Қазақ ғалымдарының ішінде сөйлеуге қатысты алғаш пікір айтқандар – А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов.
А.Байтұрсынов өзінің “Тіл – құрал» атты еңбегінде: «Сөйлеу – адамның белгілі бір мәселеге қатысты толық, түсінікті ойын білдіреді”, – деп атап өткен болатын.
Ал Қ.Жұбанов: “Сөйлеген адам өзіне сөйлемейді, басқа біреуге сөйлейді. Мен не деп сөйлесем де, басқа біреуге өзімнің ойымнан хабар беру үшін сөйлеген болам. Сөйлеудегі мақсат – біреудің екінші біреуге өзінің ойын білдіруі”, – деп өз пікірін білдіреді.
Сөйлеу тек тіл бірліктерінің көмегімен сыртқа шығады. Оған Ф.Оразбаеваның мына бір пікірі дәлел: “Сөйлеу, әдетте, тіл дыбыстарынсыз және олардың айтылу, қабылдау үдерістерінен тыс болуы мүмкін емес”.
Сонымен жоғарыдағы пікірлерден шығатын қорытынды: сөйлеу дегеніміз – іштегі ойдың тілдік құралдар арқылы сыртқа шығуы.
Сөйлеу жоғары деңгейде жүзеге асу үшін сөйлеудің төрт әрекеті іске асуы керек.
Сөйлеу әрекеті– әр түрлі ғылым өкілдерін қызықтырған күрделі мәселе. Сөйлеу әрекетін көптеген авторлар белгілі бір хабарды, ойды, ақпаратты баяндау, яғни екінші біреуге жеткізу деп түсіндіреді. Немесе тілдік қарым-қатынас дегеніміз – адамдардың бір-бірімен тіл арқылы белгілі бір ақпаратпен пікір алмасу деген пікірді айтады. Осындай тәжірибелерге сүйене келіп, сөйлеу әрекетін төрт түрге бөліп қарастырамыз. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым. Сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш: ол – түсіну. Бір адам екінші бір адамның айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу де, сөйлесу де жүзеге аспайды. Сөйлеу әркетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді.
Сөйлеу әрекетінің екі түрін – тыңдалым, айтылым– тілдесудің ауызша түріне, екі түрін – оқылым мен жазылымды – жазу түріне жатқызады. Ауызша тілдесу кезінде есту арқылы қабылданса, жазбаша тілдесу кезіндегі ақпарат көру арқылы қабылданады. Сондықтан жазбаша тілдесу көру арқылы қабылданып, түсіну дағдысын талап етсе, ауызша тілдесу тыңдай отырып, қабылдап, түсініп, жауап беру дағдысын талап етеді.
Сөйлеу әрекетінің екі түрін өнімді әрекетке, екі түрін баяндау әрекетіне жатқызады. Өнімді талдау кезінде өз сөзін өзі құрайды, басқаша айтқанда, өзі білетін, өзіне таныс сөздерден таңдай отырып, өзі құрастырады. Ал баяндау әрекетінде тыңдап немесе оқып отырған адам айтушы мен жазушыдан келген ақпаратты оқи, тыңдай отырып, бақылап, барлап, қорытып барып жауап береді. Оның беретін жауабы өзіне келген ақпаратқа тәуелді.
Сөйлеу әрекетінің төрт түріне оқыту төмендегі қажеттіліктерді талап етеді:
1. Сөйлеу әрекетінің әрбір түрі өзбетінше іске асады. Алайда әрқайсысы өзіне қажет дағдылардың дамуын талап етеді.
2. Сөйлеу әрекетінің ауызша түрлеріне ауызша, жазбаша түрлеріне жазбаша жұмыс түрлері арқылы бақылау орнату қажет.
3. Оқыту кезінде оқыту мақсатына сәйкес сөйлеу әрекетінің бір түрінің ерекше басым екендігіне қарамастан, сабақтың тиімді өтуі үшін мұғалімнің сөйлеу әрекетінің төрт түрін шеберлікпен үйлестіре білуді талап етеді.
Оқушының сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгеруі туралы:
а) оқушының өзге тілде жаза білуі дегеніміз – өз ойын, пікірін жазбаша бере білуі, бірақ ол оқулықтан немесе басқа бір дайын дүниеден әртүрлі тапсырмасы бар жаттығуларды орындау немесе көшіріп жазып алу емес;
ә) оқушының өзге тілде оқи білуі дегеніміз – оқытудың әр деңгейі талап ететін оқу түрлерін (қарап оқу, түсініп оқу, ізденіп оқу), оқи отырып түсіну нормаларын меңгеруі деген сөз. Алайда ол дайын мәтінді қатесіз, мүдірмей дауыстап оқып шығу емес. Егер қатесіз, мүдірмей, дауыстап оқуды ғана меңгерсе, онда ол техникалық дағдыны ғана меңгерген болып шығады.
б) оқушының өзге тілде сөйлей білуі дегеніміз – оқытудың әр деңгейі талап ететін сұхбаттасу нормаларын меңгеруі. Оқыған немесе оқыған мәтін мазмұнын оқытудың әр деңгейі талап ететін мазмұндау нормалары бойынша айтып бере білуі. Бірақ ол оқушының мәтін мазмұнын жаттап алып айтып беруі немесе дайын сұхбаттарды жаттап алып айтып беруі емес. Бұл сөйлей алу немесе сөйлеу емес, бұл тек сөйлеу дағдысының дамуын ғана көрсетеді. Кез келген тақырыпта, кез келген адамның сұрағына жауап беріп, өз ойын, өз пікірін ашық айта білуі. Яғни бұл әртүрлі тақырыптағы диалогтарды жаттап алып, тілдесу емес. Еркін тілдесуіге түсу үшін оқушы тілді еркін меңгеруі керек.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.