Гараж автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, страница 5

Параметрлі сұраныс құру үшін сұраныс құру процессінде жоғарыда көрсетілген өрісте «Условие отбора» белгіден кейінгі мәндер орнына мән көрсету, ал тік жақшаларда [] сұраныс орындау кезінде қолданушыға қандай ұсыныстар шығатынын көрсету (Сурет 11)

Сурет 11 – Параметрлі сұраныс

Сурет 12 – Параметрлі сұраныс орындау нәтижесі

3.2.6. Қорытынды сұраныс

Қорытынды сұраныс жазба топтарға, қорытындылар жолы – жалпы қорытындылар бір немесе бірнеше деректер бағандары арасындағы қорытындыларды анықтайды.

Қорытынды сұраныс құру үшін сұраныс құру процессінде жоғарыда көрсетілгендей «Итоговый» таңдап,  «Итоги» батырмасын басу керек

(Сурет 13)

Сурет 13 – Қорытынды сұраныс құру

Сосын қандай қорытынды мәндерді есептеу керектігін таңдау

(Сурет 14)

Сурет 14 – Қорытынды мәндерді таңдау

Сурет 15 – Қорытынды мәндер нәтижесі

3.2.7. Есептеу сұранысы

Есептеу сұранысын құру үшін сұраныс құру процессінде жоғарыда көрсетілгендей мыналарды жүзеге асыру керек:

1. Өзгертуге міндетті сұранысқа өтулер облысында тінтуірдің  оң батырмасын шертіп, контексттік мәзірде Конструктор пәрменін таңдау

-немесеЕгер сұраныс ашық болса, сұраныс документі қойындысын тінтуірдің  оң батырмасымен шертіп, контексттік мәзірде Конструктор пәрменін таңдау

2.Сұраныс бланкісінде өрнек қамтитын ұяшықты таңдаңыз.

3.Конструктор қойындысының «Настройка запроса» тобындағы «Построитель» батырмасын басыңыз (Сурет 16)

Сурет 16 – Есептеу сұранысын құру

Сурет 17 – Есептеу сұранысын орындау нәтижесі

3.3. Шебер режимінде нысан құру

Нысан – кестеден немесе сұраныстан деректерді енгізу, өзгерту, бейнелеу үшін қолдануға болатын деректер қорының объектісі.Нысандар деректерге қол жеткізуді басқару үшін қолданылуы мүмкін: олардың көмегімен деректердің қандай өрістері немесе жолдары көрсетілетінін анықтауға болады.Мысалы, кейбір қолданушыларға үлкен кестеде тек кейбір өрістерді көру жеткілікті болады. Егер тек керекті өрістер формасын берілсе, олардың деректер қорымен жұмысы жеңілдетіледі .Жиі жасалатын іс-әрекеттерді автоматтандыру үшін формаға батырмалар және басқа функционалдық элементтерді қосуға болады.

Нысандарды қолданушылардың деректер қорын көре, өзгерте  алатындай етіп терезе ретінде қарастыруға болады. Ұтымды салынған нысан деректер қорымен жұмысты жеделдетеді, себебі қолданушыларға өздеріне керек нәрселерді іздеу қажет болмайды.Сырт көрінісінде тартымды нысан деректер қорымен жұмысты жағымдырақ, тиімдірек етеді, сонымен қатар ол деректерді қате енгізу қаупін болдырмауға көмектесе алады.

Шебер режимінде нысан құру үшін «Создание» қойындысындағы «Формы» тобында «Другие формы» шертіп, тізімдегі «Мастер форм» тармағын шертіңіз. Нысанға өрістер таңдау. Бірнеше кестелер немесе сұраныстар таңдау жүзеге асырылады (Сурет 18).

Сурет 18 – Нысан құру

Сосын сыртқы кейіпті таңдау керек (Сурет 19):

1.  в один столбец (Сурет 20, 21);

2.  ленточный (Сурет 22);

3.  табличный;

4.  выровненный.

Сурет 19 - Нысанның сыртқы кейіпін таңдау

Сосын қажетті стильді таңдап, нысанға ат қойып, «Готово» басу керек.

Сурет 20 – Сұраныс қорындағы «в один столбец» нысаны

Сурет 21 – Кесте қорындағы «в один столбец» нысаны

Сурет 22 – Кесте қорындағы «ленточная» нысаны

Қорытынды

Мен бұл курстық жұмысымда гараж кооперативінің қатысушылары туралы ақпаратты есепке алу үшін деректер қорын құруды үйрендім. Осы деректер қорын орындау барысында қатысушы туралы жазба құру, жазба қосу, деректер іздеу, экранға деректер шығару іс-әрекеттерінің болуы маңызды болып табылады. Курстық жұмыс гараж кооперативінің қатысушылары туралы жалпы мәліметтерді жинау, атап айтқанда, әрбір қатысушының аты-жөні, төлқұжат деректері, тіркелген мекен-жайлары, көліктерінің маркасы, гараж нөмірлері, гараж алаңы, қашан гаражды иемденгені, яғни күні туралы және гараждың сатылып-сатылмайтыны туралы мәліметтерді қалай қалай қолдану керек екенін зерттеп, жобалау жүзінде нақтылап, скриншоттармен көрсеткен. Осы мәліметтердің деректер қорын құрып, автоматтандыру – гараж жұмысын едәуір жеңілдетеді.