ТӘҚ құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету

Страницы работы

15 страниц (Word-файл)

Фрагмент текста работы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

          КА және ЕҚ          кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«ТӘҚ құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету» бойынша

Тақырып                      «Темір ұстасы»                                     

(баға)

Комиссия мүшелері                          Қабылдаған:     доцент т.ғ.к.                                                          

                          Сапарова.Г.К.                         

Орындаған: БЖД-13-1 тобының

                  Нұрмағанбет Н.                 

Қарағанды 2016

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

«БЕКІТЕМІН»

Факультет Тау-кен                                      Каф. меңгерушісі __________

Кафедра      КА ж ЕҚ                                   «___»______________201_ ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

ТӘҚ құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету пәні бойынша

Студент              БЖД-13-1               тобының           Нұрмағамбет Н.                           

_____________

Тақырыбы«Темір ұстасы»                                                    

____________

Негізгі мәлеметтер                  әдістемелік нұсқау бойынша                                                

_____________

Тапсырма берілді «___» ___________2016 ж.

Жетекші:        Сапарова Г.К.                      қолы_____________

Студент:         Нұрмағамбет Н.                   қолы_____________

 
 


Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                    4

1 Темір ұстасы                                                                                                                    5

2 Темір ұстасын қаңылтырмен жұмыс істеу кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру                                                                                                                                           6

3 Ұста  жұмыс құралдары                                                                                                                    7

4 Қорғану құралдары                                                                                 12

Қорытынды                                                                                                                  14

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                                                                                  15

Кіріспе

Байырғы қазақ қоғамында ұстаның орны ерекше болған. Ұсталар бақсылар сияқты тылсымның тілін білетін, жоғарымен ұғысатын қасиетті жаратылыс ретінде сипатталады. Олар тіпті дүкендерінде емшілікпен де айналысқан. Арғы қазақтың нанымында ұсталар жылан Бапы ханнан бата алған. Ол жерасты әлемінің билеушісі.

Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салттың ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен шендесіп жатыр. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыз жер қойнауының құпиясын ашып, оның бар асылын пайдалана білген. Тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, сан-алуан әсемдік әшекейлерді, қару-жарақтарды жасаған. Бұл кәсіп атадан балаға мұра боп қалып, бізге дейін үзілмей жалғасып келе жатқан ұсталық және зергерлік кәсіпті қалыптастырған.

Ұсталық, зергерлік кәсіп орта ғасырға қарай қазақтар арасында айрықша қарқын алған. Мұның өзі көшпелілерді мұздай қару-жарақ, ер-тұрман, үй мүліктерінің алуан түрлерінің дүниеге келуіне себепші болды. Жалпы, ұсталық кәсіпті түркі тектес халықтар «киелі өнер» деп санаған. Темірді балшықша илеп, одан түйін түйетін шеберлердің атын атамай «Ұста» деп әспеттесе, ұстаның жұмыс орны «ұстахана» деп аталған. Ұстахананы «қасиетті орын» – деп түсінді. Ұстаның қолынан шыққан тұтыну заттарын аялап, ерекше қастерлеп күтіп ұстаған.

Ұста ағаш көмірі, сексеуіл шоғы арқылы темірді қыздырып, балқытып алған соң, соғып, құйып қажетті заттарды жасай білген. Қаралау, бұрау, түйіндеу, қалыптау, ширатпалау, шегендеу, алтынмен аптап, күміспен күптеу тәсілдерін меңгерген

Х1Х ғасырдың екінші жартысында күнделікті тұрмыстық тұтыну бұйымдары, еңбек құралдары, ат әбзелдерін т.б. жасай бастаған. Кеткеніміз оралып, жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанып, тәуелсіздік шапағаты төгілген осынау кезеңде, егемендігіміздің еңселі жылдарының жарқын бір жемісі –мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының жасалып, жүзеге аса бастауы. Оның мақсаты – халқымыздың бірегей ұлттық мәдениетін, мәдени құндылықтарын іздеп, тауып, зерттеп әлемге әйгілеу. Бұл әлемде теңдесі жоқ әлеуметтік жоба.


1 Темір ұстасы

Ұста — шебер, ісмер адам. Түрлі материалдардан тұрмысқа, күнделікті өмірге қажетті заттар, бұйымдар жасаған. Ұстаның негізгі құралдары: көрік, төс, ерітетін ожау, балғалар, көсеу, бұрғы, қашау, егеу, шеге, сым, қалыптар. Ұста қалыпта құю, соғу, шегендеу, қара бағдар қондыру, зер жүргізу, сіркелеу сияқты тәсілдерді қолданған. Қазақстан аумағындағы ұсталық өнер қола дәуіріненбастап кеңінен дамыған. Жасайтын материалына не бұйымына қарай дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталар мүйізші, ерші, тоқушы (шыбық тоқушы), ағаш оюшы, сазгер, майдагер, мыскер, балғашы, таспашы, бәдізші, темірші, т.б. болып бөлінген. Көпшілік ұсталар ұсталықтың бірнеше түрін меңгерген. Халық арасындағы мәліметтерге қарағанда ұсталықпен бастапқыда бақсылар айналысқан. “Тәңірдің өзі жіберген іс істеуші адамдар” деп оларға халық аса құрметпен қараған. Темірші ұсталар өз ісіне кірісер алдында малсойып, қан жағу, сүт шашу сияқты жоралғыларды жасап отырған және рухани тазалыққа мән берген. Ұсталар темірді төске басар кезде “менің қолым емес, Тәңірдің қолы” деп табынған. Мұнда “мен жасағам” деген менмендіктен арылу, сақтану бар. Жаугершілік заманда темірші ұста мен берен ұста өнері батырлықпен бірдей бағаланған. Себебі олар әрбір жауынгерге ең кемі бес қаруын, сауыт-дулығасын, т.б. қажетті заттарын тез арада дайындап беріп отырған. Ерші ұстаның қолынан шыққан ер-тұрмандар бірнеше малға бағаланған. Ұлттық сазаспаптарын жасайтын белгілі сазгер ұсталардың да туындыларын қазақ сал-серілері арнайы алдыртқан, тапсырыс берген. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұсталық киелі кәсіп ретінде бағаланған. Ұста дүкенін, көрігін, құрал-саймандарын да киелі санаған. Ұсталық кәсіп ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады.

Металды қолмен және механикалық түрде өңдеу.

Металды қолмен өңдеу слесарьлық үстелінде орындалады. Шебер үстелі металдан,ағаштан жасалған тіреуіш,слесарьлық қысқыштар бекітілген қақтақ және қорғаныс қалқанынан тұрады. Слесарьлық қысқыштар өңделетін дайындамаларды бекітуге арналады.


2 Темір ұстасын қаңылтырмен жұмыс істеу кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру

Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері:

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки;

2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан;

3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр;

4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама;

5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме;

6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның  ұнтағына аса мұқият бол;

7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын;

8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол;

9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінші қолыңды соғып алма;

10. Балға мен бедерлегішті (шекігішті) дұрыс ұста.

Темір ұстасының аспабы (нем. Schlosser) — түйіндік және жалпылай құрастыру кезінде машина бөлшектерін бір-біріне жалғастыру және қиюластыру жұмыстарында пайдаланылатын құрал-жабдықтар. Машина элементтерін жалғастыру үшін қол және механикаландырылған

Похожие материалы

Информация о работе