Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәліметтері. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметтің есебі

Страницы работы

49 страниц (Word-файл)

Фрагмент текста работы

Жоспар

 Кіріспе                                                                                                                             

1. Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәліметтері.                         5

1.1.Сыртқы сауда қызметінің түсінігі                                                          9

1.2.Шетелдік валюталармен жасалатын операциялар                              13

1.3. Хеджерлеу                                                                                              12

   2. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметтің есебі                      16

2.1 Тауарды импорттау және экспорттау бойынша жасалатын

 Операциялар есебі                                                                                       16

2.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі                                          19

2.3 Толлинг операциялар есебі                                                                   22

2.4 Франчайзинг бойынша жасалатын операциялар есебі                       24

3. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет

 бойынша  мәселелер және оны шешу жолдары                                       31

3.1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет

бойынша мәселелер                                                                                     31

3.2. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет

 бойынша мәселелерді шешу жолдары                                                      41

Қорытынды                                                                                                   43

Пайдаланылған әдебиеттер                                                                         45

Қосымша                                                                                                       46

         Кіріспе

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы  сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі  сыртқы  саудаға байланысты. Дүниежүзілік  экономикадан  оқшауланып , ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика  жасай алған жоқ».

Осы тақырыпты таңдағаным  Қазақстан Республикасындағы кәсіпкер-лікпен айналысатын   әр-түрлі меншік нысанындағы  ұйымдардың  сыртқа саудамен байланысты шаруашылық операциялардың  бухгалтерлік есебін  жүргізу тәртібімен, шетел валютасымен жасалатын операциялардың есепке алынуын,құжатпен ресімделуін   тереңірек зерттеу .

Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сырт қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастарды дамыту әрбір кәсіпкер үшін   қазіргі заманның талабы болуда.

Қазақстан өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғалы бері өзінің экономикасын дамыту үстінде. Ол үшін еліміздің шекаралары ашылып, еркін сауда қарым — қатынастары орнатылуда. Елімізге шетел қаржысы, яғни инвестициялар, ірі шетел компаниялар мен банктердің инвестициялары жобаларды дамыту үстінде. Әр жыл сайын еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев өз халқына экономикалық әлеументтік аспектілерге қатысты жолдауын ұсынады. Оның басты мақсаты «Қазақстан 2030» стратегиясын орындауға алғы шарттар жасау. Бұл 2030 — дағы стратегиялық жоспарда мемлекетімізді нарықтық экономикаға көшіру мен еліміздің әл — ауқатын дамыту, тұрғындардың әлеументтік жағдайын жақсарту көзделген. Бұл мақсаттарға жету үшін мемлекетіміз көп шаралар қолдануда. Соның бірі сыртқы экономикалық қызметті дамыту. Бұл жерде оның тек ұлттық валютада ғана емес, сондай — ақ шетелдік валютада  да ресурстарды қалыптастыру көзделген. Ең көп көңіл бөлінетініміз ол — экспорт пен импорт.

Экспорт — дайын өнімді, шикізатты, тауарларды және т.б. мемлекеттерге шығарып сату.

Импорт — басқа мемлекеттерден әкелінетін тауарлар мен өнімдер.

Өнімдердің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты. Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түтсі металдарға, мұнайға, отынға және шала фабрикаттар тиіп отыр. Біздің  мемлекетімізге импортталатын тауарлар өте көп. Бірақ олардың барлығы арнайы тексерулерден өткізіліп, белгілі салық мөлшерін төлеп (ҚҚС, акциз, БАЖ салығы, кеден алымдары мен салымдары және т.б.), арнайы бухгалтерлік құжаттар толтырылады (Накладной,консаменттер, шот- фактура, техникалық құжаттар).

Бұл операциялар тек қана ұлттық валютада ғана емес, сонымен қатар шетел валютасында өткізілуі мүмкін.

Мұндай операцияларға: шетел валютасымен берілген немесе алынған несиелер, шетелдік валютаға алынған тауарлар, өнімдер және т.б жатады. Біз оларды есептеу үшін бас шоттар жоспарында көрсетілген «шетелдік валюта мен ақша қаражаттарын есептеуге арналған» мына шоттарды қолданамыз. Олар 1050, 1020 субшоттары 1250,5020,3310 т.б. яғни біз мұндай операцияларды бөліп көрсетеміз. Бірақ операцияларың барлығы ұлттық валютада көрсетіледі.

Осы   «Сыртқы экономикалық қызмет есебі» атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдерін толықтай қарастырылып, негізгі 2 бөлімге бөлінді. Яғни сыртқы  экономикалық  қызметтің  мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдарын нақты көрсетіп , осыған байланысты шаруашылық әрекеттерін   құжатпен рәсімдеу, бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу, валюта бағамдары  айырмаларын  есепте көрсету ,кедендік алым салықтарды тауардың өзіндік құнына қосу жайлы  нақты  шоттар корреспонденциялары  келтіріп ,  ұйымның  сыртқы сауда жөніндегі шетелдік контрагенттермен қаржылық қарым қатынастарының бухгалтерлік есебін жүргізудің  мәні ашылады.

Курс жұмысын жазу барысында  халықаралық қарым қатынастарды реттейтін бірқатар заңнамалық-нормативтік актілермен таныстым.

1. Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәліметтері.

1.1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың  басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

- валюталық саясат.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттер

Похожие материалы

Информация о работе

Тип:
Курсовые работы
Размер файла:
89 Kb
Скачали:
0