Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 5

sl300

К 88Э (Ресей) комбайны

148

К 88Э (Ресей) комбайн схемасы

Комбайнның жұмыс істеу схемасын таңдау кентехникалық жағдайды талдаумен негізделеді. Комбайнның челнокты жұмыс істеу схемасы қуаттылығы 2,7 м-ге дейінгі тақталарда қабылданады.

Жоғарғы қуатты тақталарда кемерлеп алуды қолданған жөн (әуелі жоғарғы, ал қайтарым жүріс кезінде-төменгі кемерді). Көмірдің айтарлықтай сығылмасы байқалған жағдайда қайтарым жүріс кезінде табанды тазалаумен істейтін  комбайнның бір бағытты жұмыс схемасын қолдану қажет.

Таңдалған комбайнды ескере ала тазартпа кенжардың техникалық жүктемесі (AТ) келесі формула бойынша анықталады:

AТ = n(T - tПЗ)mrγvkCP kM, т/тәулігіне                                (5)

AТ=3*(360-15)*2,5*0,8*1,43*(0,8*8,6)*0,8*0,4=6517 т/тәулігіне

мұндағы n –  қазымдау бойынша тәуліктегі жұмыс ауысымдарының саны, n = 3, ал күрделі техника мен жоғары өнімділік үшін n = 2 мүмкін.

Т – жұмыс ауысымының ұзақтығы, мин;

tПЗ – даярлау-аяқтау операцияларының ұзақтығы, мин; tПЗ = 15 мин

m – тақтаның алу қуаты, м;

r – комбайнның бойлап алу тереңдігі (цикл тереңдігі). Комбайнның техникалық сипаттамасынан қабылданады (6-кесте), м;

γ – көмірдің тығыздығы, т/м3;

v – тазартпа комбайнның жылжу жылдамдығы, v = (0,75..0,80) vT, м/мин; 

vT – комбайнның жылжу жылдамдығының техникалық мүмкіндігі. комбайнның техникалық сипаттамасынан қабылданады (6-кесте);

kCP – комбайнның жұмыс істеу схемасын ескеруші коэффициент: челнокты жұмыс істеу схемасы кезінде kCP = 1,0, бір бағытты және кертпешті схемалар кезінде kCP = 0,8;

 kM – машиналық уақыттың коэффициенті, kM = 0,4..0,45.

Желдетпелеу жағдайы бойынша тазартпа кенжар жүктемесін есептеу келесі формула бойынша анықталады:

, т/тәулігіне                                (6)

 т/тәулігіне.

мұндағы vВ – ҚЕ бойынша лавадағы ауаның ең жоғары жылжу жылдамдығы, vВ = 4 м/сек;

s – ауа ағысына арналған қазбаның өту қимасы. Механикаландырылған бекітпенің техникалық сипаттамасы бойынша қабылданады (5-кесте), м2;

d – ҚЕ бойынша ластанған ауа ағысындағы метанның рұқсат етілген концентрациясы, d = 1%;

kВП – қазба бекітпесі артындағы кен алынған кеңістік бойынша ауа бөлігінің жылжуын ескеретін коэффициент, kВП = 1,2...1,3;

qЛ  –  ластанған ауаның ағысына лавадан метанның бөлініп шығуы, м3/т,

                                                  qЛ  = (0.3…0.4) qШ,                                        (7)

          qШ – шақтының метандылығы, м3/т.

Екі есептелінген мәннен кенжардың ақтық жүктемесі ретінде ең азы қабылданады:

7 - кесте Кенжар жүктемесі

Тақтаның индексі

Механикаландырылған жиынтық

Комбайн

Кенжар жүктемесі, т/тәулігіне

1

2

3

4

1

М 138 (Ресей)

К 88Э (Ресей)

3767

           4 Шақты алабын даярлау тәсілі және көмір тақталарын қазу жүйесі

Тақталардың біреуі бойынша қазу жүйесі мен шақты алабын даярлау тәсілін таңдау және дәлелдеу. Тақталарды қазу жүйесінің (қазу алаптарының өлшемдері, лавалардың ұзындықтары, этаждардың, панельдердің және горизонттардың өлшемдері) және шақты алабын даярлаудың негізгі шамашарттары.

Шақты алабының кен-геологиялық жағдайын талдау негізінде шақты алабын даярлаудың этаждық, панелдік немесе горизонттау тәсілін қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Әр тәсілдің артықшылығы және кемістігі келтіріледі. Біржола ең қолайлы тәсіл таңдалады.

Шақты алабын горизонттап даярлау тәсілі өте газды, құлама бұрышы 120 дейін баратын, бүйір жыныстары өте сулы, ал геологиялық бұзылыстар бағыты құлама бағытына келетін көмір тақталарында қолданылады. Тақтаның құлама бұрышы 120 –тан артығырақ болған жағдайда этаждық немесе панелдік тәсіл қолданылады. Панелдік тәсілге ізет беріледі, егерде шақты алабының өлшемі жазылым бағыты бойынша 6 км –ден артығырақ болса. Бұл жағдайда алу алабының өлшемі қазымдау периодын қамтамасыз ететін өлшемге жуықтайды, яғни механикаландырылған жиынтықтардың жөндеусіз жұмыс істеу мерзіміне жақындау (1,5 жыл және бұдан көп). Шамалы өлшемді алу алаптары рациональды емес шығындарға еріксіз келтіреді (механикаландырылған жиынтықтарды құрастыру мен  бөлшектеудің жиілігі). Сондай-ақ панелдік даярлау тәсілі тазартпа кенжарлар санын бір тақтада 8 дейін жеткізуге мүмкіншілік береді. Барлық басқа жағдайларда шақты алабын этаждық тәсілімен даярлау қолданылады.