Балалар дарындылығының ғылыми теориялық негіздемесі. Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары

Страницы работы

Фрагмент текста работы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.. 3

1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ............................................................................................................5

1.1 Балалар дарындылығының ғылыми теориялық негіздемесі…...................5

1.2 Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру. ............................................9

2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН  ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ... ...............................................................................13

2.1 Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары.. .............................13

2.2 Дарынды балаларды анықтау және зерттеу. ...............................................19

2.3 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері.................................... 24

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................33


КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі: дарындылықты тұңғыш рет ағылшын антропологы Френсис Гальтон зерттеген болатын. Ол дарындылық психологиясы тарихында үлкен еңбек сіңірді. Ф. Гальтон дарындылық − тұқым қуалайтын факторлардың нәтижесі екендігін алғаш рет дәлелдеуге тырысты. Оның «Таланттың тұқым қуалауы −оның заңдары мен нәтижелері» атты кітабы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кең таралған психологиялық еңбектердің бірі болды.Дарынды балалардың психологиясын зерттеуде француз ғалымы Альфред Биннің орны ерекше, ол тұлғаның танымдық әрекетіне сынақ жүргізген. Сонымен қатар, өте ұзақ зерттеу жүргізген АҚШ ғалымы Льюис Тердің еңбектері дарындылық психологиясында үлкен рөл атқарды. Заманауи психологияда ең кең таралғаны американдық ғалым Джозеф Рензуллидің адамның зияткерлік қабілеті, креативтілікті туралы зерттеуге арналған көптеген сынақтамаларынан тұратын тұжырымдамасы. Ғалымдардың ерте заманнан бастап жинақталаған дарындылық мәселелері туралы тәжірибелері қазіргі кезеңге дейін қолданылуда. Дарынды баланы табу оңай емес, осы күнге дейін «дарындылар» санатына жататын балаларды анықтайтын бірыңғай диагностикалау тетігі әзірленген жоқ. «Дарындылық» ұғымы − бұл жүйелі, бір немесе бірнеше әрекет түрі бойынша адамның басқа адамдармен салыстырғанда жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайтын, өмір бойы дамитын психикасының сапасы. «Дарынды бала» − белгілі бір әрекет түрлерінде табыстарымен жарқырап көрінетін, өресі биік бала. Шығармашылықты, кәсіби құзіреттілікті меңгерген педагогтың тәрбиелеу мен оқытудағы ролі ерекше. Дарындылық дегеніміз – «даралықты қажет етеді» және әр балаға жеке қарым-қатынас жасайтын дербес тәсіл табу екенін есте сақтау маңызды. Қазіргі кезеңде балалар дарындылығы, оларды анықтау мүмкіндіктері және дарынды балаларға арналған ерекше білім беру бағдарламаларын құру мәселелеріне көптеген психологтар мен педагогтар назар аударып отыр. Дарындылық – өзінің сипатына қарай сан қырлы құбылыс.Тәжірибе үшін –бұл мүмкіндіктер және сонымен қатар нақты бала дарындылығына тән неғұрлым жан-жақты көзқарастардың қажеттілігі болып табылады.

Зерттеу мақсаты: баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.

Зерттеу міндеті:

1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру. 

2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу. 

3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу. 

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: жалпы педагогика-психология  ғылымында  «дарындылық» мәселесіне  қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде.  Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы  бар,  шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық  мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам.

И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын  көрсетті. Олар:

1. Ақыл –ой деңгейінің  жоғарлығы ерте кезден байқлатын балалар.

2. Мектептің жекеленген  пәндеріне  және әр түрлі  іс-әрекетіне   қабілетті балалар

3. Қабілеттері  айқындалмаған потенциалды балалар.

Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған  тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның  қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа  біткен қасиет деген. Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық  адам баласының  даму барысында  тәрбиеге байланысты  дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім? Психологиялық педагогикалық зерттеулердің  нәтижесі бойынша  дарынды баланың  бейнесі анықталды.

Зерттеу әдістері: әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ сауалнамалар, эксперимент әдістер.

Зеттеу теориялық маңыздылығы: әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыда дарындылықты анықтау, баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтау мен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру.

Зерттеу тәжірибелік маңыздылығы: дарынды балалардың ерекшеліктері бойынша диогностикалық материалдар ендірілді.

Зерттеу болжамы: дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер – ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация, білімді, жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс болуы керек.

Зерттеу базасы: Тараз қаласы №54 орта мектеп.

Зерттеу құрылымы және көлемі: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындылаудан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Балалар дарындылығының ғылыми теориялық негіздемесі

Баланың дарындылығы өте ерте байқалады. Оның дамуының өте қарқынды кезеңі 2 жастан бастап 5 жасқа дейін. Осы жаста тұлғалық негізі қалыптасады және ол өзін көрсете бастайды. Әртүрлі салалардағы әрекеттерде ырық бермей, алғашқы ықтиярсыз

Похожие материалы

Информация о работе

Тип:
Курсовые работы
Размер файла:
81 Kb
Скачали:
0