Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 7

Тасымалдау. Тазартпа кенжарынан көмір тазартпа комбайынмен қазып алынып скреперлі (сыртпалы) конвейерге тиелінеді, тасыма бремсбергтегі скреперлі конвейер арқылы тиегішке тиеленіп ленталы (жолақтық) конвейерге ауысады, одан кейін учаскелік квершлагтан өтіп көмір магистральды штрекке тасымалданады, одан күрделі конвейер квершлагына ауысады, сосын оқпан алабына ауысып скиптік оқпанның скипіне тиелінеді, жер бетіне шығарылады.

Шахты алабын құлама-өрлеме бойынша бағандарға бөлу:

1 – басты оқпан; 2 – желдеткіш оқпан; 3 – басты штрек; 4 – желдетпе бремсберг;

Алу алабының өлшемі (LВП) шақты алабының өлшемдерін және оның даярлау тәсілін ескере анықталады:

- горизонт даярлау тәсілі кезінде алу алабының өлшемі мынаған тең болады:

,

Lвп=6200/2=3100м.

мұнда  L – жазылым бойынша шақты алабының өлшемі;

Алу алабын қазымдауға жұмсалатын мерзім TВП, жыл:

                                     , жыл,                                                   (9)

Твп=3100*250*2,5*1,43/300*3767=2 жыл.

мұндағы LЛ – лаваның ұзындығы, м;

m – тақтаның алу қалыңдығы (қуаты), м;

γ – көмірдің тығыздығы, т/м3;

А – кенжардың тәуліктік өнімділігі (қуаты), тәулік.

Алу алабын қазымдауға жұмсалатын мерзім механикаландырылған жиынтықтарды жөндеу жұмыстарының мерзіміне (1,5 ... 2 жыл), яғни осы заманғы жабдықтар үшін сәйкес келсе, рациональды.

5 Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау

Тақталарды олардың кезектік қазымдалуы бойынша топтастыру, тазартпа кенжарларды тақталар бойынша бөлу, тақтаға түсетін жүктемені анықтау. Тауарлық көмір бойынша шақтының қуаты.

Шақтының  белгіленген қуаты кентехникалық мүмкіндіктермен расталуы қажет (тақталардың кезектікпен қазымдалуын топтастыру және әр тақтаның жүктемесін анықтау арқылы).

Тақталардың кезектікпен қазымдалуын топтастыру кезінде төменгілерді қарастыру қажет:

- тақталарды ылдилап қазымдау тәртібін қарастыру қажет;

- үстіңгі тақтаны қазу интенсивтілігі төменгі тақтаны қазу интенсивтілігінен аз болмауы қажет;

- бір уақытта қазымдалатын тақталардың саны екі-үштен аспауы қажет.         

Әрбір тақтаның жүктемесін анықтау үшін келесі жұмыстар орындалады (8-кесте):

- таңдалған шақты алабының даярлау тәсілін ескере тазартпа кенжарларды  орналастыру жүзеге асырылады. Бұған бір уақытта жұмыс істейтін тазартпа кенжарлардың саны байланысты;

- даярлау қазбаларын жүргізу кезінде қазып алынған жолшыбай өндірілім ескеріледі. Жолшыбай өндірілім тақтаның қуатына байланысты 5..10% құрайды (қазылатын тақта бойынша тазартпа кенжар жүктемесімен салыстырғанда

8-кесте

Тақтаның индексі

Кенжар жүктемесі, т/тәулігіне

Кенжр-лар саны

Тазартпа кенжарлар-дың тәулік қуаты, т/тәлігіне

Даярлау кенжарлары-ның тәулік қуаты, т/тәлігіне

Тақта жүктемесі, т/тәулігіне

1

2

3

4

5

6

1

3767

1

6517

456,2

6973,2

Бір уақытта қазымдалатын тақталардың әрбір тобы бойынша тақта жүктемесі қосындылады. Сонымен, әрбір  кезеңде қорлар қазымы бойынша шақтының тәулік қуаты анықталады. Алынған нәтижелер талданылады және біржола стандартты тәуліктік пен жай көмір бойынша АГР жобаланатын шақтының жылдық қуаты қабылданады.

Тақталардың қазымдау кезеңдері бойынша қазылым резерві анықталады:

 %                                      (10)

R=(10284/6517-1)*100%=57,8%

мұндағы АСР, АСТ – тақталар тобы бойынша сәйкес есептелінген жүктеме қосындысы және шақтының типтік тәулік қуаты.

Тауарлық көмір бойынша шақтының жылдық қуаты:

                                , т/жылына.                                              (11)

Агт=2,1/1,15=1,8 т/жылына.

6 Шақты алабын ашу

Бәсекелестікке бейімділеу ашу схемаларының варианттары, оларды бейнелеу және технологиялық талдау. Ашу қазбаларын салу орындары. Ашу схемаларының негізгі шамашарттары (қазбалардың қималары және олардың ұзындықтары, этаждардың, қазу алаптарының, горизонттардың және т.б. қорлары).