Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 4

Шақтының жылдық қуаты:  2,1 млн.т/жылына

Шақтының қалыпты қызмет ету мерзімі: 44 жыл

Шақтының өндірістік қуатын игеруге, қазылымға бұрылуға қажетті уақыт: 4,3 жыл

Шақтының толық қызмет ету мерзімі: 48,3 жыл

3 Тазартпа қазу мен кенжар жүктемесін механикаландыру

Тазартпа қазуды механикаландыру тәсілін таңдау және тақталар бойынша тазартпа кенжар жүктемесін есептеу.

Тазартпа жұмыстарының технологиясын таңдау кезінде тазартпа кенжарда кешендік механикаландыру мен автоматизациялау жұмыстарын, еңбекті қауіпсіздендіретін және жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыздандыратын жабдықтардың прогессивті түрлері қарастырылады. Тау қысымын басқару тәсілдері дәлелденеді.

Механикалы жиынтықты таңдау тақтаның құлау бұрышы мен қуаты бойынша сұрыпталады. Комбайнның жұмыс істеу схемасын таңдау кентехникалық жағдайды талдаумен негізделеді.

Комбайнның қайтымды (челнокты) жұмыс істеу схемасы қуаттылығы 2,5 м – ге дейінгі тақталарда қабылданады.  Жоғарғы қуатты тақталарда бір жақты немесе кемерлеп алуды қолданған жөн (әуелі жоғарғы, ал қайтарым жүріс кезінде – төменгі кемерді).

5-кесте  Механикаланған жиынтықтарды таңдау

Тіреудің түрлері

Тақтаның алу қуаты, м

Ауаның еркін өтуі үшін лаваның көлденең қимасының ауданы, м2

М 138 (Ресей)

1,2... 2,6

S = 1,9m + ,07

М 138 (Ресей) механикаланған жиынтықтың сипаттамасы

Жиынтықтың сипаттамасы

Мәндері

Өлшемдері

Өнімділігі  (1 )

1000

т/тәулігіне

Қарсыласу

430

кН/

Секцияның қарсыласуы

2800

кН

Гидравликалық жылжудың коэффициенті

1,9

-

Атқару органының алу ені

800

Мм

Энергетикалық жабдықтардың кернеуі

660,1400

В

Орнатылған қозғалтқыш қуаты

807

кВт

Жинақтағы салмағы

1161000

Кг

Әрбір тақта бойынша тазартпа қазуды механикаландыру және тазартпа кенжар жүктемесі есептелінеді. Технологияны таңдау кезінде механикаланған жиынтықты және тазартпа кенжарында жұмыстарды автоматтандыруды бағдарландыру қажет. Жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерді және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жабдықтардың ең прогрессивті түрлерін қолдануды қарастыру керек.

Механикаланған жиынтықты таңдауды тақтаның қуаты және құлама бұрышы бойынша тіреулерді іріктеп алудан бастау қажет (5-кесте).

Әрбір жиынтық үшін белгілі бір алым машинасы қарастырылады (6-кесте). Алайда тіреулер мен науалардың конструкциялары  комбайндардың бірнеше түрлерін қолдануға рұқсат етеді. Сондықтан нақтылы кен-геологиялық жағдай үшін алым машинасын таңдау көмір тақтасының алу қуатын, құлама бұрышын және кесуге қарсылығын талдау негізінде жүзеге асырылады.

6-кесте  Алым машиналарын таңдау

Комбайндардың түрлері

Тақтаның алу қуаты, м

Комбайн-ның қазып алу ені, м

Комбайнның жылжу жылдамдығы, м/мин

К 88Э (Ресей)

1,3...3,0

0,8

8,6

6-кесте К 88Э (Ресей) қазу комбайының сипаттамасы

Комбайнның сипаттамасы

Мәндері

Өлшемдері

Ұзындығы

12000

Мм

Биіктігі

1200

Мм

Массасы

40

Т

Кернеу

3300

В

Өнімділігі

800

т/сағ

Диаметр

1600

Мм

Эксплуатациялық мерзімі

24

Ай

Тақтаның алу қуаты

1,3...3,0

М

Беріліс жылдамдығы

40

м/мин

Комбайнның қазып алу ені

0,8

М

Тартқыш күш

554;259

Кн

Айналым саны

46

айн/мин

Электрқозғалтқыштың қуаты

1158

КВт