Кен орындарының кен-геологиялық және кен-техникалық жағдайларын талдау. Тақталардың кезектік қазымдалуын топтастыру және тақталар жүктемесін анықтау, страница 6

Таңдалған шақты алабының даярлау тәсілін ескере нақтылы тақта үшін қазу жүйесінің кем дегенде  мүмкіндікті екі варианты тағайындалады. Кен-геологиялық жағдайлар үшін олардың технологиялық артықшылықтары және кемшіліктері талданылады және қазу жүйесінің ең ыңғайлы варианты қабылданады.

Мысалы, шақты алабын горизонттап даярлау тәсілі кезінде бір немесе қосарланған ұзынкенжарлық қазу жүйесі қолданылуы мүмкін. Көмір не жоғары қарай, не төмен қарай алынады. Келесі ұзын бағанды алуға ауысқан жағдайда тасыма қазбасы желдетпе қазбасы қызметін атқарады.

Шақты алабын даярлаудың негізгі шамашарттары (қазу алаптарының өлшемдері, лавалардың ұзындықтары, этаждардың, панелдердің және горизонттардың өлшемдері) дәлелденеді.

Тазартпа кенжардың ұзындығын (LЛ) келесі ұсыныстарды ескере қабылдау қажет:

- механикалы жиынтық бекітпелерін және тар алымды комбайндарды қолдана орташа қуатты тақталарды қазуда лаваның ұзындығын 200…250 м шамада қабылдау қажет;

Көмір кенорның қазу жүйесі деп нақты көмір тақтасының геологиялық жағдайы мен кенқазу жабдықтары айқындалған, кеңістік пен уақыт бойынша бір-бірімен қалыптастырылған, қазымдалатын тақтаның бөлігінде дайындау және тазартпа жұмыстарының орындалу тәртібі мен ретін атаймыз. Бұл бөліктерге этаж (этаж аралық), панель, ярус (ярус аралық), құлама немесе өрлеме бойынша жолақтар жатуы мүмкін.

Көмір тақталарының рациональды қазу жүйелері көмірдің минимальды жоғалымын, пайдалы қазбаны өндірудің минимальды өзіндік құнын, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейін және кен жұмыстарының қауіпсіздікті жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет.

Қазу жүйелерін таңдауға мыналар әсер етеді: тақтаның жатыс пішіні, құрылымы, қуаты және құлама бұрышы, көмірдің және жанас (вмещающих) жыныстардың қасиеттері, кен онының газдылығы және су молдылығы, көмір тақталарының тау соққысына бейімділігі, көмірдің және газдың кенеттен лақтырысы, кен жұмыстарының тереңдігі, даярлық және тазартпа жұмыстараның механикаландыру жолдары.

Тазартпа кенжардың жылжу бағыты бойынша пайдалы қазбаны тақтаның жатыс элементтері бойынша келесі варианттармен қазуға болады: жазылым бағыты бойынша ұзын бағаналы қазу жүйесі, құлама бағыты бойынша ұзын бағаналы қазу жүйесі, өрлеме бағыты бойынша ұзын бағаналы қазу жүйесі.

Тазартпа қазбасы келесі тәртіп бойынша желдетіледі:

Клеттік оқпаннан таза ауа оқпан алабына бағытталады, одан кейін күрделі квершлагқа ауысады, ары қарай магистральды штрекке беріледі, одан кейін учаскелік квершлагке бағытталып екі бремсбергке ауысады. Желдетпе бремсберг ауасы тазартпа қазбасына бағытталып ондағы шаң мен газ конвейр бремсбергінің ауасымен түйіседі, одан кейін ластанған ауа желдетпе штрекке бағытталып, одан желдетпе оқпан арқылы сыртқа, атмосфераға шығарылады.

Қауіпсіздік ережелері бойынша шақтыны желдету жер бетінде орнатылған үздіксіз әрекетті желдеткіштердің көмегімен жүзеге асырылуы тиісті. Шақтыны желдету үшін таза ауа жерасты қазбаларына ауа беретін оқпан арқылы беріледі, ал желдетпе (сорушы) оқпан бойынша ластанған ауа шақтыдан шығарылады.

Желдету схемалары келесі түрлерге бөлінеді: айдамалы (а) (таза ауа шақтыға айдамалы күйде беріледі), сормалы (b) (ластанған ауа шақтыдан сорылып шығарылады, ал таза ауа шақтыға айдала беріледі) және айдамалы-сорымалы. Газды көмір шақтыларында тек қана айдамалы желдету жүйесін қолдануға рұқсат етілген.

Шақтыларда желдетпелік қазбалардың жүйесі өте күрделі. Желдетпе ағысы бойынша тарайды немесе параллельді қазбалар бойынша тармақталады. Желдетуге қажетті ауаның мөлшері есептік жолмен анықталынады: шақтыға бөлінген газдың газдың мөлшері, жерасты қазбаларында бір мезетте жұмыс істейтін адамдардың саны, көмірдің бір тәулік ішінде қазылу шамасы және атылғыш материалдарының жұмсалуы бойынша.

Тау-кен қазбаларына ауаны тарату үшін әртүрлі желдеткіш қондырғылары қолданылады. Оларға мыналар жатады: желдетпе далдалары (перемычки), желдетпе есіктері, ауа өткелдері (кроссинги), желдетпе құбырлары.