Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi. Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері

Страницы работы

Фрагмент текста работы

Сонымен, бiрiншi, iрi еңбек бөлiнiсiнiң нәтижесiнде мал бағушылардың бөлiнiп шығуымен мал (iрi қара) айырбас құралына айналды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой, ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе, ал тундрада – бұғы жалпы эквивалент қызметiн атқарады. Бұған бiрнеше мысалдар келтiруге болады: латынның сөзi “пекуния” (ақша) “пекус (мал) сөзiнен шыққан. “Рупа” (мал) сөзi үндiлердiң ақша бiрлiгiнiң атауы “рупия” негiзiнде жатыр.

“Капитал” сөзiнiң шығуы да малмен байланысты, өйткенi ескi герман тiлiнде бұл сөз мал басы санының көптiгiн бiлдiре отырып, меншiк иесiнiң байлығын көрсеттi.

Солтүстiк халықтары ең бiрiншi айырбас құралы ретiнде жүндi пайдаланды. Ежелгi скандинавтар көлемi бойыша әр түрлi тауарлар сатып алу барысындақ құстардың, аңдардың жүндерiн пайдаланды.

Жылы теңiздердiң жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретiнде бақалшақ ақшаларды пайдаланды. Көлемi түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ “кари” көптеп таралды. Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бiр тұрақты формасы болып табылады. Бiздiң бүгiнгi күндерiмiзмге дейiн өмiр сүре отырып, олар ешкандай өзгерiске ұшыраған жоқ.

XX ғасырдың 70 жылдарының басында Соломон аралдарының кейбiр тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретiнде  бақалшақтардың  үш  түрi:  ең арзаны – қара  түстi  (куррила), ақ  түстi  (галиа),  аса  қымбат  -  қызыл  түстi (ронго) пайдалынады.

Әлемде  әр  түрлi  экзотикалық ақшалар болған. Королин аралдары тобына  кiретiн  ява  аралдарында  осы  күнге  дейiн  “феи”  акша  айналысыда  қызмет  етедi. Олардың  формасы  дөңгелекше тас түрiнде  келе  отырып  диiрменнiң  тасын  еске  түсiредi. Мұндай  монеталардың  диаметiрi  бiрнеше  метрге  жетедi.  Сауда  мәмiлесi  орындалғаннан  кейiн сатушыға  феяға  бұрынғы иесiнiң белгiсiн өшiрiп,  өзiнiң белгiсiн соғады.

Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретiнде “құралдарды” пайдалынған. Сонымен  бiр  құлдың  құны  үш  сиыр, алты бұзау, он екi қойға теңестiрiлген.

Өнер  мен  жер  игертушiлердiң  бөлiнуiмен  эквиваленттiң  жетiлуi жалғасты.  Бөлiнушiлiк, бiрiгушiлiк, бiркелкiлiк мiнездемелерi бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсiмдiк өнiмдерi – зәйтүн майы, күрiш, кофе, какао, құйма түрiндегi тұздар т.б.  

Жалпы эквивалент ретiнде металдарда пайдалана бастады. Ежелгi Спартта, Жапонияда, Африкада  темiр, мырыш, қорғасын, мыс, күмiс  алтын түрiндегi ақшалар қолданалыды.  Рим императоры  Диониссий сиракуз және орта  ғасырдағы ағылшын  карольдары мырыш ақшаларды құйды  .  Қытайда және Ежелгi  Римде  мыс ақша ретiнде  пайдаланылды .  XYII ғасырда   Солтүстiк  Америкада  ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшектерiн  қолданылады .

Металл ақшаларының   артықшылығы олар  - бiркелкi, төзiмдi, ұсақталынады. Металл ақшалардың кен таралуымен  ақша есебiнiң салмақтық жүйесi  нақтылана түстi. Кейiн келе металдардың арасында  басты роль  алтын мен  күмiске өте  басталды,  өйткенi  олар  жалпы эквивалент үшiн аса қажеттi сапаға ие .

Әрине, металдар бұған  дейiнгi ақша формаларын  бiрден ығыстырып  шығарып  тастаған  жоқ. Ұзақ уақыт  бойы  металл ақшалар  тауар формасын  сақтап  келдi. Темiр ақшалар күрек,  таға, шынжыр, шеге  және т.б формаларда  ұзақ уақыт бойы сақталынды.  Грек ақшасының атауы “ драхма”  “бiр уыс шеге ” деген мағынаны бiлдiредi.  Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан  түрлерiнде ғана  айналысқа түстi

Похожие материалы

Информация о работе

Тип:
Курсовые работы
Размер файла:
241 Kb
Скачали:
0