4. студенттер түйін сөздерді анықтайды
5. студенттер мәселені шешу суреттер сала алады
6. мәтіндер қайта-қайта, мұқият оқылады
7. мақсаты тек оқу шеберлігін дамыту емес тілдік білімді тереңдету болып есептеледі
Қажетті оқу құралдары:
1. Әдетте көлемі 500 сөзден аспайтын қысқа мәтіндер
Дамитын дағдылар:
жылдам оқу дағдысы
Қолданыс кезі:
Оқылымның мақсаты:
- логикалық дәлел
- мәтіннің риторикалық үлгісі
- автордың эмоционалдық символдық немесе әлеуметтік қатынастар мен мақсаттары
Оқытушының рөлі:
- мұғалім қолайлы мәтінді таңдайды
- мұғалімі дағдыларын дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмалар таңдайды.
- мұғалім мәтінді оқығанға дейін, оқу барысында және оқығаннан кейін бағыт береді.
- мұғалім студенттерді өз беттерімен жұмыс істеуге дайындайды.
Артықшылықтары:
- Қарқынды оқылым сөздік қорды дамытып, идиомаларды үйренуге мүмкіндік береді.
- Қарқынды оқылым әр студенттің мәтінді түсіну не түсінбеуін нақты анықтауға мүмкіндік жасайды.
Кемшілітері:
- мәтін көлемі қысқа болғандықтан, студенттер көп оқи алмайды
- мәтіндерді мұғалім таңдағандықтан мәтіндер білім алушыларды қызықтырмауы да мүмкін [11].
Ауқымды оқылым
Бұл не?
- Браунның айтуынша (1989): ауқымды оқылым мәтіннің жалпы мағынасын түсінуге қол жеткізу үшін қолданылады.
- Лонг және Ричарттың айтуларынша (1987): ауқымды оқылым студенттердің көлемі жағынан үлкен мәтіндерді сыныптан тыс оқу. Оқу барысында белгісіз сөздерді тастап кетіп, тек мәтіннің жалпы мағынасын түсіну.
- Ауқымды оқылымның мақсаты студенттердің кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру
- Ауқымды оқылым әрқашан негізгі идеялар түсіну үшін емес, толық ақпарат алу үшін жасалады.
Сипаттамасы:
- Білім алушылар мүмкіндігінше көп оқиды
- Тақырыптар ауқымы бойынша әр түрлі материалдарды оқиды
- Білім алушылар өз қызығушылықтарына байланысты мәтіндерді таңдайды
- Ауқымды оқылымның мақсаттары әдетте ақпарат алып, мәтінді жалпы түсіну болып табылады.
- Ауқымды оқылым әдетте іштей, өз бетінше оқу болып табылады.
- Оқу жылдамдығы әдетте тез.
Қажетті оқу құралдары:
- Аутентті оқу материалдары (газет, журнал және т.б.)
- Веб ресурстар
- Мұғалім таңдаған әңгімелер мен мақалалар
Оқытушының рөлі:
- мұғалім оқушының мүдделеріне негізделген оқу материалдары бойынша ұсыныстар береді.
Білім алушының рөлі:
- Студент оқу қабілетін дамыту үшін жалпы жауапкершілікті өзіне алады.
- Студент сөздік қолданбай оқиды.
- Студент әдетте оқу материалын өзі таңдайды
Артықшылықтары:
- Студенттердің «оқу әдеті» дамиды
- Студенттер сөздік қорларын дамытады
- Студенттердің оқып түсіну қабілеттері дамиды
- Студенттердің жалпы тіл құзыреттіліктерін артады [11]
Мәтіннің жалпы мағынасын анықтау үшін оқу (skimming)
Бұл әдіс мәтінді жылдам оқу болып табылады. Бұл әдіс арқылы:
- Білім алушылар мәтіннің жалпы мағынасын біледі
- Білім алушылар мәтінді жазушы автордың мақсаты туралы түсінік алуға мүмкіндік алады
- Білім алушылар мәтіннің жалпы құрылымымен таныса алады
Қолданыс кезі:
- Бұл әдіс ойымызда кейбір жалпы сұрақтар туындағанда пайдаланылады
- Бұл әдіс мәтінге шолу жасау үшін пайдаланылады.
Білім алушының рөлі:
- Ең алдымен мәтіннің тақырыбын оқу
- Кіріспені немесе бірінші тармақты оқу
- Әр тармақтың бірінші сөйлемін оқу
- Қорытынды бөлім немесе соңғы тармақты оқу
Мәтіннен нақты ақпаратты анықтау үшін оқу (scanning)
Бұл не?
- Бұл әдіс мәтіннен нақты ақпаратты табу үшін жылдам оқую
Қолданыс кезі:
- Бұл әдіс техникалық, ғылыми немесе кәсіби материалдармен жұмыс істегенде жиі пайдаланылады.
Оқытушының рөлі:
- Мұғалім нақты ақпараттары бар мәтіннің үзінділерін таңдайды.
- Мұғалім аутентттік материалдарды пайдалана алады
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.