Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 8

Ашу схемаларының варианттары бойынша шығындарды есептеу. Ашу схемаларының рациональды вариантын таңдау.

Кейбір кен-геологиялық жағдайлар үшін мүмкіндікті ашу схемасын тағайындауда мыналар ескеріледі:

- тақталардың құлау бұрышы;

- таңдап алынған шақты алабының даярлау тәсілі;

- шақты алабының өлшемі;

- үйінділер қалындығы немесе көмір тақталарының жатыс тереңдігі.

Жобалаудың қазіргі нормасы келесі ашу тәсілдеріне бағдарлануға кеңес береді:

- шақты алабын бремсбергтік және еңістік бөлікке бөле бір горизонттық ашу тәсілі;

- қазымдалатын горизонттың төменгі бөлігін таза ауамен қамтамасыз ету мақсатымен көмекші оқпанды тереңдете көп горизонттық ашу тәсілі. Бұл жағдайда басты тік оқпан төменгі горизонттан оқпан бойынша пайдалы кендерді шығару үшін тереңдетілуі мүмкін. Егерде басты оқпан тереңдетілмесе, онда көмір төменгі горизонттан еңіс бойынша жоғары қарай тасымалданады, содан кейін тік оқпан бойынша жер бетіне шығарылады;

- бас оқпан ретінде (скиптік тік оқпан сияқты), сондай-ақ, қуатты науа қондырғыларымен жабдықталған көлбеу оқпан қолданылуы мүмкін.

Кен-геологиялық жағдайлар үшін шақты алабын ашу тәсілдерінің барлық мүмкіндікті варианттарынан бәсекелестікке қабілетті 2 вариант таңдалады. Таңдалынған ашу тәсілдері егжей-тегжейлі талданылып және әрбір варианттың артықшылық ерекшеліктерін көрсете бейнеленеді.

Таңдап алынған әрбір вариант үшін барлық қажетті шамашарттар есептелінеді.

Оқпанның тереңдігі төмендегі формулалардың біреуі бойынша анықталады:

h = hн + Lбр·sinα + hз, м,                                    (12)

h = 55+1100*0.207+30=313,7м (скип)

h = 55+1100*0,207+7=290,7м (клет)

мұндағы hз – зумпфтың тереңдігі, скипті оқпандағы 20...40 м, клетті оқпандағы 7...10 м;

       hн – үйінділердің қуаты;

      Lбр – шақты алабының бремсбергтік бөлімінің көлбеу биіктігі;

α – тақталардың құлама бұрышы.

Оқпанды тереңдету тереңдігі:

h = (H Lбр)·sinα, м,                                        (13)

h = (2200-1100)*0,207=228,7м.

мұндағы  H – құлама бойынша шақты алабының өлшемі.

Оқпан албарының көлемі:

                                     Vод = 1.4∙Аст+85∙q+10∙Vв+1700, м3,                            (14)

Vод = 1,4*6517+85*20+10*145+1700=13974 м3

мұндағы  Аст – шақтының тәулік қуаты, т/тәулігіне;

          q – газбөлгіштік, м3/т;

        Vв – шақтыға судың суағыны, м3/сағатына.

Оқпандардың көлденең қималарының ауданы (S) оқпандар жабдықтарының өлшемдері (скиптік оқпандарда) және ауаның мөлшері (клеттік оқпандарда) бойынша анықталынады:

, м2

S=342/12=28,5(скип);        S=342/8=42,75(клет)

     , м2,       *1.05=20.6 м2        (15)

 м2  

мұндағы  VД – оқпан бойынша ауаның ең жоғары жылжу жылдамдығы, клеттік оқпандар үшін 8 м/с, скиптік оқпандар үшін 12 м/с;

Q – оқпан арқылы шақтыға кіретін ауаның мөлшері, м3/с:

, м3/с,                                        (16)

Q=6517*20*1,7/864*0,75=342м3/с.

мұндағы kР – ауаның жоғалымын және резервін ескеруші коэффициент, kР =1,6...1,8;

                  d - ҚЕ бойынша шақтыдан шығатын ластанған ауа ағысындағы метанның рұқсат етілген концентрациясы, d = 0,75 %.

Кейінгіде оқпанның тереңдігін қарастыратын варианттарда оқпан қимасын негізінде  көлденең қима шегінде тереңдетпе бөлімді орналастыруды ескере қабылдау қажет, яғни жабдықтардың өлшемі немесе ауаның өткізу мөлшері бойынша анықталған қима үшін оқпанның жарықтағы қимасы 0,5 м-ге артады.

Барлық есептелінген көлденең қиманың ауданы үлкен жаққа, яғни таяулық типтік қимаға дейін дөңгелектенеді.

Шақты алабының жеке бөліктерін (этаждарды, панелдерді, горизонттарды) қазымдау мерзімі бұл бөліктердің қорларын шақтының жылдық өндірістік қуатына бөлу арқылы анықталады.

Сумолдық коэффициент ω төмендегідей формуламен анықталады:

                                                    ,                                                      (17)

w=24*145/6517=0,54м3/сағ

мұндағы VB – шақтыдаға судың орта сағаттық ағыны, м3/сағатына.