Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 9

Басты тік оқпанды салудың рациональды орны болып тақтамен тасымалық горизонттың қиылысу нүктесі саналады.

Күрделі және горизонттық квершлагтардың ұзындықтары оқпандарды салу орындарын және тақталар арасындағы ара қашықтықты ескере анықталады.

Варианттарды салыстыру әдістерімен ашудың рациональды тәсілін таңдау. Әдістің мәні:

1) ашудың рациональды тәсілін таңдау қарастырылатын варианттарды экономикалық салыстыру арқылы жүзеге асырылады;

2) варианттарды салыстыру кезінде жұмсалатын қаржылардың келесі тармақтары ескеріледі:

а) бастапқы күрделі қаржыландыру (шақтыны пайдалануға бергенге дейінгі) және келешектегі жылдарда (шақтыны пайдалануға өткізгеннен кейін);

б) пайдалануға жұмсалатын шығын:

- даярлау қазбаларын жүргізу;

- даярлау қазбаларын күтіп ұстау;

- күрделі тау-кен қазбаларын жөндеу;

- көмірді тасу және көтеру;

- күрделі қаржыландыруды реновациялау;

- сутөкпе (ω > 1кезінде).

3) варианттарды салыстыру кезінде қарастырылатын схемалар ерекшеленетін болса, онда жұмсалатын қаржылар ескеріледі. Біркелкі шығындар ескерілмейді (ұзындықтары және көлденең қималары бірдей қазбаларды жүргізу, оларды күтіп ұстау, көлемдері бірдей пайдалы кендерді тең ұзындықтарға бірдей жолдармен тасымалдау және т.б.).

Қолайлы жағдай туғызу үшін ашу схемаларын салыстыруға қабылданған варианттар бойынша қазбалардың кестесі құрылады. Олар келесі есептеулерде ескерілетін болады (9-кесте).

      9-кесте

Қазбалардың атауы

Қазбалардың саны

Қазбалардың ұзындығы, м

Қазбалардың қимасы, м2

Бірінші вариант

Негізгі тік оқпан

1

313,7

19,6

Қосымша тік оқпан

1

290,7

20,6

Варианттар бойынша бастапқы күрделі шығындарды есептеу 10-кестеде келтіріледі.

10-кесте

Қазбалардың атауы

Қазбалар-дың саны

Қазбалардың қимасы, м2 (көлемі) м3

Қазбалардың ұзындығы, м

1 м (м3) қазбаның құны, тг.

Қазбаны жүргізудің толық құны, мың тг.

 

Бірінші вариант

 

Бастапқы тік оқпан

1

19.6

313.7

323010

101,328

Қосымша тік оқпан

1

20.6

290.7

328140

95,390

Алдағы жылдардың (СПР) күрделі шығындары қазіргі шығындық шамашарттар бойынша есептелінеді және базалық кезеңге келтіріледі (базалық кезең – шақтыны пайдалануға өткізу мезгілі):

                                              ;                                                      (17)

Спр=323010/4,7=68725,5;

Спр=328140/4,7=69817;

                         КПР = (1 + Е)t,                                                       (18)

КПР = (1 + 0.08)20=4,7.

мұндағы С – қазіргі шығындық шамашарттар бойынша есептелінген күрделі қаржыландыру;

Е – коэффициентті реттеу нормативі, Е =0,08;

t – күрделі қаржыландыруды базалық кезеңнен айыру мезгілі, жыл.

Егерде t > 20 жыл болса, онда t = 20 жыл ретінде қабылданады;

КПР – реттеу коэффициенті.

Варианттар бойынша алдағы жылдардағы күрделі қаржыландыруды есептеу 11-кестеге келтіріледі.

      11-кесте

Қазба-лар-дың атауы

Қазбалар-дың саны

Қазбалар-дың қима- сы, м2 (көлемі) м3

Қазбалар-дың ұзынды-ғы, м

1 м (м3) қазбаны жүргізудің құны, тг

Қазбаны жүргізу-дің толық құны, мың тг.

Шығын-ды реттеу коэффи-циенті

Жұмсал-ған  шығын, мың тг.

Бірінші вариант

Тік окпан- ның ұзартылған бөлігі

1

19,6

313,7

323010

101,328

4,7

21,6

2-горизонт квершлагтары

3

20,6

290,7

328140

95,390

4,7

20,3

Бірінші вариант бойынша барлығы

41,9