Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 2

  Донецк комір бассейні. 1721 жылы Григорий Капутин ашты. Өнеркәсіптік қазу 1723 ж. Бахмут қаласы аумағында басталды. Бассейннің ауданы – 60 мың км2. 140 млрд.т жуық қоры, соның ішінде сапашарттарға 108 млрд.т жауап береді. Тау-кен жұмыстары 400-800 м тереңдікте жүргізіледі, жеке шақтылар 1000 м. аттап өтті. Қазылатын тақтақталардың қалыңдығы 0,6-1,2 м, жеке жағдайларда 2,5м. дейін барады. Донбаспен көптеген бастамалар, бүкілодақтық және республикалық рекордтарға байланысты, Донбасс стахандық қозғалыстын отаны болып табылады. Революцияға дейін көмір өндірісі – жылына 25,3 млн.т құрады, қазіргі таңда – 50 млн.т құрайды.

  Кузнецк көмір бассейні. 1721 ж. Мехаил Волков, бірінші шақты – «Бачатские копи» - 1851 жыл. 26,7 мың.км2, сапашарттық қоры – 548 млрд.т. Жыныстардың тереңдігі – 200-600 м. 68 шақтыларда тақталардың қалыңдығы 0,6-30 м., 22 тілік (жарма) бар. Жылына 150 млн.т жуық.

  Мәскеулік көмір бассейні. 1722 ж. Иван Палицин, өндірім 1855 жылы басталды. 11 млрд.т 4 тақтаның өнеркәсіптік мәні зор. 120 мың.км2, 38 шақты 4 тілік бар. Қазір өндірім – 2 млн.т.

  Печорск көмір бассейні. Есте сақталғаны 1828 ж. Өндірім 1834 жылдан бастап 90 мың.км2. Қоры 265 млрд.т. Қазу тереңдігі 350-900м. 18 шақты, 20 млн.т.

Сонымен қатар қазу Львовско-Волынский, Иркутск, Оңтүстік-Якутия, Черемховский бассейдерінде, Грузия,Урал, Орта Азия, Алыс Шығыс, Сахалин кен орындарында және басқа да жерлерде жүргізіледі.

Дүние жүзінде көмірдің жалпы қоры 14,5 трлн.т жуық, барлық энергия таратқыштардың қорынан әлдеқайда көп. Соның ішінде б. КСРО аймағында 8,6 трлн.т (60%) жуық. Ресей аймағында қоры жағынан бірден-бірі болатын бассейндер орналасқан: Ленский, Таймырский, Чукотский, Тунгусский. Бұл бассейндер әлі қазылмай жатыр.

Тазартпа кенжардағы жүргiзiлетiн жұмыстар: көмiрдi шауып, құлатып алу, сонан кейiн конвейерге тиеу; кенжар кеңiстiгiн тіреп бекіту; көмiрдi тазартпа кенжардан тасыма штрегiне жеткiзу; тiреу материалдарын лаваға жеткiзу; лава жылжыған сайын, ондағы жабдықтарды көшiру; жыныс қысымын игеру.

Көмірді алу үшін комбайндар, жоңғынтар, қырнағыштар, шой балғалар, тілме машиналр қолданылады. Мен өзімнің курстық жобамды есептеуде тақталардың қуатына байланысты SL-500 комбайның және Глиник

055/15 – ОzS механикаландырылған бекітпесін тандадым.

 1 Кен орындарының кен-геологиялық және кентехникалық жағдайларын талдау

Стратиграфикалық тілікте көмір қыртысының орналасуы. Шақты алабы тектоникасының қысқаша сипаттамасы. Тақталардың құрылымы мен жатыс элементтерінің төзімділігі. Көмір тақталарының сипаттамасы. Көмір сапасы көрсеткіштерінің сипаттамасы. Кен орны учаскесінің сугеологиясы, газдылығы және лақтырыс қауіптілігі. Шақты алабының өлшемдері және шекарасы. Шақты алабының баланстық қоры. Өнеркәсіптік қорларды және жоғалымдарды дәлелдеу.

1 – кесте  Көмір тақталарының сипаттамасы

Тақтаның индексі

Тақтаның орташадинамикалық қуаты, м

Көмірдің тығыздылығы, т/м3

Тақтаның өнімділігі, т/м2

Үстіңгі тақтаға дейінгі ара қашықтық, м

1

2

3

2,5

1,8

1,6

1,43

1,43

1,43

3,575

2,574

2,288

-

50

60

мұндағы n  -  тақталардың  саны.

Шақты алабындағы әрбір тақта бойынша баланстық қор QБi төменгі формуламен есептелінеді:

                                                       QБi = LHmγ, млн. т                                            (1)

QБ1 =6200∙2200∙2,5∙1,43=48,76млн.т;

QБ1 =6200∙2200∙1,8∙1,43=35,11млн.т;       

QБ1 =6200∙2200∙1,6∙1,43=31,21млн.т;

мұндағы L, H–жазылым және құлама бағыт бойынша шақты алабының өлшемдері, м;

m – тақтаның орташадинамикалық қуаты, м;

γ – көмірдің тығыздығы, т/м3

2 – кесте - Шақты алабының баланстық қоры, өнеркәсіптік қорларды және жоғалымдарды дәлелдеу