу болып есептеледі. Яғни, техникалық қиындықтарға графикалық белгілер жүйесінің ерекшеліктерін дұрыс игермеу, оқылып жатқан шет тілі мен ана тілінің арасындағы өзгешеліктер және дыбыстық-әріптік немесе әріптік-дыбыстық байланыстарды жақсы білмеу жатады. Екіншіден тілдік құралдар үлкен қиындық туғызады: бейтаныс сөздер, әртүрлі сөздердің мағыналары, грамматикалық құбылыстар және синтаксистің күрделілігі.
Оқылым үрдісінде кездесетін қиындықтарды шешу жолдары:
1. Оқу техникасын жақсы меңгеру үшін оқытушы әр сабақ сайын фонетикалық жаттығулар жасатулары қажет. Қиын дыбыстарды жаттықтыру үшін қысқа өлең шумақтарын қолданған дұрыс.
2. Оқытушылар жаңа сөздермен жұмыс жасауға арналған жаттығулар жасатулары міндетті.
3. Мәтінді оқымастан бұрын сол мәтін негізінде берілген жаңа сөздермен жұмыс жасау қажет.
4. Ішкі сөйлеу үрдісі негізінде іштей оқуды дамыту қажет.
5. Білім алушылардың болжау қабілеттерін дамытып, оларды мәтінге анализ жасауға үйрету қажет. Сонымен қатар, олар сөздікпен жұмыс жасауды да білгендері жөн.
6. Мәтіндер білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, өмірлік тәжірибелеріне негізделіп таңдалулары қажет.
7. Оқылымға үйрету кезінде жақсы құрастырылған грамматикалық және лексикалық материалға сүйену қажет.
8. Мәтін көлемі сабақ уақытында оқып бітіріп, оған берілген тапсырмаларды орындап болатындай мөлшерде болуы шарт.
9. Мәтіндегі ақпарат қызықты, танымды, түсінікті және өзекті болуы қажет.
2.4 Оқылым түрлері
Оқылымның түрлері психологиялық, педагогикалық және әдіснамалық факторлар бойынша жіктеледі.
Оқылымның психологиялық тұрғыдан жіктелуі – оқырманның миында болып жатқан психикалық үрдістерге, логикалық операциялар мен оқылымның құрылымына тәуелді.
Психологиялық тұрғыдан оқылым түрлер: аналитикалық (analytical reading) және синтетикалық оқылым (global reading);
дауыстап оқу (reading aloud, oral reading) және іштей оқу (silent reading).
Педагогикалық тұрғыдан оқылым:
Тапсырманың орындалу орнына байланысты – сыныпта оқу (class reading) және үйде өз бетінше оқу (home reading);
Оқу материалымен жұмыс істеу формасы бойынша – персоналды оқу (individual reading), топтық немесе хормен оқу (group reading, chorus reading).
Әдіснамалық факторлар – оқылымның мақсаты, талаптары.
оқу-әдістемелік оқылым (guided reading);
коммуникативті оқылым (communicative reading).
Қарқынды оқылым
Бұл не?
- Браунның айтуынша(1989): қарқынды оқылым – бұл «грамматикалық формаларды, байланыстырушы сөздер, және тағы басқаларды ескере отырып, мәтіннің мағынасын, реторикалық байланысын түсіну. Ол бұл оқылым түрін “zoom lens” стратегиясы сияқты деді.
- Лонг және Ричарттың айтуларынша (1987): ол қысқа үзінділердегі лексика мен грамматикалық ерекшеліктерді мұғалім көмегімен тұтас сыныптық талдау болып табылады.
Қарқынды оқылым кейде “тар оқылым ” деп те аталады. Қарқынды оқылым тек бір автордың немесе сол тақырыпта жазылған мәтіндерді студенттердің оқуы. Бұл үрдіс барысында, бірдей мазмұн мен грамматикалық құрылымдар қайталанып, студенттер мәтін мағыналарын түсінуге көптеген мүмкіндіктер алады.
Сипаттамасы:
1. әдетте сыныпта ұйымдастырылады
2. студенттер оқылымның лингвистикалық немесе семантикалық құрылымына көңіл бөледі
3. студенттер грамматикаға және байланыстырушы сөздерге көбірек көңіл бөледі
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.