Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Ерболды Аймарал
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:п.ғ.магистрі,
аға оқытушы Алиева Д.А.
Қостанай, 2017 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. Қатысымдық бағыт – қазақ тілін оқытудың тиімді жолы
1.1Қазақ тілін оқытудағы қатысымдық бағыт тиімділігі.....................................4
1.2 Қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуі...................................................................9
II. Жіктік жалғауын оқытудың маңызы
2.1 Жіктік жалғауының өзіндік ерекшеліктерін таныту....................................17
2.2 Жалғауларды оқытудың тиімді жолдары......................................................20
III. ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................23
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................25
V. ҚОСЫМША....................................................................................................26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Қазақ тілінде грамматикалық формаларға жалғаулар да жатады. Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Қазақ тіліндегі төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары және сол мағыналарына орай арнаулы грамматикалық формалары бар. Сол себептен олар өз алдына категория деп танылып, әрқайсысы бас- басына септеу категориясы, көптеу, тәуелдеу, жіктеу категориясы делініп есептеледі.
Жіктік жалғау- қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады. Жіктік жалғау есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Баяндауышқа тән жалғау.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Оқыту барысында жіктік жалғауының қызметін оқытуда берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отыуы, оқушының білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілуін жіктік жалғауын оқытудың қатысымдық бағытта оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктерін анықтау. Негізгі мақсатты орындау үшін мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды.
-Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу;
-Оқушыларға жіктік жалғауы тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау ;
-Оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау.
Курстық жұмыстың нысаны: Қатысымдық бағытта оқыту технологиясы тақырыбында жазылған мақалалар негізгі материал ретінде пайдаланылды. «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқаулықтар, И. Ұйықбаевтың «Қазақ тілі методикасының мәселелері» оқулығы пайдаланылды.
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Қатысымдылық бағытта оқыту технологиясының тиімділігі сараланады. Қазақ тілі сабағында жіктік жалғауын қатысымдық бағыт арқылы оқытудың жолдары талданады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері. Курстық жұмыстың негізгі әдіс-тәсілдері – баяндау, қажетті мәліметтерді саралау, ұғымдарды жинақтау, пікірлерді қорыту,түрлі экпериенттер арқылы, ғылыми тұрғыда талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Қатысымдық бағыт – қазақ тілін оқытудың тиімді жолы
1.1. Қазақ тілін оқытуда қатысымдық бағыттың тиімділігі
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде «коммуникатив» деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық- әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
Тілді үйретуге қатысты әдісті сөз еткенде, арнайы қарастырылуға тиісті мәселенің бірі- қатысым әдісі.
Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің алғаш ғылыми негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі», - деген анықтама береді [1, 8].
Қатысымдық әдісті зерттеу орыс және шет тілдерін оқыту әдістемелерінде бірсыпыра жетістіктерге жеткенін атап өтуге болады. Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық әдіс туралы мәселені арнайы қарастырған тілші-әдіскер – Е.И.Пассов. Ол қатысымдық әдісті сөз етпестен бұрын, жалпы оқыту әдісіне тән бірнеше белгілерді бөліп шығарады. Мұндай белгілер мыналар:
1. Әрбір оқыту әдісі бір мақсатқа жетудің құрамы болып табылады. Қатысымдық бағыттың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.
2. Әдіс оқыту процесіндегі тактиканы емес, стратегияны анықтайды, сондықтан да ол оқытудың шартына тәуелді болмайды.
3. Оқыту әдісінің аумағы өте кең, сондықтан сөйлеу әрекетінің қай түрінде болсын оқытудың барлық жақтары қамтылады.
4. Әдісте барлық қағидалардың басын біріктіретін ең басты, негізгі идея болады. Басты идея методолгоиялық рөл атқара келіп, әдістің жүзеге асуы барлық мәселелердің басын біріктіреді.
Қатысымдық бағыт әуел баста тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей, көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, бірте-бірте оқыту мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды.
Қатысымдық әдістің сипаты: Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады; Ана тілі мүлдем қолданылмайды; Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі; Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады; Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады[1, 10-12].
Қатысымдық әдістің сипаты:
1.Тіл үйренуші клиент ретінде, ал оқытушы кеңесші ретінде ұйымдастырылады;
2.Ана тілі мүлдем қолданылмайды;
3.Грамматика мен лексикалық минимум индуктивті түрде беріледі;
4.Тіл үйренушілер мәтінді таспаға жазып, қайта тыңдап, негізгі таспамен салыстыра отырып, айтылым дағдысын қалыптастырады;
5.Белсенді өзара әрекет жаттығулары қолданылады.
