Автобуспен тасымалдаудың өндіріс бағдарламасын. Жаңар – жағармайдың шығындарын есептегенде жанар-жа

Страницы работы

Содержание работы

КІРІСПE

Көлік – халық шаруашылығында маңызды орын алып, көптеген мақсаттар үшін жан-жақты қолданылады. Көліксіз қоғамның және оның күш-қуатын  дамыту әсте мүмкін емес. Көлік – халық шаруашылығы мен мәдени-әлеуметтік қарым-қатынастардың барлық буынын өзара тығыз байланыстырып,  жандандырып тұрған байланыс құралы. Сондықтан автокөлік мекемелерінің жұмысы мен қызмет көрсету деңгейінің жоғарлауы және техникалық құрал- жабдықтары мен көліктік құрамдардың сапасының артып, заман талабына сай болуы мемлекеттің бақылауында болуы керек.

Нарықтық экономика жағдайында барлық көлік түрлері бойынша тасымалдауды жүзеге асыру, оның артықшылықтары мен тасымалдау жоспарының орындалуын бағалау үнемі өзгеріп, дамып отырады. Өзгерістің негізгі бағыты жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған-орталықтандырылған жүйесіне көшу және пайдалануға қолайлы жаңа жылжымалы құрамдар мен озық техникалық жабдықтарды пайдалану.

Тасымалдаудың басты құралы көлік болғандықтан, осыған тоқтала кетсем, жалпы көлік заттық және материалдық өндірістің негізі болып табылады. Транспорттық өндірістің негізгі ерекшелігі бұл өндірістегі өнім мен жұмыс бір уақытта өндіріс процесі болып табылады.

Жылдан жылға қалааралық жолаушы тасымалдаудың өсуі өте қатты байқалады. Қазіргі таңда олардың көрсеткіштері теміржол, су, әуе тасымалынан әлдеқайда жоғары болып келеді.

Алайда, жолаушы тасымалының өсуіне қарамастан, автобустар кәсіпорыны мен жолаушыға көрсетілетін қызмет сапасы әлдеқайда қазіргі талаптарға сай келмейді.

Жолаушы автокөліктері еліміздің экономикалық жоспарларының жүзеге асырылуында өте маңызды орынды алады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экономикасын қарқынды түрде дамыту үшін жүк және жолаушы тасымалдау жүйесін дұрыс әрі тиімді ұйымдастыру мен олардың үздіксіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Жолаушы тасымалы – қала және ауыл шаруашылығының дамуында да басты фактордың бірі болып табылады.

Халық саны 2 мың тұрғыннан кем емес елді мекенде өнеркәсіп-сауда, мәдени және әкімшілік шаруашылық орындарын байланыстыратын көлік түрін қалалық көлік деп атайды. Қалаішілік маршруттағы автобус аялдамаларының арақашықтығы 300-500м. Автобустардың аралығы 10 мин шамасына дейін болады, маршруттың ұзындығы қаланың құрылыс жоспарына сәйкес шамамен   3-20 км шамасында болады.

Тасымалдау қабілеттілігі – дегеніміз қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып бір сағатта тасымалдайтын жолаушылардың саны. Үлкен және орташа қалаларда қала көлігіндегі жолаушылардың ағыны магистраль көлік желісіне қарағанда 15 есе көп болады.

Қалалық көлікпен қарқынды қозғалыс уақытында жолаушы ағынын толық қамтамасыз ету үшін әр түрлі ұйымдастыру шаралары жүзеге асады. Мысалы: уақытша маршруттар құру, қозғалыс қарқыны жиі аралықтарға қысқартылған маршруттар енгізу, қозғалыс кестесін өзгерту, яғни аралық жиілігін жақындату.

Халық санының өсімі мен қаланың үлкеюі көлік қозғалысын ұйымдастыруда көптеген мәселелер тудырады. Көше жол тораптарында көлік кептелістері пайда болып, жол-көлік оқиғалары жиілеп, адамдардың қажетті жерлерге уақытында жету мүмкіншіліктері  төмендейді. Сондықтан көлік қозғалысына ықпал ететін  барлық жағдайларды қадағалап, статистикалық мәліметтер негізінде кезеңдік зерттеп-талдау жұмыстарын жүргізу керек.


1 Автобуспен тасымалдаудың өндіріс бағдарламасын   

есептеу                                                                                                  

1-кесте

Өндіріс  бағдарламаның

көрсеткіштері

Әріп белгілері

Өлшем бірліктері

Сандық мәні

1. Жұмыстағы авто-күндер

2. Жұмыстағы авто-сағат.

3. Автобустың жалпы жүруі

4. Жолаушылар айналымы

5. Тасымалдау көлемі

АКж

АСж

Lж

Р

Q

а – к а – с км жол-км  жол

10045

113508

6810510

99686797

332289

1.1 Жұмыстағы пайдалану авто-күндер:

АКж = Ат*Кк*αш = 10045 а – к

    АКж = 43*365*0,64 = 10045 а – к

Ат – тізімдегі орташа автомобильдер саны

Кк – жылдағы календарлық күндер,365күн

αш – автомобильдерді жолға шығару коэффициенті

1.2  Жұмыстағы(пайдалану) авто-сағаттар:

Похожие материалы

Информация о работе

Тип:
Курсовые работы
Размер файла:
66 Kb
Скачали:
0