Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі
Ақпараттық пәндер ЦӘК
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Гараж автоматтандырылған ақпараттық жүйесі»
Орындаған студент:
Тексерген оқытушы:
Петропавл, 2017
Мазмұны
Кіріспе…………………………..…………………………..………………. 3
I.Теориялық бөлім
1.1. Access туралы түсінік…………………………..……………………… 5
1.2. Жұмыс қойылымының әзірленуі……………………………………… 7
ІІ. Access ДҚБЖ базасындағы «Гараж кооперативі»
ақпараттық-ізденіс жүйелерінің әзірленуі :
2.1. Пәндік облыс атрибуттарын бөлу…………………………………….. 8
2.2. Атрибуттар түрін анықтау………………………………………….…. 9
2.3. Деректер қоры файлын құру…………………………………………. 10
2.4. Кесте құрылымын құру………………………………………………. 11
III. Жобалау бөлімі
3.1. Кестені толтыру………………………………………………………..14
3.2.1. Сұраныстарды құрастыру ……………………………………….… 15
3.2.2. Теру сұранысы……………………………………………………… 16
3.2.3. Бір шартты сұраныс……………………………………………….... 18
3.2.4. Бірнеше шартты сұраныс…………………………………………... 19
3.2.5. Параметрлі сұраныс………………………………………………… 20
3.2.6. Қорытынды сұраныс………………………………………………... 21
3.2.7. Есептеу сұранысы…………………………………………………... 23
3.3. Шебер режимінде нысан құру……………………………………….. 24
Қорытынды………………………………………………………………. 27
Кіріспе
MS Access әзірлемесінің негізгі артықшылықтарының бірі – Microsoft-пен тығыз байланыс. Құрылған қосымшаның қалыпты жұмыс жасауы үшін Office орнату жеткілікті. Сонымен қатар барлық жұмысқа қажетті Access кітапханалар, ODBC, т.б. орнатылады. Access MS SQL Server және басқа да деректер қоры форматтарымен жеткілікті жақсы үйлесімді.
Орындалатын әр жұмыс шешу тәсілін таңдауды қамтиды. Access қарапайым көрінгенімен, қиын жұмыстарды жасай алады. Access тез және жақсы қиын жұмыстарды істеуге болатын елеулі құрал. Жұмыс әзірленуінің жылдамдығы қажет көптеген жобаларда Access ең қолайлы болып табылады.
Access бастапқыда үстелді деректер қоры ретінде болған және осы салада оған тең қарсылас табу қиын. Сонымен қатар Access сұрауларды және ADO арқылы олармен жұмыс істегендегі кестелерді сақтауға арналған өте жақсы контейнер.
Access тапсырыс берушінің сұранысын қанағаттандыратын кәсіби деректер қорын қысқа уақытта және аз ақылы түрде әзірлеуге мүмкіндің береді. Сонымен қатар, бұл шешім басым икемділікке, туралауларға ие, оған Oracle және C++ өнеркәсіптік деректер қоры негізінен тезірек және арзанырақ толықтырулар мен өзгерістер енгізуге болады.
MS Access сатып алу шығынына байланысты – ол MS Office-ке кіреді, ал бұл өнім көптеген кәсіпорындарда бар. MS Office орнатылмаған компьютерді елестету қиын. Сіз тек тапсырыс берген бағдарламалық қамтамасыздандыруға ғана ақша бересіз.
Жұмыстың өзектілігі - гараж кооперативінің қатысушылары туралы ақпаратты есепке алу үшін деректер қорын құру.
Зерттеу нысаны - Access-те деректер қорын құру жұмыстары.
Зерттеу пәні: деректер қорын құруға қажетті мәліметтер.
Жұмысының мақсаты: Access-тің деректер қорымен жұмыс жолдарын жасай отырып, оның көмегімен гараж жұмысын автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйесін құру.
Зерттеу міндеттері:
· Access-те деректер қорымен жұмыс жолдарын зерттеу;
· Access-те кесте толтыру, сұраныстарды құрастыру, шебер режимінде нысан құру
· Access-те деректер қорымен жұмыс істеп, сол арқылы гараж жұмысын автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе құру
Жұмыстың практикалық маңыздылығы - гараж кооперативінің қатысушылары туралы жалпы мәліметтерді жинау, атап айтқанда, әрбір қатысушының аты-жөні, төлқұжат деректері, тіркелген мекен-жайлары, көліктерінің маркасы, гараж нөмірлері, гараж алаңы, қашан гаражды иемденгені, яғни күні туралы және гараждың сатылып-сатылмайтыны туралы мәліметтер. Осы мәліметтердің деректер қорын құрып, автоматтандыруды жүзеге асыру – гараж жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлім қандай бағдарламамен жұмыс жасайтыным жайлы – бағдарламаны түсіндіру, жұмыс қойылымының әзірленуі туралы мағұлматтар көрсетіледі.
Екінші бөлімде деректер қорын, кестелер құру – гараж кооперативінің қатысушылары туралы мәліметтерді зерттейді.
Үшінші бөлімде кесте толтыру көрсетіліп, гараж кооперативінің қатысушылары туралы мәліметтерді қолдануды автоматтандырып, қалай тиімді қолдану туралы айтылған.
I.Теориялық бөлім:
1.1. Access туралы түсінік
Microsoft Acces - MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ, төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
2003 Access 2003 (MS Office 2003)
2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)
Microsoft Access бағдарламасы – кез келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі туралы мағлұмат алу үшін немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі.
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.