Үшінші топ жаттығулары:
Бақылау жаттығулары оқылымды жетік игерудің дұрыс қалыптасуын бақылайды. Бұлар тек жаттығулар ғана емес, арнайы құрылған тест тапсырмалары да болуы мүмкін. [12]
Маслыко Е.А., Бабинская П.К. ұсынған әдіс мәтінмен сатылап жұмыс істеуге негізделген. Олар мәтінмен жұмыс істеудің үш кезеңін көрсетті.
1. Мәтінмен жұмыс істегенге дейінгі кезең – мәтінмен жұмыс істеуге қызығушылықты ояту. Білім алушылардың өмір тәжірибелері, мәтіннің тақырыыбы немесе мәтінмен берілген суреттер негізінде болжам жасау. Бұл кезеңде оқытушылар мәтіннің мазмұнын баяндамаулары қажет. Себебі, білім алушылар мәтіннен өздеріне алатын жаңа ақпарат болмағандықтан мәтінге деген қызығушылықтарын жоғалтады.
2. Мәтінмен жұмыс кезеңі – мәтіннің кейбір бөліктерін арнайы коммуникативті тапсырманы жүзеге асыру үшін оқу. Бұл кезеңнің нәтижесі мәтінді түсіну.
3. Мәтінді оқып болғаннан кейінгі кезең – мәтінді білім алушылардың жазбаша немесе ауызша түрде ойларын білдіруге қолдану. Бұл кезең жаттығулары репродуктивті және продуктивті қабілетті дамытуға бағытталады.
Е.А. Маслыко и П.К. Бабинская мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі кезеңдеріне арналған жаттығулар тобын ұсынды.
Бірінші топ жаттығулары мәтін мазмұнын түйін сөздер, тірек сөйлемдер, мәтіннің қысқа, жеңілдетілген нұсқасы арқылы түсіну. Білім алушылар шығармашылықтарын дамыту үшін арнайы жаттығулар орындайды.
Екінші топ жаттығулары репродуктивті және продуктивті қабілеттерін дамытуға арналған. Білім алушылар мәтіннің түсінігін айтыды.
Үшінші топ жаттығуларының мақсаты білім алушылардыңпродуктивті қабілеттерін дамыту. Мәтіндегі ақпаратты куммуникативті жағдаяттарда білім алушылар қолданады. [13]
С.Ф. Шатилов мәтінмен жұмыс істеу оның құрылысы арқылы жүзеге асуы қажет деді. Аналитикалық әрекет арқылы білім алушылар өз беттерімен мәтіндегі қиындықтарды жеңулері қажет. С.Ф. Шатилов аналитикалық жаттығулардың екі түрін ұсынды:
1. Жартылай семантикалық – формальды – мәтіндегі күрделі грамматикалық құбылыстарды контекст арқылы түсіну. Білім алушы мәтіннің мазмұнынан грамматикалық формаларды аналищдеуге көшеді.
2. Формалды – мағыналық – білім алушы күрделі грамматикалық құбылыстың мағынасын түсініксіз микро мәтін арқылы анықтайды. Грамматикалық құбылыстың мағынасын контексте анықтау.
С.Ф. Шатилов мәтіннің лексикалық құрылымымен жұмыс жасағанда жаттығуларға үлкен маңыз берді. Сөздік қорды дамытуға арналған жаттығулар ерекше мәнге ие:
- білім алушылар әліпбиді жетік меңгерулері шарт.
- мәтінде кездесетін кез – келген сөздердің грамматикалық құрылымын анықтауға арналған жаттығулар.
- тұрақты сөз тіркестердің, көп мағыналы сөздердің мағынасын контекстке сай анықтауға арналған жаттығулар.
- қиын сөздердің мағынасын оның элементтері арқылы анықтауға арналған жаттығулар. [14]
Г.В. Рогова оқылымды екі саты бойынша жүзеге асыру қажет деді.
1. дауыстап оқуға үйрету
2. іштей оқуға үйрету
Дауыстап оқуға үйреткенде келесі ережелерді қолдану қажет.
1. Дауыстап оқу үлгісі негізінде
Үлгіні оқытушы өзі көрсетсе де не алдын ала жазылған үнтаспамен жүзеге асырса ды болады. Үлкі екі рет тыңдалады: толық мәтінді мәнерлеп, кейін үзілістермен тыңдау. Тыңдау барысында білім алушылар үлгі бойынша мәтінді оқиды. Соңында толық мәтінді іштен содан соң дауыстап оқиды . Білім алушылардың тапсырманы дұрыс орындағандары дұрыс ырғақты қолданулары мен қарапайым тапсырмаларды орындауларынан анықталады. Алайда бұндай әдісті көп қолдануға болмайды. Себебі, ақпаратты қабылдау пассивті болғандықтан, оқылымға үйрету үрдісі ұзаққа соқылып кетеді. Сол себептенде бұл әдісті басқа әдістермен сабақтастырып қолданған жөн.
2. Алдын – ала дайындалмаған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
Бұл әдіс білім алушылардың графикалық ақпаратты қабылдауларын жақсартып, бойларында жауапкершілікті тудырады. Бұндай жұмыс екі кезеңнен тұрады:
1. Рецепция – мәтінді дұрыс ырғақпен оқу.
2. Жұппен оқу – білім алушылар кезектесіп, бір – біріне мәтінді оқып береді.
3. Алдын – ала дайындалған мәтіндерді үлгісіз дауыстап оқу
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.