П. К. Анохиннің қызметтік жүйе туралы ілімі, страница 2

  • Келешек әрекет нәтижесінің акцепторы-ияғни орындалатын әрекет нәтижелерін қабылдайтын және оларды күтілген нәтижелермен салыстыратын аппарат. Бұл күрделі процесс ми қыртысындағы арнайы спецификалық жеке нейрон деңгейінде жүретін эфференттік қозулар мен шеткері рецепторлық аппараттан келетін афференттік қозулардың толып жатқан аксон коллатеральдарының көмегімен конвергенцияланатындығына байланысты болады.
  • Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау үшін кері афферентация жүру керек яғни оған әрекеттің ақырғы нәтижелері туралы информация түсу керек. Кері афференттация арнайы рецепторлық каналдар арқылы іске асады. Жеткізілген әрекет нәтижесінің барлық параметрлері сол нәтиженің афференттік моделімен салыстырылады. Бұл параметрлер бір-біріне сәйкес, дәл келсе, организімнің бұл актысы аяқталады,ол енді іс-әрекеттің келесі актысы ұйымдасуға,қалыптасуға көшеді. Ал кері афферентацияда қолданған нәтиже параметірлері шешім қабылданған кезде қалыптасқан, болджамдалған нәтиже параметірлерімен сәйкес келмесе, онда “келісім бұзылу” жүреді яғни организімнің пайдалы нәтижеге қол жетпегені.
  • Унитарлық реакция - іс-әрекеттің бір актылы типі. Мұны іс-әрекеттің қарапайым интеграцияланған бірлігі деп есептеу керек. Ол жоғары нев әрекетінің жеке компоненттерін біріктіреді де біріңғай іс-әрекеттің акт түрінде көрінеді.Оның әр уақытта орындалу шаблоны болады, оған жету жолдары әр түрлі болуы мүмкін. Бұл реак-ң пластикалық сипат бар, сондықтан ол арқылы тітіркендіруге адаптациялану жүре алады. Бұл Л. В. Куршинский көзқарас. Бұның 3 компоненті бар
  • Жеке унитарлық реакциялардың интеграциялануынан іс-әрекеттің биологиялық формалары іске асады ( қоректік, бағдарлау, жыныстық, ата-аналық және ата-анаға қамқорлық т. б.) Іс-әрекеттің биологиялық формаларының құрамды бөлігі бағдарлау реакциясы болып есептеледі. Бұл биологиялық қажеттерін қамтамасыз етуге қызымет етеді.

Әр түрлі күрделіліктегі шартсыз рефлекстер десе де болады

Шартты рефлекстер

  • Инстинкт

Организімнің нақты ең адекватты реакциясын қамтамассыз етеді. Бұл да шартты рефлекске жатад

  • Үйрену

  • Пайымдау

Крушинскийдің пікірінше жануарлар элементарлық пайымдау әрекеті болады. (Компоненттері)

  • Жануардың экстраполяцияға қабілеті ( функцияны орындалған шекарадан тыс көрсету ).
  • Заттың мөлшерін ажырата білу. Ерекше назар аударатын нәрсе аталған қабілеттерді жануар тиісті затты, өзгерісті бір ақ рет ұсынудан соң-ақ байқата алады. Элементарлық пайымдау әрекеттің мүмкіні болатын механизімі жөнінде Л. В. Крушинский мынадай 5 қағиданы ұсынады.
  • Қоршаған дүние құбылыстары мен заттардың байланыстарын эмпирикалық заңдарды аңғаруды аңғарудың негізінде мидағы арнайы детектор-нейрондардың тітіркедіргіштің спецификалық қасиеттерін таңдап сезе алатындық қабілеті жатады.
  • Нейрон реакциясының спецификалығы оның генетиқалық аппаратының онтогенез барысында ашылатын активтігімен анықталады.
  • Мидағы нейрондар санның молдығы-қоршаған дүниенің алуан түрлігін қабылдау және ондағы күрделі өзара әрекеттесулер мен байланысты негізде жатқан заңдарды аңғарудың қажетті шарты.
  • Орталық жеке элементтерін және олардың арасындағы қатынастарды қабылдау үшін нейрондар функциональдық констелляцияға,топқа бірігу керек.
  • Бұл констелляцияларды таңдау сананың қатысуына жүреді, ал тітіркендіргіштің биологиялық маңызын бағалау эмоцияның көмегімен іске асады.

Ес

Кері афферентация

Жағдай аффер

Нәтиже параметрлері

әрекет нәтижесі акцепторы әрекет бағдарламасы

іске қосушы стимул

Шешім қабылдау

Әрекет нәтижелері

Жағдай аффер

әрекет

Доминанттық мотивация

Афференттік синтез

Эфференттік қозу

Функционалдық жүйенің оздігінен реттелу механизімінің схемасы (П. К. Анохин бойынша)

Қорытынды

Әрине, жануарда элементарлық пайымдаушылық жоқ деуге болмайды. Дегенімен оны рефректорлық теория тұрғысынан түсіндіруге болмайды деген пікірмен дауласуға болмайды. Бұған дейінгі айтылғанның бәрі жеткілікті дәлел болса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • А. Н. Кабанов. Физиология человека и животных. Москва, 1963г
  • Аубакирова,Құлжанова, Джангозина: Адам жануарлар физилолгиясының үлкен практикумына арналған оқу құралы.
  • И. Төленбек. Нерв жүйесінің физиологиясы.,
  • Адам мен жануарлар физиологиясы . Алматы Білім. 2002ж
  • Сәтбаев, Нілдібаева, Өтепбергенов: Адам физиологиясы.

Назар аударғандарыңызға рахмет!