Тәжірибе бағдарламасына қатысты құжаттар. Бухгалтерлік есептің даму тарихымен танысу

Страницы работы

Фрагмент текста работы

Кейбір елдерде бухгалетрдің адамгершілік қасиетіне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды. Осы кезеңнен бастап біздің ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі түрі – кітаппен байланысты болды.

   Есептің жетілдірілуі ескі және жаңа италиялық екі жақты бухгалтерияның пайда болуына жағдай туғызды. Екі жақты жазудың өмірге келуі адамзат қоғамының өмірі эәне шығармашылығы үшін ауқаттылық жасаған меншік капиталының дамуына (мүмкіндік жасады) жол ашты. Екі жақты жазу жүйесі XIII-XIV ғғ. дүииеге келді, оны солтүстік Италияның сауда орталықтарында қолданған еді. Генуяның муниципалдық жазуларында табылған екі жақты жазудың жүйесі 1340 жылмен көрсетілген.

 Одан ерте екі жақты жазу 1299-1300 жж, Францияда Шампань провинциясындағы фирмада анықталған.

 Бухгалтерлік есеп туралы ғылым ретінде 1458 ж. Бенедетто Катрульи өзінің кітаптарында жазған.

   Ескі италиялық бухгалтерияның негізгі ерекшеліктері – есеп жүргізуші екі кітапты: журналды және  Бас кітапты болып көрсетілуі. Журналда хронологиялық жазулар жазылса, Бас кітапта топтастырылып жазылды. Кітаптың барлық парағы номерленді жіне бір парақтың жоғалуы кітаптың құнын айтарлықтай түсірді.

   Бухгалтерлік есеп туралы бірінші кітапты 1494 жылы италиялық ғалым-математик Лука Пачоли жазды. Лука Пачоли алғаш рет бухгалтерлік есеп туралы білімді бір жүйеге келтірді. Оның осы «Арифметика, геометрия салалары, пропорциялар және қатынастар туралы ілім» деген кітабында «Шоттар және жазулар туралы трактаттар» деп аталатын бөлімінде екі жақты бухгалтерияны жүргізу әдісін көрсетеді. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:

  Барлық дебеттік айналымдардың сомасы сол шоттар жүйесіндегі еркдиттік айналымдардың сомасына тең;

  Дебеттік қалдықың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.

Постулаттардың мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындарды шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.

   Ал жаңа екі жақты бухгалтерияда синтетикалық және талдамалық (аналитикалық) шоттар пайда болды.

   Ал есептің мемориалдық кассалық (немістік) нысаында журнал екі журналға бөлінеді: кассалық журнал және мемориал.

   Кейін XIV ғ. ортасынан бастап есептің журналды жүйесі пайдаланылса, XX ғ. басында Бас журнал  немесе америкалық нысаны пайдаланылатын болды. Ал XIX ғ. аяғында есептің шахматтық нысаны пайдаланылса, қазіргі кезде есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады.  Бұл нысан есептің процесті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап компьютерлік бағдарлама -  «1С Бухгалтерия». Бұл бағдарлама «карапайымнан күрделіге» принципі бойынша құрылған. Оны  қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.

2.2. Бухгалтерлік есептің дамуының кезеңдері

Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

1. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ аяғына дейін;

2. XVIII ғ. аяғынан  XIX ғ. дейін;

3. XIX ғ. соңы – XX ғ. басы;

4. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.

Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.

Екінші кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек онда онда «есептеу» ғылымының басты бағыттары анықталған, ал бұдан кейін оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуантеориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда – камералдық .

Үшінші кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.

Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың бірі болып күш салған итальян мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.

Бухгалтерлік есептің төрінші даму кезеңі сыртқы нарықтык орта

Похожие материалы

Информация о работе

Тип:
Курсовые работы
Размер файла:
222 Kb
Скачали:
0