Жүргізу тәсілдері:
1.Таспада жазылған мәтінмен коммуникацияға түсу;
2.Тәжірибені қайта жаңғырту;
3.Тіл үйренушінің дыбыстауын таспаға жазып, қайта тыңдау;
4.Оқытушы-компьютер өзара байланысы;
5.Топтық, жұптық жағдаяттық тапсырмалар.
Қатысымдық бағыттағы оқу үдерісіне басты қатысушылар – оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы - тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші – қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі. Олардың арасындағы субъект-субъектілік қатынастар ынтымақтастыққа және тең құқықты сөйлеу серіктестігіне негізделеді. Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы – оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуы тиіс.
Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы – оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуы тиіс. Қатысым уәждемесінің қалыптасу жолдары:
1. Үйренетін тілде телебеғдарламалар көру, радиобағдарламалар тыңдау, оларды талдау;
2. Көркем әдебиет оқу, оқығаны туралы әңгімелесу;
3. Сол тілдің атақты өкілдерімен кездесу, әңгімелесу;
4. Сол тілде ғана сөйлеуге арналған жазғы лагерлер ұйымдастыру;
5. Оқу үдерісін жеделдету;
6. Жүйелі бақылау және проблемалармен жұмыс жүргізу;
7. Интерактивті оқыту әдістерін қолдану;
8. Оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу [1, 30-35].
Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, Е.И.Пассовтың пікірі бойынша, қатысымдық әдістің ішкі мәні, басты мазмұны оның принциптерін айқындауға байланысты шешілмек. Ол мұндай принциптердің бес түрін атап көрсетеді: «1.Сөйлеу-ойлау белсенділігі ұстанымы; Жекешелендіру ұстанымы; 3.Функционалдық ұстанымы; 4.Жағдаят ұстанымы; 5.Жаңашылдық ұстанымы».
Аталған принциптердің қай-қайсысы да қатысымдық әдістің нақтылы ерекшеліктерін көрсетеді. Әдістемелік қағидалардың жиынтығы бұл мәселенің күрделі екенін аңғарта келе, барлық белгілер мен принциптерді бір-бірімен ұштастыра, тығыз бірлікте жұмсамаса, әдістің тиімділігі азаятындығын байқатады.
Қатысымдық әдіске тән жоғарыда атап өтілген принциптердің маңызын жоққа шығаруға болмайды. Олар- шет тілін немесе екінші тілдерді жүйесінде кеңінен етек алған және соңғы жылдары көп сөз бола бастаған орыс тілі мен шет тілін оқытуда тиімді болғанымен генеоологиялық түбірі бөлек қазақ тілін үйретудің өзіндік ерекшеліктері бар[2, 28 ].
Қазақ тілін қатысымдық әдіспен оқыту жүйесінде айқындала бастаған мынадай принциптерді атап көрсетуге болады:
1. Тіке байланыс.
2. Адамның жеке қабілетін ескеру.
3. Сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау.
4. Сатылап даму.
5. Динамикалық өзгеру.
6. Өзектілік.
Қазақ тілін үйретуде қатысымдық әдісті пайдаланудың ең тиімді жолы- оныңтіке байланысқа негізделіп, адам мен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында.
Тіке байланыс принципі бойынша оқыту процесі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сөйлесуі, өзара қарым-қатынасы арқылы болады. Бұл- қатысымдылық әдіс арқылы ғана жүзеге асатын ерекшелік. Өйткені тілдік қатынастың өзі адамзаттың бір-бірімен тікелей қарым-қатынасына, пікірлесуіне, сөйлесуіне негізделген. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты- бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы мүмкіндігінше жиі болуы. Сонымен қатар сабақ жүргізу аудиторияда, одан тыс жерлерде және қандай жағдайда болсын біржақты (тек оқушы арқылы, не оқытушының жеке өзі арқылы болмайды) емес, тек екі жақтан бірдей болатын (оқушы мен оқытушының, үйренуші мен үйретушінің қатар іс-әрекеті арқылы) қатынас арқылы болады. Рас, кейде ол байланыс қосымша түрде болуы мүмкін. Мысалы, берілген тапсырмалар арқылы, өз бетінше жұмыс істеу арқылы, бірақ бәрібір екі жақтан болатын іс-әрекеттің нәтижесі жүзеге асады.
Адамның жеке қабілетін ескеру жөніндегі принцип тіке байланыс
Уважаемый посетитель!
Чтобы распечатать файл, скачайте его (в формате Word).
Ссылка на скачивание - внизу страницы.