Тақырыбы:В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары

Страницы работы

Содержание работы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Көп тілді білім беру институты

Шет тілі: екі шет тілі

«Қорғауға жіберілді»

«     » _____, 2017 жыл, №___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., проф.

_______________

Курстық  жұмыс

Тақырыбы:В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары

6M011900  – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы

Орындаған:                  

І курс магистранты                                                                     

Ғылыми жетекшісі:

Ф.ғ.к., аға оқытушы                                                                 

Алматы, 2017

В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I.  Сөйлеу әрекеттері

II.  Оқылым – сөйлеу әрекеттерінің маңыздысының бірі ретінде

2.1 Оқылымды үйрету  үрдісіндегі төрт маңызды құрамдас бөлік

2.2 Оқылымға үйретудің мақсаты мен мазмұны

2.3 Оқылым барысында кездесетін қиындықтар

2.4 Оқылым түрлері

III.  В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдары

3.1 Оқылымға үйрету технологиялары

     3.2 Оқылымға үйретудің әдістері

     3.3 Мәтінмен жұмыс істеу сатылары

Қорытынды бөлім

Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам өмірінде оқу мен білімнің маңызы өте зор екені белгілі жай. Әр адам өз білімін әр түрлі жолмен жетілдіретіні де, өзіне ұнаған, жаны қалаған білім түрімен тереңірек айналысытаны да жасырын емес. Сол сияқты шетел тілдерін меңгеріп, игеру, тілді өзге тіл ретінде оқып білуге ұмтылатындар да бар және оны үйреніп меңгерудің сан тарау жолдары бар екені де көпке аян. Тілді өзге тіл ретінде оқытуда басты орынды үйреніп жатқан тіл ерекшелігі мен өзгешілігін үйреніп – меңгеруде ықпал ететін сөйлеу әрекетінің маңыздыларының бірі оқылым болып табылады. Қазіргі таңда шет тілін оқыту процесінде оқылымды үйрету өзекті мәнге ие. Себебі оқылым эмоционалдық әсер ету, коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік міндеттерді атқарады. Оқылым – бұл сөйлеу әрекетінің жазбаша қарым-қатынас орнататын  ең маңызды түрі екендігі анық. Шет тіліндегі мәтіндерді оқу студенттерді шынайы өмір мазмұнын, шынайы өмірлік жағдаяттарды танып білуге, оқып – түсінуге мүмкіндік жасайды. Мәтіндерді студенттер оқи отыра, өз елін, тілін үйреніп жатқан елмен салыстырып, сын елегінен өткізіп, ой өрісін дамытып, терең жан – жақты білім алып, рухани, саяси – идеялық тұрғыдан тәрбиелеуіне мүмкіндік алады.

Оқылымға үйрету процесі тұлғаны қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Себебі, оқу арқылы студенттер интеллектуалдық және рухани тұрғыдан дами түседі. Сонымен қатар,  оқу арқылы  студенттер жаңа лексикамен танысып,  грамматикалық дағдыларын қалыптастырады.

Оқылым сөйлеу әрекетінің рецептивті түрі болып саналады. Себебі,оқылым ақпаратты түсіну және қабылдаумен  байланысты.

Шет тілі мұғалімдері студенттерді мәтіндерді оқып, түсіну және түсінігін айтуға үйрету міндеттерін алға қоюлары қажет. Оқылымға үйрету барысында студенттер қызығушылықтарында ескерген жөн.  Алайда, практика жүзінде студенттер арасында оқуға деген қызығушылық төмен екенін көреміз. Шет тілінде сөйлеу әрекеттерінің түрлерін Пассов Е.И. , Селевко Г. К. , Выготский Л.С. , Щерба Л.В.  және тағы басқа ғалым – педагогтар зерттегені белгілі. Алайда, В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдарын зерттегендер саны көп емес.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

–       Тақырыпқа байланысты жазылған шетелдік және отандық авторлардың еңбектерін оқып, зерттеу.

–        В2, С1 деңгейлерінде оқылым түрлерін оқытудың тиімді жолдарынтәжірибе арқылы тексеру.

–        Оқылымды үйрету барысында тиімді әдістерді анықтау.

Осы келтірілген себептерге байланысты, еңбектің негізгі міндеті оқылым түрлеріне үйретудің маңыздылығын айқындап, тиімді жолдарын ұсыну болып табылады.

Негізгі бөлім

I. Бөлім

Сөйлеу әрекеттері

Адамдар өзара сөйлесу, түсінісу, пікір білдіру үшін адам өміріндегі күрделі үдеріс – тілдік қатынасқа түседі. Тілдік қатынастың маңыздылығына ғалым А.Байтұрсынов былайша тоқталған: “Тіл – адамның адамдық белгілерінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді”.

Өмірде алуан түрлі құбылыстар бар. Олар: табиғат құбылыстар мен қоғамдық құбылыстар болып екіге бөлінеді. Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарынан орын алады. Ол – қыр-сыры мол, күрделі құбылыс.

Жоғарыдағы пікірлерден тілдік қатынастың адам өміріндегі мағыздылығын көреміз.

Тілдік қатынасқа түсу үшін белгілі бір сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемді қолданамыз. Осылайша, адам тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіреді. Демек, тілдік бірліктердің сыртқа шығып, қолданыста жүзеге асып, адамдар арасында қарым-қатынас жасауда көрініс табу формасын сөйлеу деп айтамыз. Сөйлеу – ойдың тілдік құралдар арқылы сыртқа шығуы.

Похожие материалы

Информация о работе